7 сыныптағы «Жад» тақырыбында қызығушылықты ояту кезеңінде әртүрлі таныстырылымдар, бейнебаян көрсету сияқты тапсырмаларды беру арқылы сабақтың тақырыбын анықтаттым. Үй тапсырмасын тексеру кезінде «VIP-тест» бағдарламасын пайдаландым. Бұл әдісті алу себебім бұрын оқушылардан тест алып бағалауды өзім жүргізсем, бүгінгі күні мен «VIP- тест» бағдарламасын қолданып отырмын. Бұл маған уақытымды тиімді, сабағымды жоспарлы жүргізуге мүмкіндік береді. Ал, оқушылар үшін өз-өздерінің білімдерін тексеріп, өз-өздерін бағалайды. «VIP- тест» бағдарламасын қолданған кезде, оқушылар өз білімдерін автоматтандыру арқылы өз бағаларын тез, әрі нақты ала алды. Мен алып отырған сыныпта 9 оқушы бар. 4 қыз 5 ұл бала бар. Сынып ұйымдасқан, топтық жұмысқа дағдыланып қалған сынып болды. Бұны мен әсіресе «А» деңгейіндегі оқушы М. осы тапсырманы жылдам орындап, өзінің білімінің жоғары екендігін тағы бір рет дәлелдеді. Бұл бағдарламада жұмыс істеуге оқушылардың қызығушылығының артқандығын байқадым. Сабақтың әр кезеңінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануға тырыстым. Мысалы: жаңа тақырыпты анықтау мақсатында интербелсенді тақтадан суреттер берілді, сол суреттердің атауларын атай отырып, ортақ қасиеттерін көрсетіп топтастыру берілді. Бұл тапсырманы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді,сын тұрғысынан ойлауды – көздеген мақсатыма жету үшін оңтайлы сәтті шыққан әдіс деп қабылдадым. Себебі: Топ болып талқылап, В деңгейіндегі М оқушым тақтаға шығып, интербелсенді қалам көмегімен оларды топтастырды. АКТ оқушы қызығушылығын арттырады және есте сақтауға көмектеседі. Өйткені, естігеннен, оқығаннан гөрі, көзімен көрген ақпаратт есте жақсы сақталады. Қайта қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артады. Ал, "Операциялық жүйе: жіктелуі мен функциясы" тақырыбына өткенде, үйге әр топ оқушыларына компьютерде word мәтіндік процессорында сөзжұмбақ жасап, жасырып келу, қағаз бетіне шығарып келу тапсырмасы берілген. Оқушылардың бір-бірінің жасаған жұмыстарын бағалай отырып, құнды кері байланысқа түсу арқылы бірінен-бірі үйреніп, өз білімдерін толықтыруға мүмкіндік жасадым. Оқушылардың аса қызығушылықпен орындалғандары көрініп тұрды. Оны "Ойлан тап" әдісі арқылы сабақта топтар сөзжұмбақтарымен ауысып, қызу талдай бастады. Топ мүшелерінің арасында сұрақ-жауап туындап, балалар бір-бірімен диалогтік қарым-қатынасқа түсе бастады. Мағынаны тану кезеңінде компьютермен жас ерекшелігіне сай жекеленген деңгейлік тапсырмалар беру арқылы өз білімдерін дұрыс бағалауға жұмыс жасадым. Орындаған кезде оқушылардың ынтасы өте жоғары болды. Бұрын сабақта ынтасы төмен болып отыратын «С» деңгейіндегі А атты оқушы "Операциялық жүйе" тақырыбын түсінгенін өзіне берілген "компьютерді қосу, қайта қосу, операциялық жүйесін анықтау, өшіру,көргенін айтып беруде" тапсырмасын өте жақсы орындады. Мен оның бұл тапсырмадан компьютерді өз бетімен қолдана алатынын, мұқияттылығын көрдім. Бірақ ол әлі де өз бетінше топтың алдына шығып сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге қиналатын, тіпті ашық пікірін айтуға қысылатын тәрізді. Біріншіден, сенімсіздігі болса, екіншіден, дағдыланған қалпынан бірден шығып кету оңай болмады. Бірақ, мұғалім дұрыс ұйымдастырып, бағыттаса бірте-бірте қалыптасады екен. Ой толғаныс кезеңінде "Қашықтықтан сұрақтар" әдісін пайдаландым, себебі: бұл тапсырмада видео сұрақтар интербелсенді тақта арқылы қойылатын сұрақтар болғандықтан. Мектептегі басқа сынып оқушыларының өздеріне сұрақтар қойып отырғанына таңырқана қарап, қызығушылықпен, жан –жақты ойлау арқылы талдап, осы сұрақтарға жауап бере бастады. Осы кезде кездескен қиыншылықтар да болды, мысалы: оқушылар сұраққа жауап берген кездерінде таласып қалып отырды, уақыт өте тапшы болды.Бұл әдістен бірнеше модульдерді байқадым: жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, диалог. Оқушыларға берілген тапсырмаларда жас ерекшеліктері ескеріліп, жеңілден ауырға қарай немесе қарапайымнан күрделіге принципіне негізделді.
"Алфавит" тақырыбында мағынаны тану кезеңінде "БББ"кестесін компьютермен орындатқыздым. Бұл әдісті алу себебім: Компьютермен тапсырма орындау оқушыларды жоғары деңгейде ынталандырады. Ойларын түйіндеуге, шоғырландыруға септігін тигізеді. Бұл әдіс сәтті шықты. Себебі: "Білгім келеді" бағанына 1-топтың оқушылары тек қана алфавит туралы білгім келеді десе, 2-топтың В деңгейіндегі оқушым: информатика пәніндегі алфавитті кім ашты екен, ол алфавиттің біздің алфавиттен айырмашылығы қандай екен, қандай мақсатпен ашты екен деп нені білгісі келетіні жайлы жазыпты. Осыдан мен оқушылардың реттеле бастағанын байқадым. Бұл жерде олар тек компьютерді қолданып қоймай, сонымен қатар кесте сызып оны толтыра білуінде. Постер қорғау кезінде power point бағдарламсында орындауға берілген тапсырманы оқушылар өте жақсы, көрнекі, нақты орындап шықты.Бір-біріне екі жұлдық бір ұсыныс білдіріп жатты. Оқушылардың ұсыныстарына қарап сыни көзқараспен қарау жетіле бастағанын байқадым.
Талантты-дарынды балалар да серіктестеріне сеніммен қарап, бір-бірлерінің пікірін тыңдауды, құрметтеуді, қажет болған жағдайда түсіндіріп, көмектесуді үйренді. Мысалы: С деңгейіндегі Ш оқушым "Операциялық жүйе: функциясы мен міндеттері" тақырыбында қиналып отырып қалғанда, А деңгейіндегі Р оқушым кел мен саған көмектесейін, бірге жасайық деген сөзінен байқадым. Және бір-бірінің пікіріне көңіл аударып, демеп отыруға дағдылана бастады. Бұл үлгерімі орташа балалардың тапсырмаларды орындауда достарына арқа сүйей отырып, еркін жауап беруді үйренуіне мүмкіндік туғызды. Балалар біртіндеп өз ортасында сабақ мазмұнына қатысты. Сөйлесуді, пікірлесуді, бір-бірінің кемшіліктерін түзетуді, бір-бірін тыңдауды үйренді. Осы оқушылардан бұрын мынадай сәттерді байқамаған едім.