Қазақ атаулының күлмісіне таныс
«Темірқазық» ғылым тілінде кіші аюдағы α жұлдызы. Арабша-орысша сөздіктен Құтыб
арабша аты, қазақ, қырғыз, түркі тілдес халықтарда бәрі де оны Темірқазық деп
атайды.
Киіз үйлі қазақтың киіз үйін
ұшырмай, дауылға жықтырмай, көгендегі қозыны, желідегі құлынды, арқандаулы атты
ұстап тұратын мықты қазықтың керектігі соншама еді. Елдің ой-өрісінде, салт-санасында
ол бекем орнықты. Ақындар да оның адастырмайтынын, мызғымайтынын сипаттады.
Сондай ақындардың ақындық сөздердің мысалдары
мынадай:
Темірқазық аумаса,
Бас
бұршақтай жаумаса,
Ағаң
бір келер өлмесе.
(Ауыз әдебиетінен).
Қазақ мифологиясындаТемірқазық пен жетіқарақшы туралы ертегі айтылады.
Аңыз бойынша ТемірқазықТәңірінің құдіретіменаспанға қағылған ат
байлайтын алтын қазық болып, ол дүниенің кіндігі есептеледі. Оған Ақбозат пен
Көкбозат арқандаулы тұрады, олар түнімен Темірқазықты айнала оттап жүреді. Ал,
шөміш пішінді Жетіқарақшы болса олардың соңынан аңдиды да жүреді. Негізі
Темірқазықты төңіректеп әр түні бір айналып шығатынЖетіқарақшы (Үлкен аю шоқжұлдызы, ондағы жеті жұлдыз
Үлкен аюα、β、γ、δ、ε、ζ жәнеη жұлдыздары) және Қара құрт (Кассиопея
шоқжұлдызы, W әрібіне ұқсайтын, Темірқазықтың бір шетінде Жетіқарақшыға қарсы
орналасқан бес жұлдыз) шоқжұлдыздары орналасқан.
Түн жақтан
қолын былғап Темірқазық,
Аймағын
қалмасын деп жолдан азып.
С. Торайғыров.
«Темірқазық аумаса...» дегеннің өзі өткір сөз,
бұл қатерлі, ұзақ жолдан аман қайтудың серті, адаспай келудің шарты сияқты.
Мүмкін, аласапыран, жорық кездерінде көп айтылған сөздің мәтелі болса керек.
Темірқазықтың астрономиялық бақылау үшін де маңызы бар.
«Аспанның тап ортасы
Темірқазық...» дегендей адам дүниедегі тамаша қисынды заңдылықтарды бірте-бірте
шешіп, табиғаттың сырын өлеңге қоса бастады. Тіпті, көзбен көріп отырып,
халықтың Темірқазықты ерекше қастерлейтінін де көруге болады.
Темірқазық
жастанбай,
Қу толағай
бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?- деп Махамбет ел үшін азап
шеккен ерлердің ауыр михнатын 5-6 сөзбен келістіре суреттеп, мән -мағынасын
ашып береді. Мұндағы “Темірқазық жастану” — сол жұлдызы самсыған түнде
батырлардың далаға түнеуі мағынасын береді. Ондайда адам басы бейне қу толағай
секілді қатып қалады дегенді айтса керек.
Қағулы
сырықтар арқылы Темірқазықты анықтау.
Түн келеді Күн кеткен соң қараңғылау,
Аспанда Ай,
жұлдыздың бәрі айналды,
Жалғыз-ақ
Темірқазық тапжылмайды- ау,
Күн батып, Ай
жұлдыздың айналуы,
Шыныңда дөңгеленген Жер жүріс-ау,
деген жолдардан аспан денелерінің басқа сыр-сипатын
оқымаса да топшылап, дұрыс түсініп, оны
сырлы сөздермен ұқсатып айтып бергенге таң қаласың. Ұзақ баяндауды
тілейтін осы жәйтті, ақын бір-ақ ауыз шумаққа ықшамдап сыйғызып тұр.
Адассаң темірқазыққа
бақ –деген мақалдан да осыны білуге болады. Темірқазық
- аспанның солтүстік жиегіне орналасқан, кіші аю шоқ жұлдызындағы ең жарық
жұлдыз. Бүкіл жұлдыздардың ішінде тұрған орнынан ауып кетпегендіктен ол осылай
аталған. Қазақ халқы қараңғы түнде адасып кетпеу үшін Темірқазыққа қарап
бағытын анықтап отырған.
Зерттеуімді, тақырыбымды аша түсу
үшін аспан шырақтарының ең халық арасында түсінік мол қалыптасқан тұстарын ашып
көрсетіп отырмын, өйткені әрбір жұлдыздың да өзіндік ерекшелігі бар, әрқайсының
өзі бір-бір зерттеу, бір-бір ғылыми жұмыс болары сөзсіз.
Темірқазық, Шолпан, Үркер,
Айлардың қазақ халқының күнделікті тіршілігіне етене айналғаны соншалық, тіпті
күнім, айым, жұлдызым деп еркелету, жақсы көру ұғымдарына еріп кетті. Оны «Күн ортақ, Ай ортақ, жақсы ортақ»- деген
мақал да дәлелдей алады.
Астрономияда айдың ұштарын «Ай мүйізі» деп атайды, ал қазақ халқы еш
уақытта айға апарып мүйізді орналастырмайды,
айдың мүйізі деп айтпайды. Керісінше, Ай мүйізді қошқарым, Ай мүйізді ақ серкем
деп өзгеше ықыласпен айтады, мадақтайды. Ай мен Күнге байланысты аңыз да халық
арасында кеңінен тараған. Ондай Ай бетіндегі даңққа байланысты дерек айтылады,
осыған қарап халық тек қа-на тамсанып қоймай, оның ерекшеліктерін де байқап
ауыз әдебиетіне қосқан тәрізді. Әлі бұл аңыз ертегіде аллегориялық форма
кеңінен көрінеді. Яғни айды күннен кем көрмеген тәрізді, өйткені мұны ай десе
аузы, күн десе көзі бар деген теңеулер немесе Айгүл, Айсұлу, Айжарық деген
ай... түбірлі аттардың ел арасына көп тарап кеткендігін еске түсірсек те
жеткілікті. Шоқан Уәлиханов өзінің бір еңбегінде (156 бет) тіпті қазақтар айды
бұрын «құдай» тұтқан болу керек дейді. Оған «ай» көргенде бата қылу, айға
тағзым ету, тәжім ету т.б. ырымдары (ересектер адамдар арасында көп ұшырасады)
дәлел. Мына төмендегі мысалдарға тоқталып өтейік:
1.
Айдан аман сақта,
Айлардың
айында,
Жылдардың
жылында,
Жаңа ай
жарылқа,
Ескі ай
есірке.
2.
Туған айдай қылып
жарылқа,
Шыққан
күндей қылып жарылқа.
Басты алсаң
бауырды бүтін қыл,
Отыңа
оралтпа, суыңа сүрінтпе,
Келесі ай,
келесі жылға аман қыла гөр.
3.
Бұл туған ай
Нәсіпті ай
бола гөр,
Халыққа
тынышты
Ай бола
гөр...
4.
Ай көрдік, аман көрдік,
Ат басындай
гауһар көрдік,
Келер ай,
келер жылдардан аман сақта!
5.
Жаңа айдан жақсылық,
Ауырлығым
жерде, жеңілдігім менде.
Бұл тілек - баталардан айға деген
ерекше ықыласты көруге болады.
Осы кезеңде ақындар сұлулардың өздерін осы 15-інде толған
аймен, ал олардың қастарын жаңа туған аймен салыстырады.
1.
Жалғыз
қызы Гүлбаршын,
Он
бесте туған ай еді.
(Алпамыс).
2. Толған айдай толықсып,
Ақ сазандай булықсып,
Буралып
кетіп барады,
Неше алуан қылықсып.
(Қыз Жібек).
3. Сары белден сарғайып таң атады,
Бидай өңді аққура түнғатады.
Қайтып шыдар ер жігіт таң
атқанша,
Толған айдай толықсып қыз жатады.
(Халық әні).
4. Туған айдай иілген,
Екі қастың арасы.
(Қыз Жібек).
Бұл поэзиялық шығармалардан халықтың аспан
денелерін күнделікті қолдарына ұстап көріп, біліп қойғандай жеткізеді.
Жоғарыда
келтірген мақалдың тағы бір түрі:
Жақсы Ай мен Күндей,
Жарығы әлемге бірдей.
Айдың жарығы төңірегіне түседі,өзіне түспейді .