Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Шығарма.
Асыл ата-анам.
Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.
Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.
Өмірге келген  әрбір жанның басына берілетін бақ пен Алланың әмірімен жазылған өмір жолы, тағдыры болады. Әр адам өз арман-мақсаттарымен, алған тәрбиесімен ерекшеленеді. Сол тәрбиені беруші – әлпештеп отырған ата-анамыз. Ең бақытты жандар – ата-ананың мейірімін, қамқорын көріп, қасында жанашыр анасы мен қамқор әкесі барын біліп, жан жылуын сезініп өскендер.
Мен өзімді бақытты баламын деп санаймын. Мен өз ата-анамды үлгі тұтамын, мақтаныш етемін, бүкіл жүрегіммен жақсы көремін.
Ата-анамыз бізді еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, адалдыққа баули білетін.
Анам менің – асыл адам. Алыста жүрсем дауысын сағынамын. Ол менің, Мен оның жүрегіндемін. Гүлжан сіңлім мен мені және Жарқын мен Ертарғын бауырларымды ақ сүтімен асырап, бағып-қаққан асыл анашым менің! Саған деген алғысым шексіз.
Анам туралы жеке айтатын болсам. 4 бала өсіріп тәрбиелеген ардақты ана. Ел жұртына қадірлі аяулы. Менің анамның қолы ашық, дастарханы мол, мінезі жайлы, үйімізден әрқашанда қонақ үзілмейді, пісірген тамақтары әрқашанда өте дәмді әрі мол.Әр баланың қасқабағына қарайтын өте мейірімділігімен де ерекшеленетін.
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - демекші ата-анам сөздерімен ғана емес, істерімен де үлгі, өнеге көрсетуді мақсат етті. Әкем ерте тұрып, кеш жататын еңбекқор, салауатты өмір салтын ұстанатын жан. Ол өте мейірімді , әділ, нағыз қамқоршы. Әсіресе, ер бала- әкесімен сырлас, жолдас. Ол әкесімен әр істі ақылдасып отырады. Әр баланың әке алдында міндеті, борышы бар: әкені сыйлау, тілін алу, ізет көрсету, әдеп сақтау, т.б.
Есімде бар, әкем кешке жұмыстан қаншалықты кеш келсе де, бауырымды «колесо, шпагат, кеуде көтеру» жаттығуларын жасатып, жаттықтыратын.Күнделікті сабағымызды да әкем тексеретуғын. Қыс мезгілінде, әр сенбі сайын, әкем бізді табиғат аясына шана, шаңғы тебуге апаратын.Өсе келе еңбек сүйюге дағдыландыра бастады.
Қазір бәріміз ер жетіп, ел қатарлы еңбек етіп жүрміз. Адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, қашанда жадымда ұстаймыз. Біз ата-анамыз берген тәлім-тәрбиені, алған білімді әрі қарай жалғастырып, тәуелсіз мемлекетіміздің өркендеп, өсіп дамуына өзіндік үлес қосып жүрген патриотпыз.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
9 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов