Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Ата - анамен жұмыс
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

«Ақмарал» балабақшасы

(Тренинг)

Тақырыбы:«Отбасы – тәрбие бастауы»

Жүргізген тәрбиеші:Тлеулина Нұрғаным

Қаңтар. 2015 жыл.

Мақсаты:Ата-ананың тәрбие мәселесіндегі психологиялық құзыреттілігін артты-рып,баламен тиімді қарым –қатынас орната білу қабілетін дамыту,ата-ананы оқу –тәрбие жұмыстарына қатыстыра отырып, серіктестікке тарту

Көрнекілігі: Түсті шарлар, буклет, слайд, видео, ойындар, сұрақтар топтамасы

Қымбатты ата- аналар! Бүгінгі балабақша мен отбасы арасындағы бірлескен

«Тәрбие басы отбасынан» атты тренингке қош келдіңіздер!

(Залға музыка ойнатып, көңілді орта туғызу)

1.«Танысу» тренингі

Мақсаты: топта жақсы қарым –қатынас туғызу үшін,қолайлы орта туғызу,танысу

Ата –аналар өздерінің есімдерін , баласының есімін айтып өзге ұлт өкілдерінше қи-

мылмен амандасады. Менің атым- Шолпан. Қызым- Аягөз.Үнділерше қимылмен

амандасады.

2.«Көңіл- күй» түсі

Бүгінгі көңіл –күйіңізді қандай түспен бейнелейсіз? Әр қатысушы өзінің көңіл –күйі-

нің түсін таңдап алады. Қатысушылардың бүгінгі жиынға қандай көңіл- күймен кел-

гендігін проектордан көрсету.Сары түс – өзін де ,басқаны да қуантып жүретін адам-

дар.Көкбайсалдылық, қанағаттанушылық белгісі, қонақжай адамдар. Ақ– мейірімді

адамдар.Қызыл – алдына мақсат қойса, соған жетпей тынбайтын, жігерлі адамдар.

Жасыл- жүрген ортасында белсенді адамдар. Қара–« ішімдегіні тап» - деп отыратын тұйық мінезді адамдар.

3.Психологиялық қарым- қатынас үйлесімділігі

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек,-

дегендей баланың ыстық – суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз- ертеңгі ана,

ол шешеге қарап өседі. Демек, балаға тәрбие беру, яғни отбасынан басталады.

1.-Ал үйде сізде бала тәрбиесіне кім көбірек көңіл бөледі – деп ойлайсыз?

2.Қазіргі заманның өмір талабына байланысты көптеген ата*-аналар балаларын «қай-

тсем бағамын» деген мақсатпен бала тәрбиесіне көңілдерін өте аз бөлуде. Осы тұрғы-

да не айтар едіңіз? Мәселен, таңертеңнен кешке дейін базарда тұрған ата-ана, кешке

үйіне шаршап барғанда баласының қойған сұрағына да жауап беруге шамасы кел-

меуі мүмкін.

3.Баламның бойынан мені ренжітеді, не қуантады?

4.Үйде балаңызбен қандай ойындар ойнайсыз?

5.Сүйікті ойыншығы?

6.Отбасыңыздағы қызықты оқиғаны әңгімеле

7.«Отбасы бақыты» дегенді қалай түсінесіз?

4. «Балалардың көзімен» атты видео топтаманы тыңдап, талқылау

5.Ситуациялық сұрақтар

а)Балаңыз сіздің ең қымбат затыңызды сындырып алды, сіздің әрекетіңіз

б)Балаңыздың тәртібінен көп ескертпе аласыз, сіздің әрекетіңіз

в)Балабақшадан балаңыз басқа баланың ойыншығын алып келді, сіздің әрекетіңіз

г)Сіз асығыс қонаққа жиналдыңыз, балаңыз ертегі оқып беруді өтінді не істейсіз?

6.Балалармен бірлесе топтық жұмыстар жүргізу (балаларды залға шақыру)

«Менің жанұям» буклет дайындау ( балалар өз отбасы туралы әңгімелейді)

7.«Ата –анаңды қолынан таны»

Мақсаты:ата-анамен бала арасындағы махаббатты сезіну.Көзі байланған бала,анасы-

ның қолдарын сипап- сезу арқылы танып білу

8.Ойын: «Жанұя шашуы»

Баласы шар түсін таңдайды, ата-ана шарды жарып,сұраққа жауап береді және тапсырманы орындайды

А) Балаңыздың туған күні, қоянның қимылын салыңыз

Б) Балаңыздың сүйікті тағамы

В) Балаңыздың сізді шектен шығып тыңдамаған кездегі ашуыңызды көрсетіңіз

Г) Қоянның қимылын салыңыз

Д) Балаңызды еркелетіңіз

Ж) Балаңыз балабақшаға неше жасында келді?

Таңертеңгі балабақшаға жиналуын көрсетіңіз, қандай жылы сөздер айтасыз?

З) Балаңыздың сүйікті мултьфильмін атаңыз, аюдың қимылын салыңыз

И) Балаңыздың ең жақын досы кім?

К)Бала тәрбиесіндегі ойыңыз жұбайыңызбен бір жерден шыға ма?

М) Қандай ертегілерді балаңызға айтып жүрсіз?

9. «Жан жүрек сыры» Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар! Ол тірі емес дүрсілдемейді. Біз оған қазір жан береміз. Қатысушыларға қағаздан жасалған жүрекшелерді беріп, оған балаларына қандай жылы сөздер айтады,соны жазу тапсырылады

(айналайын, ботам, жұлдызым, құндызым, қонжығым т.б.)

Қалай ойлайсыздар, Жүрегіміз жанданды ма? Неліктен? Міне ,ең бастысы сүйе білу керек, жылылық, мейірімділік керек. Сондықтан әр уақытта балаңыздың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ата –аналар қолымыздағы алтынымызды жақсылап

тәрбиелейік, біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық! Әр отбасының жылулығы түсінісуден, денсаулықтан, махаббаттан, сыйластықтан құралады дей отырып бүгінгі тәрибелік шарамызды аяқтаймыз. Ән:« Бала тілегі»

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ