Отан
Бұл заманға жеткізген отаным
Қаншама жылда бойы
Елін қорғап найза сермеген отаным
Жері үшін
Олардың өзі өлседе, аты өлмейді
Елі үшін қанша адамдар құрбан шалған
Желтоқсанның көтерілісінде қаншама өлді жастар
Сол адамдарға шексіз менің алғысым
Ел басы тарихы
Бабалар ішінде
Батырлар тобы
Қабанбай ,Бөгенбай, Арыстан баба
Әйтеке би,Төле би, Қазібек би
Арыстан ауызды қабылан батыр
Бабалар,билер,батырлар
Елін жерін қоғап терлеген
Сол үшін бабалар,батырлар,билер
Алғыс білдіремін
22 наурыз
Қарсаламыз бәріміз 22 наурызды
Ұлыстың ұлы күнін де,
Теңеле ді ай мен күн,
Суық түнді қояды,
Күн нұрына тояды
Ашық аспан аппақ бұлт
Тұра берсе шіркін ай
Есбердинова Нәзерке
Менің аннам мейірімді ,
Келбеті бар сүйкімді
Аналарды қорғайық
Мәңгілікке бағайық
Жеңісбек Дамир
Айналайын анашым
Мәпелеп баласын
Бестік алған кезімде
Бір марқайып қаласың
Нұржанқызы Аружан
Әлдилеп бізді өсірдің,
Анашым саған мың алғыс
Тербетіп әнің бесігін
Мәпелейсіз сіз бізді
Карибай Құаныш Арыстанұлы
Аман сау жүр анашым!
Өзің бар да анашым,
Құанамын күлемін
Асыр салып жүремін
Құанғаным күлгенім
Ақ сүтіңнің арқасы
Түн ұйқыңды төрт бөліп
Қанатыңды қақтырмай ,
Тұмсықтыға шоқтырмай
Тәрбиеңіздің арқасы
Ұзақ өмір сүре бер
Перзентіңіз жаныңда
Аман сау жүр анашым!
Күрзенбаева Аружан
Ана деген- Өте нәзік болады
Ана деген -Жүректің бір бөлігі
Ана деген -Бәйтерегі өмірдің
Ана деген -Алтын қызына,алтын бақ
Мейрамбеков Ернұр
Рахмет анашым
Ана жаны жарқыраған жұлдыздай
Ана деген қадірлі жан ғой өміде
Анасыз мен жүрмес едім өмірде
Рахмет айтам шын жүректен мен сізге
Сарқытов Дияс
Амантайұлы
Амантай Бірімқұлов
Рая Омарова
Рахмет анашым
Келіппін мен өмірге
Арқасында анамның
Шырылдаған кезімде
Омырауын емізген
Құлыным деп басымнан
Сипап мені көтерген
Алақаны анамның
Жылылыққа тұнып тұр
Әрқашан да анамның
Ай мен күнге теңеймін
Күн сияқты жылуын
Шашып маған төксе екен
Ай сияқты жарқырап
Биіктерде тұрса екен
Анашыма әрқашан
Рахметімді айтамын
АНА
Анам менің анамсың
Сен мен үшін дарасың
Түн ұйқыңды төрт бөлдің
Ақ сүтіңді сен бердің
Ақ сүтіңді ақтаймын
Анам менің жан анам
Анадай жан бар ма дүниеде
Аялап өсірген әлемде
Анашым сау бол әрқашан
Гүлдей жайнаған өмір де
Балалық махаббат құшағын
Өзіңдей аналар көп болсын
Аншым
Тоғыз ай мені көтерген
Мәпелеп мені өсірген
Ана сүтін беріп өтеген
Айналайын анашым
Ақ сүтіңді өтермін
Жан анашым
Сөзім балдай
Көзім айдай
Сәуле шашып тұр нұрыңызқандай
Қандай ғажап күлкіңіз
Аман сау боп жүрші ана жүрек
Соқса жүрегім ойлаймын анашымды
Айтқан сөзім дана ғой маған
Айналайын ана жүрек
Ана жан,Ана жан
Баласы жыласа ананың жүрегі елжірейді
Ақылшым менің анашым.
Рахмет анашым
Ана деген сенің ардақтың сені өмірге алып келген сен қалай анаңа жақсылық жасасаң да аз.Анаң сені ешқашан жаман болсын демейді. Ұрып соқсада анамыз бізді бұл өмірге жақсы иманды адам болып шықсын дейді. Достар сондықтан ананың барын да қадіріне жеттің.Көп рахмет анашым .
Ана өмірдегі ең аяулы жан ұл,қыздар аналарды құрметтеңдер кей бір ұл,қыздар ананың қадірін білмейді екен. Ана деген бұл өмірде гүл,анадан басқа кім бар дейсің.Ананың жүрегі мықты қанша ұрысқаның мен ана жаман болсын демейді.ана баласына тәртіпті,әдепті бұзықтық жасаса дүзесін деп ұрсады.
Табиғат
Табиғат-сен әдемісің,
Әдемісің бұлбұлдай
Табиғат сен жүйріксің
Жүйріксің сен қырандай
Табиғат сен көркемсің
Көркемсің сен құндыздай
Жарқ етесің,
Жарқырайсың жұлдыздай
Әр адам
Әр адамға барлау жасап күнімен,
Ой шарлайды,оймен бірге жүгірем
Әр адамның өмірі бар хикая
Әр адамның жүрегіне үңілем
Бар мейірін бүкпей тура қараған,
Маған түрлі ой салады әр адам.
Гүл тәрізді күнге барып өсетін,
Әр адамның көзінен нұр,нәр алам.
Әр адамнан байқаймын мен бір ізді,
Қай із болысын,өзінше ол маңызда.
Жақсысы-үлгі,жаманы сақ жүргізер,
Әр адам маған бір мектеп тәрізді.
Ниет тазалығы
Адамның ішкі әлемі-оның ішкі байлығы.Әр адам өз өмірінің қожайыны.Адамның ниеті оның мінезіне байланысты.Өмір-ақ пен қарадан тұрады.Онда сәттілік те сәтсіздік те,бақыт та, бақытсыздық та кездеседі.Бірақ соған қарамастан біз ешқашан мойымауға тиіспіз.Тағдырға ешқашан шағым түсірмеу керек.Егер әр іс-әрекетімізді дұрыс қадағалайтын болсақ өмір бізді аялап,бақытқа жолды айқара ашып берері сөзсіз