Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов

К і р і с п е б ө л і м і

Өмірде кез келген нәрсенің сыры салыстыру арқылы анықталды. (Олай дейтінім, адам ертеден табиғат сырын білуді арман еткен!) Соның ішінде аспан ғылымының тарихы ғасырлар түкпірінен басталады. Аспан ғылымы деп сөз етуім менің бүгінгі ғылыми жұмысымда осы аспан ғылымын біздің, қазақ халқының ауыз әдебиетімен байланысын зерттеп жеткізгім келеді.

Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысып, аспан астында аттың жалында түйенің қолында өмір сүріп келген халықтардың бірі. Халықтың ертедегі тағдыры малға, ал малдың тағдыры шөбі шүйгін, суы мол жайылымға байланысты болған.

Қазақ халқы да ертеде көшпенді халықтардың бірі, көшпенділерді ертеде «Жеті жұт» күйзелтіп отырғаны белгілі, сол тәрізді Мысыр халқын дарияның тасуы күйзелтіп отырған. Неге «Мысыр» туралы оның ертедегі өмірі жаппай туындалып отыр, себебі аспан ғылымының алғашқы отаны - Мысыр елі. Ніл өзенінің тасуы мысырлықтарды үнемі күйзеліске ұшыратып, халқын қинатып отырды.

Кейін Мысыр абыздары өзеннің «Сүмбіле» жұлдызы туған кезде таситынын аңғарды. Осыдан «Сүмбіле» (Сириус) календары жасалып, астрономиялық білімдер қорлана бастады. Астрономия ғылымы тек математиканың жәрдемімен дами алады. Осыған сәйкес Ф.Энгельстің «Табиғат диалектикасы» (Москва, 1946жыл) атты еңбегінен үзіндіні дәлел ретінде келтіре кеткім келеді.

«Жаратылыстанудың жеке салаларының жүйелі дамуын зерттеп білу қажет.

Әуелі астрономия, ал мал өсіретін және егін салатын халықтарға тіпті жыл мезгілдерін айыру үшін - ақ сөзсіз қажет деп түйеді...»

Ендеше ежелден мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының да астроно-мияда белгілі үлесі болуы керек. Астрономия кейін ежелгі Вавилон, Үндістан, Қытай, Греция, Орта Азия елдерінде жойыла бастап, гректер жүйеге келтіріп ғылым ретінде қалыптастырды. Бертін келе астрономиядағы қазақтың үлесі туралы физика-математика ғылымының кандидаты Әбишев Хасен зерттеген болатын.

Қазақстанның ежелгі тайпалары Күн мен Айдың қозғалысын, көптеген жұлдыз-дардың туатын және бататын кезеңдерін, көрінетін орындарын жақсы білген. Бұл білімдері атадан балаға мирас болып, халық ауыз әдебиетінен орын алған. Яғни Сәкен тілімен айтқан:

«Қарттардың баян қылған әңгімесін

Естіген кейінгілер жаттап алған».

Астрономияға байланысты аңыздар, ертегілер, жырлар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер өте көп, халық ауыз әдебиетінде ұшан- теңіз.

Ақындардың өлеңдерін оқып отырсақ «алтын Күн, күміс Ай, маржан Жұлдызды» жырға қоспаған бірде-бір ақын жоқ.

Қазақ халқы ежелгі түркі тайпаларының жұрағаты екені мәлім. Түркілердің астрономиядан білімі болғаны бізге тарихи деректерден белгілі. Мысалы, ерте кезден мүшел календарын қолдану, жеті қарақшы, Үркер, Темірқазық тағы да басқалары бізге сол түркілерден қалған. Түркілердің жазба ескерткіштерінде жұлдыз аттары жиі кездеседі. Оларды жұлдызды бақылап жүретін абыздар «жұлдызшылар» деп аталған. Археологтардың Орталық Қазақстандағы Жаңғабабыл өзенінің бойынан VIII-Xғасырларда жерленген жұлдызшының зиратындағы жұлдыз белгілерінің, табылуға түркі халықтарының аса құнды ескерткіштерінің бірі - «Құтты білік» Жүсіп Баласағұнидің еңбегіндегі V тараудағы «дүниенің төрт элементі, жеті планета және зодиактың 12 шоқжұлдызы» 14-тарауындағы астрономия туралы қосымшалар, деректерге дәлел.

Тіпті: Әт- Түрки мен оның баласы Ғабдұл- Хасен (ІХғ), Ғаббас Жауһари (ІХғ), Әбу Насыр Әл- Фараби (870-950жж), Тарағи Ұлықбек (1384-1449жж) тағы да басқа ғалымдарды айта кетуге болады.

Кейін түркі халықтары, солардың ішінде қазақтар да, Орта Азияның ұлы ғұламалары: Мұхаммед Хорезми (780-850жж), Әбурайхан Бируни (972-1050жж), Омар Хайям (1048-1131жж), Жәмшид Кәмидің (1385-1456жж) астрономия ғылымдарымен таныс болды. Алайда қазақ халқының астроно-миялық білімдері ұзақ уақыт ғалымдардың назарынан тыс қалып келді, елеулі еңбектерді жоқтың қасы деп атауға болады. Бұл сырды зерттеуді өткен ғасырдың орта шенінен халқымыздың ұлы перзенті Ш.Уәлиханов бастады. Халық санасына сіңген үйреншікті ұғымдардың ғылыми астрономиямен ұштасып жатқандығын байқады. Құлаққа таныс бұл ұғымдар тыңдаушының жүрегіне жылы тиіп, түсініктірек болады. Мысалы, Венераға ракета ұшты дегеннен гөрі Шолпанға ұшты деген бұқара халыққа түсініктірек. Яғни мал қамы үшін ғасырлар бойы халқымыз жұлдыздардың туып-батуын, қозғалысын бақылап «есептеп отырғанын, пайымдағанын» поэзиялық формада тұжырымдап халықтық астрономия жасады.

«Аңыздар мен өлеңдер өмірі өшпейтін асыл заттар... бұлардан бұқара халықтың үні, тарихтың әуені естіледі», дейді Анри Барбюс.

Астрономиялық білімді халықтың бұл жөніндегі өзінің замандар бойы қалыптасқан түсінігін Темірқазық, Үркер сияқты жұлдыздарға қойған аттары мен олардың ауыз әдебиетімізде кездесуін айта кетуге болады.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Н е г і з г і б ө л і м і

Енді, астрономия мен халық ауыз әдебиетінің байланысы қазақ әдебиетінде қай тұста көрінеді, осыған тоқталайық.

Аспан шырақтары туралы әңгімелер т.б. әлеуметтік өмірдің қажеттерімен жұптаса туындайды. Алдымен Абай атамыздың шығармалары арқылы түсіндіруден бастасақ: Өте жақсы көретін ұлы Әбдірахман өлгенде, баласының қысқа ғұмырын былай бейнелейді:

Құйрықты жұлдыз секілді,

Туды да, көп тұрмады...

Көрген, білген өкінді,

Мін тағар жан болмады.

Қандай тамаша дәл теңеу! Шыңында да құйрықты жұлдыз өзге жұлдыздардан ерекше жарқырап шығады, бірақ өзі тез алыстап кетеді де, аспан шеңберінде көзге көп көрініп тұрмайды.

Мал ішінде өскен қазақтың атқа мініп, құрық ұстап, жылқы күзетпегені бар ма? Міне, жалынды ақын Қасым Аманжолов:

«Қызылжал», «Қаракемер», «Қызбел», «Құсаң»,

Баурында жылқым бұлттай жатыр бусап,

Өргізгей гүрілдеген көп өзенге,

Жарқырап маңдайымнан Шолпан туса-ақ

деген өлең жолдары арқылы Шолпанның таң ата туатынын көрсетеді.

Осы арада халықтың толып жатқан ауыз әдебиетінен, өте ескі уақыттағы жоқтау жырынан да үзінді келтіре кетсем:

Таудан асқан сұңқарым,

Топтан асқан тұлпарым,

Бұланай таудың ар жағы,

Бұлттан шыққан Шолпаным- дейді.

Мында нені ерекше айта кетуге болады.

Халықтың ең жақсы көретін адамын, жер жүзіне нұр шашып, қараңғылықты сырып келе жатқан Күннің хабаршысы сұлу Шолпанмен теңеуі заңды.

Қазақ халқы: Таң атар, Таңды Шолпан оятар деп жиі айтады. Себебі Шолпанның өзгеден бөлек жарқыраған алып жұлдыз екені белгілі, жарығы кішігірім Айдай. Анықтап қарағанда «Шолпан Айдың қызы» деген еріксіз еске түседі.

Қазақта, ел аузында «Күн мен Ай» үзеңгілес жүретін болса, Шолпан мен Ай тетелес келеді.

Оны халық ауыз әдебиетіндегі халық поэзиясының үлгілерін талдап қарасақ, Шолпанды мадақтау, асқан сұлуларды Ай мен Шолпанға теңеу жиі ұшырайтынын көреміз. Дастанның басты кейіпкерлері әрі ақылды, әрі пысық тетелес екі сұлу: Айман мен Шолпан болды.

imageimage Ай

image Шолпан

Енді, Шолпанның сипаттарын поэзиялық лебіздерден естігеніміз жөн болар:

Үлкен Айдың жорығы, Шолпан қызы,

Қауыспенен қатады Сырдың мұзы,

Жамалыңа қарасам жан жетпейді,

Бір келбетің ұқсайды қырдың қызы.

(Ел аузынан).

Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,

Шолпандай таң алдында жалғыз туған.

(Халық әнінен).

Таң мезгілі болғанда,

Шолпанның туған жұлдызы...

(Қыз Жібек).

Таң сарғайтып атқанда,

Шолпан жұлдыз батқанда...

Таң Шолпаны батқанда,

Қызарып Күн шыққанда.

(Қобыланды).

Жоғарыдағы келтірілген үзіндіден халық поэзиясын, астрономияның, қазақ халқының өмірінің біте қайналып жатқанын көреміз. Аспан әлемінің құбылысына қазақ халқының әлеуметтік өмірінің тікелей қатысы болғандықтан тіпті қазақ халқының әрбір адамын ақын, астроном ба деп қаласың. Менің талдау, зерттеуім арқылы халықтың көктегі мен жеріндегі пайымдағанын, оны халық ауыз әдебиеті мен поэзиямен ұшталып жатқанын жеткізу.

Мысалдар келтіретін болсақ поэзиялық шығарма өз алдына, афоризмдер өз алдына. Аспан шырақтары жайындағы өлең, ертегі, аңыздардың тағы бір бағалы жері олардың сюжетінде, табиғат сырын, өзгерісін сипаттайтын сырлы сөздерінде тілімізден табылады және Лингвистикалық түрлері бірнеше.

Елу жылда ел жаңа,

Жүз жылда- қазан,-

деп бір түрінде айтылмай, екінші бірінде:

Елу жылда ел жаңа,

Жүз жылда жер жаңа. немесе,

Қырық жылда қазан жаңа –делінеді.

Сонымен қатар, сыртқы форма жағынан алып қарағанда фольклор түрінде тараған қазақтың астрономиялық ұғымдарында әсемдік, поэзиялық сарын күшті.

Көркем аңыздардағы ішкі қисын да мығым. Ашық, жылы түндерде сұлу табиғаттың ортасында жүрген адамның поэзияға киелі көңілі көкті шарлап, сайраған жұлдыздардың түрін, қозғалыстарын абайлап, олардың ішкі қиялмен батырларды сұлу әйелдерді, мергендерді, қарақшыларды, жүйрік аттарды, арқарларды тауып, қисындырып сюжет ойлап шығарады. Аспан денелері жайындағы әңгімелердің сюжеті жердегі адамның өзіне таныс тұрмысының айнасы.

Методология тұрғысынан алып қарағанда, бағалағанда еліміздің аспан шырақтары жайындағы фольклорының өте-мөте құндылығы оның қай жанрында болса да аспан денелері және олардың поэзиялық формада ғылыми шыңдыққа сәйкес суреттелуінде.

Фольклордың мазмұны реалистік бағытта болып, оның қай жанрында болса да практикалық өмірге керекті қай мезгілде, қандай жұлдыздар аспанның қай жерінде болады деген маңызды мәселені шешеді.

Мысалы, Ертек аңыздарда Жетіқарақшы, Ақбозат, Көкбозат жұлдыздарының батпайтынын, олардың Темірқазықты айнала қозғалып жүретінін аңғарамыз.

Қазақ ертегілері бойынша Жетіқарақшы жәнеТемірқазыққа қатысты екі ертегі сақталған.

Біріншісі: Тәңірі өз аттарын Темірқазыққа байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық жұлдыз сол Ақбозат пен Көкбозат есептеледі. Темірқазыққа арқандалған тұлпарларды ұрлау үшін жеті қарақшы жылқыны торуылдап, жайылған жылқының соңынан қуалап баспалап айналып жүреді. Бірақ әр күні таң атып кетіп олар қапы қалып отырады.

Екіншісі: Осыдан көп заман бұрын аспан әлемінде ағайынды жеті жігіт өмір сүріпті. Өздерінің ауызбіршілігі мықты, күшті, сотқарлықпен аты шығып жүріпті. Күндердің күнінде ағайындылардың бірі Үркер шоқжұлдызының Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып, ұрлап кетіпті. Сол әрекетінен кейін оларды басқалар Жетіқарақшы атап кетіпті. Қыздарын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркеліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді, жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Қуып жеткенде олардың қырғын соғысынан ақырзаман болады дейді, аңыз. Ең жарқырап тұрғаны қарақшылардың атаманы, жанында көмескіленіп тұрғаны сол Үлпілдек ару екен. Шын мәнінде зер салып байқап қарасақ, Жетіқарақшының сабы жағынан қарасыңыз Екінші әлде үшінші жұлдыздың түбінен әлсіз жарықты жұлдызды көресіз. Одан соң аспан әлемінің екеуі екі қарама қарсы тұсынан туса да таң бозарғанда бір-біріне өте жақындап қалады,

Бәлкім, көптеген халықтарда жеті санының қастерлі болуы, әсіресе, апта санауының жеті күнді негіз етуі осы жеті жұлдыздан құралған Жетіқарақшыға қатысты болса керек.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Қазақ атаулының күлмісіне таныс «Темірқазық» ғылым тілінде кіші аюдағы α жұлдызы. Арабша-орысша сөздіктен Құтыб арабша аты, қазақ, қырғыз, түркі тілдес халықтарда бәрі де оны Темірқазық деп атайды.

Киіз үйлі қазақтың киіз үйін ұшырмай, дауылға жықтырмай, көгендегі қозыны, желідегі құлынды, арқандаулы атты ұстап тұратын мықты қазықтың керектігі соншама еді. Елдің ой-өрісінде, салт-санасында ол бекем орнықты. Ақындар да оның адастырмайтынын, мызғымайтынын сипаттады.

Сондай ақындардың ақындық сөздердің мысалдары мынадай:

Темірқазық аумаса,

Бас бұршақтай жаумаса,

Ағаң бір келер өлмесе.

(Ауыз әдебиетінен).

Қазақ мифологиясындаТемірқазық пен жетіқарақшы туралы ертегі айтылады. Аңыз бойынша ТемірқазықТәңірінің құдіретіменаспанға қағылған ат байлайтын алтын қазық болып, ол дүниенің кіндігі есептеледі. Оған Ақбозат пен Көкбозат арқандаулы тұрады, олар түнімен Темірқазықты айнала оттап жүреді. Ал, шөміш пішінді Жетіқарақшы болса олардың соңынан аңдиды да жүреді. Негізі Темірқазықты төңіректеп әр түні бір айналып шығатынЖетіқарақшы (Үлкен аю шоқжұлдызы, ондағы жеті жұлдыз Үлкен аюα、β、γ、δ、ε、ζ жәнеη жұлдыздары) және Қара құрт (Кассиопея шоқжұлдызы, W әрібіне ұқсайтын, Темірқазықтың бір шетінде Жетіқарақшыға қарсы орналасқан бес жұлдыз) шоқжұлдыздары орналасқан.

Түн жақтан қолын былғап Темірқазық,

Аймағын қалмасын деп жолдан азып.

С. Торайғыров.

«Темірқазық аумаса...» дегеннің өзі өткір сөз, бұл қатерлі, ұзақ жолдан аман қайтудың серті, адаспай келудің шарты сияқты. Мүмкін, аласапыран, жорық кездерінде көп айтылған сөздің мәтелі болса керек. Темірқазықтың астрономиялық бақылау үшін де маңызы бар.

«Аспанның тап ортасы Темірқазық...» дегендей адам дүниедегі тамаша қисынды заңдылықтарды бірте-бірте шешіп, табиғаттың сырын өлеңге қоса бастады. Тіпті, көзбен көріп отырып, халықтың Темірқазықты ерекше қастерлейтінін де көруге болады.

Темірқазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай,

Ерлердің ісі бітер ме?- деп Махамбет ел үшін азап шеккен ерлердің ауыр михнатын 5-6 сөзбен келістіре суреттеп, мән -мағынасын ашып береді. Мұндағы “Темірқазық жастану” — сол жұлдызы самсыған түнде батырлардың далаға түнеуі мағынасын береді. Ондайда адам басы бейне қу толағай секілді қатып қалады дегенді айтса керек.

Қағулы сырықтар арқылы Темірқазықты анықтау.

Түн келеді Күн кеткен соң қараңғылау,

Аспанда Ай, жұлдыздың бәрі айналды,

Жалғыз-ақ Темірқазық тапжылмайды- ау,

Күн батып, Ай жұлдыздың айналуы,

Шыныңда дөңгеленген Жер жүріс-ау,

деген жолдардан аспан денелерінің басқа сыр-сипатын оқымаса да топшылап, дұрыс түсініп, оны сырлы сөздермен ұқсатып айтып бергенге таң қаласың. Ұзақ баяндауды тілейтін осы жәйтті, ақын бір-ақ ауыз шумаққа ықшамдап сыйғызып тұр.

Адассаң темірқазыққа бақ –деген мақалдан да осыны білуге болады. Темірқазық - аспанның солтүстік жиегіне орналасқан, кіші аю шоқ жұлдызындағы ең жарық жұлдыз. Бүкіл жұлдыздардың ішінде тұрған орнынан ауып кетпегендіктен ол осылай аталған. Қазақ халқы қараңғы түнде адасып кетпеу үшін Темірқазыққа қарап бағытын анықтап отырған.

Зерттеуімді, тақырыбымды аша түсу үшін аспан шырақтарының ең халық арасында түсінік мол қалыптасқан тұстарын ашып көрсетіп отырмын, өйткені әрбір жұлдыздың да өзіндік ерекшелігі бар, әрқайсының өзі бір-бір зерттеу, бір-бір ғылыми жұмыс болары сөзсіз.

Темірқазық, Шолпан, Үркер, Айлардың қазақ халқының күнделікті тіршілігіне етене айналғаны соншалық, тіпті күнім, айым, жұлдызым деп еркелету, жақсы көру ұғымдарына еріп кетті. Оны «Күн ортақ, Ай ортақ, жақсы ортақ»- деген мақал да дәлелдей алады.

Астрономияда айдың ұштарын «Ай мүйізі» деп атайды, ал қазақ халқы еш уақытта айға апарып мүйізді орналастырмайды, айдың мүйізі деп айтпайды. Керісінше, Ай мүйізді қошқарым, Ай мүйізді ақ серкем деп өзгеше ықыласпен айтады, мадақтайды. Ай мен Күнге байланысты аңыз да халық арасында кеңінен тараған. Ондай Ай бетіндегі даңққа байланысты дерек айтылады, осыған қарап халық тек қа-на тамсанып қоймай, оның ерекшеліктерін де байқап ауыз әдебиетіне қосқан тәрізді. Әлі бұл аңыз ертегіде аллегориялық форма кеңінен көрінеді. Яғни айды күннен кем көрмеген тәрізді, өйткені мұны ай десе аузы, күн десе көзі бар деген теңеулер немесе Айгүл, Айсұлу, Айжарық деген ай... түбірлі аттардың ел арасына көп тарап кеткендігін еске түсірсек те жеткілікті. Шоқан Уәлиханов өзінің бір еңбегінде (156 бет) тіпті қазақтар айды бұрын «құдай» тұтқан болу керек дейді. Оған «ай» көргенде бата қылу, айға тағзым ету, тәжім ету т.б. ырымдары (ересектер адамдар арасында көп ұшырасады) дәлел. Мына төмендегі мысалдарға тоқталып өтейік:

1. Айдан аман сақта,

Айлардың айында,

Жылдардың жылында,

Жаңа ай жарылқа,

Ескі ай есірке.

2. Туған айдай қылып жарылқа,

Шыққан күндей қылып жарылқа.

Басты алсаң бауырды бүтін қыл,

Отыңа оралтпа, суыңа сүрінтпе,

Келесі ай, келесі жылға аман қыла гөр.

3. Бұл туған ай

Нәсіпті ай бола гөр,

Халыққа тынышты

Ай бола гөр...

4. Ай көрдік, аман көрдік,

Ат басындай гауһар көрдік,

Келер ай, келер жылдардан аман сақта!

5. Жаңа айдан жақсылық,

Ауырлығым жерде, жеңілдігім менде.

Бұл тілек - баталардан айға деген ерекше ықыласты көруге болады.

Осы кезеңде ақындар сұлулардың өздерін осы 15-інде толған аймен, ал олардың қастарын жаңа туған аймен салыстырады.

1. Жалғыз қызы Гүлбаршын,

Он бесте туған ай еді.

(Алпамыс).

2. Толған айдай толықсып,

Ақ сазандай булықсып,

Буралып кетіп барады,

Неше алуан қылықсып.

(Қыз Жібек).

3. Сары белден сарғайып таң атады,

Бидай өңді аққура түнғатады.

Қайтып шыдар ер жігіт таң атқанша,

Толған айдай толықсып қыз жатады.

(Халық әні).

4. Туған айдай иілген,

Екі қастың арасы.

(Қыз Жібек).

Бұл поэзиялық шығармалардан халықтың аспан денелерін күнделікті қолдарына ұстап көріп, біліп қойғандай жеткізеді.

Жоғарыда келтірген мақалдың тағы бір түрі:

Жақсы Ай мен Күндей,

Жарығы әлемге бірдей.

Айдың жарығы төңірегіне түседі,өзіне түспейді .

ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Бұл мақалдардан мін таба алмайсың, Ай мен Күнді қазақ халық ауыз әдебиетінде мақалда да, поэзия шығармасында сұлулыққа теңейтіні белгілі. Алайда, Күн мен Айды алғысқа да, қарғысқа да жаратқан тәрізді. Оған мына бір сөздерді келтіруге болады:

«Күннің шығуымен, Айдың батуымен, Күн күнептпей, түн түнептпей, құмдай батыр, судай сіңір» немесе, «Күн сөнбей сөнбе», «Ай жарқырап күн болмас», «Атқан таңдай, шыққан Күндей, туған Айдай етіп әр нәрсеге қолыңды жеткіз», «Ашылатын күн айқұлақтанып батады», «Айдың шалқалап туғаны,боран - шашынның болғаны»,т.б. Осыдан-ақ халықтың жақсыны, жаманды халық көріп қана қоймай, оны сезіммен жеткізе бергені байқалады.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ