Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Атырау облысы.

Индер ауданы, Индербор кенті.

МКҚК "Балдаурен" бөбекжайы.

Психолог:

Жалгасбаева Анель Курмановна.

«Бала құзыреттілігін дамытуда балабақша психологының рөлі»

Мақсаты:

1.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік құзыреттілігін дамыту.

2.Коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру,балалардың бір-бірімен,психологпен ,тәрбиешімен әрекеттесуге талпынысын жандандыру.

3.«Құм терапиясы» арқылы балалардың танымдық,психикалық процестерін дамыту.

Міндеті:

Мектепке дейінгі балалардың ойын дағдылары мен шығармашылығын тренинг пен ойындар арқылы,балалардың дамытушы шығармашылық қабілеттері арқылы шыңдау;

Өзара әрекеттестікте серіктесін естіп,түсіне алатын,өз денесі мен сөзін игере алатын қарым-қатынасқа тез түсетін баланы дамытуға және өзіндік шығармашылығын іске асыруға жағдай жасау;

Әрбір баланың әлемді тануына және тұлғаның өзін-өзі тануына түрткі болатын дамытушы,танымдық ойындарды белсенді қолдану,бала құзыреттілігін дамыту.

Қ. Р.Президенті Н.Назарбаев «Қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын ізгіленген 21-ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген , жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру- біздің басты мақсатымыз»-деп өзінің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында тұжырым жасады.Қазіргі өскелең талап бойынша әрбір оқу пәні бойынша білім, білік және дағдыны игеру бала құзіреттілігі үшін жеткіліксіз,жеке тұлғаның қалыптасуында ең тиімді жол жаңа тұлғаны қамтитын, қабілет, білім, икем, дағды, тәжірибе көзқарас болып табылады.

Құзыреттілік- оқу нәтижесінде меңгерген білім мен дағдыны тәжірибеде қолдана алу,яғни бала дайындығының сапасын сипаттайтын жаңа сапалық белгісі.Білім берудің негізгі нәтижесі ретінде жеке тұлғада төмендегі құзыреттіліктер болуы тиіс.

-Құндылықтарды бағалау құзыреттілігі

-Коммуникативті

-Мәдениеттану

-Оқу-танымдық

-Әлеуметтік еңбек

-Тұлғаның өзін-өзі дамыту

-Ақпараттық технологиялық

1.Құндылықтарды бағалау құзыреттілігі-жаңа қоғам өмірінде өз рөлін таба білу біліктілігі,азаматтық белсенділік Отанының патриоты болу.

2.Мәдениеттану құзыреттілігі –өз халқының және әлем елдерінің мәдениетін білу,бағалау,түсіну жалпы адамзаттың,мәдениеттің жетістіктері мен этномәдени құбылыстарды тану.

3.Оқу-танымдық құзыреттілігі-баланың әрекетімен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Қарапайым эксперименттік іс-әрекетті ұйымдастыруды қарастырады.

4.Коммуникативті құзыреттілік-адамдармен өзара іс-әрекет және қарым-қатынас жасау тәсілдерін білу, қарым-қатынас ортасының кеңеюіне жағдай жасау.

5.Ақпараттық-технологиялық құзыреттілігі өз бетінше іздей білу,талдау,таңдап алып өзгерте білу,ақпараттық технологияны игеру.

6.Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі-жанұяда, еңбекте саяси, қоғамдық ,азаматтық тәжірибе мен білімге ие болу. Әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасап,шешім қабылдай білу.

7.Тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттілігі-өзіндік қадір-қасиет сезімін ұйымдастыра білу, бала мүмкіндігін нақты даму жоспарларымен салыстыра білу.

Құзыреттілік бала төрт жасында әлеуметтік құзыреттіліктің белгілі деңгейіне жетеді,басқа адамға қызығушылығын білдіреді,оған сенеді,ересектермен және құрдастармен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен байланыс орнату үшін қатынасудың тілдік және тілдік емес (көзқарас,ым,ишара) тәсілдерін қолданады.

Интеллектуалдық құзыреттілік баланың қоршаған әлемді танып-білу мақсатында әрекеттері сұрақтар қойып,белсенді қызығушылық танытуынан көрінеді. Ол әртүрлі тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшеліктеріне (түсі, пішіні,көлемі, құрылымы)қызметіне қарай қолданып байқайды.Ана тілін меңгеру негізгі грамматикалық категориялар және сөйлеу тілі сөздіктерін қолданумен сипатталады.Мектепке дейінгі кіші жаста екінші тілді меңгеру баланың тікелей қабылдауымен,өзге тілді адамдармен ашық қарым-қатынас жасаумен байланысты.

Мектеп жасына дейінгі бала оған екінші тілді білу не үшін керек екенін түсінбейді.Балалардың мотивациясы осында және қазір ұстанымы бойынша әрекет етеді,яғни бала алыс мақсат қоймайды.Сондықтан екінші тілді меңгеру процесі баланың тұлғалық,танымдық,ойын іс-әрекеті қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында құрылады.Осы мақсатта қарым-қатынас баланың тілдік ортаға тікелей қатысуымен жүргізілуі керек.Бірлескен іс-әрекет қуану, ересектермен,құрдастармен ынтымақтасу,қарым-қатынасына қанағаттану негізінде қалыптасады.

Балалардың тілдік құзыреттілігін дамытуда көңіл бөлу керек.Атап айтқанда берілген тақырып көлемінде оқу,сөйлеу,жазу және тыңдап түсінуде мәдениетаралық қарым-қатынас құруға жаттықтыру.Сабақ барысында тілдік құзыреттілікті дамыту балалардың лексико-грамматикалық білімдерін тақырып бойынша ұсынылған жағдайларда қолдану арқылы іске асады.Балалардың бойында коммуникативті құзыреттілікті қалыптастырып,дамыту үшін тақырыпқа сай ойындар ойнау,қойылымдар әзірлеу,тапсырмаларды орындатуға болады.Жалпы коммуникативті құзыреттілікті дамытуда рөлдік ойындардың орны ерекше,себебі ойын балалардың бір-бірімен,психологпен,тәрбиешімен әрекеттесуге деген талпынысын жандандырады және әңгімелесу барысында теңдік шартын тудыру арқылы тәрбиеші мен бала арасындағы дәстүрлі кедергіні жояды.Ойын өз-өзіне сенімсіз,ұялшақ балаларға сөйлеу арқылы сенімсіздік кедергісін жоюға көмектеседі.Ойын арқылы балалар әңгімені бастау,оған ілесу,қолдау,әңгімелесушінің сөзін бөлу,оның ойымен келісу немесе келіспеу,сұрақтар қою сияқты қарым-қатынас элементтерін меңгереді.Рөлдік ойын сезімтал болуды үйретеді.

-Ойын арқылы баланың қисынды ойлау қабілеті дамиды.

-Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді.

-Сөздік қоры баийды,тілі дамиды.

-Зейіні қалыптасады.

-Байқампаздығы артады.

-Өзара сыйластыққа үйретеді.

-Ойынның ережесін бұзбау, яғни тәртіптілікке баулиды.

-Бір-біріне деген сенімі артады.

-Сабаққа қызығушылығы артады.

Жалпы ойын балалардың танымдық мүддесінің қалыптасуына жағымды әсер етеді және олар бала бойындағы дербестік, талапшылдық сияқты қасиеттерді дамытып ұжымшылдық сезімін тәрбиелейді.

Мектепке дейінгі балалардың құзыреттілігін дамыту барысында «Құм терапиясын» қолданудың маңызы:Бала өзі жайлы,қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулды орта қалыптастырады және танымдық,психикалық процестерді дамытады ол түйсік,есті,зейінді,қиялды,кеңістік түсінікті қолдарының ұсақ моторикасын дамытады.Құм терапиясы арқылы баланың қандай құзыреттіліктері дамиды.

-Шығармашылық

-Танымдық

-Интеллектуалдық

-Қарым-қатынас

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың танымдық құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін ойындардан мысал келтірсек,Ханзада орманда келе жатты,Көгалда ойын жаттығуларын ойнауға болады.

Құм терапиясын қолданудың әдіс-тәсілдері:

1.Әңгімелесу

2.Түрлі-түсті құммен сурет салу

3.Танымдық ойындар

4.Коммуникативті ойындар

5.Пікірталастар.

Құм терапиясының маңыздылығы:

-Сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.

-Іште туындаған қиын жағдайларды,шығармашылық потенциалдарын босатады.

Сонымен,мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігі қоршаған орта туралы білімі,сенсорлық мәдениеті,олардың қолдану біліктілігі,дағдысы және тәжірибесінің жиынтығы.Дегенмен,мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігінің қалыптасу ерекшелігі зерттелуі күрделі мәселе болып табылады.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ