Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от аноним в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Жерлес  ақын жырлайды

(Қ Мырзалиевке арналған поэзия  кеші)

Кештің мақсаты: Қадыр  ақынның жырларын , туған жерге деген өлеңдерін  оқырман қауымға  насихаттау.

Қадыр Мырза Әлиге арналған поэзия кешінің жоспары:

1.Кіріспе .

Ақынның өмірімен шығармашылығын, кітап көрмесін ұйымдастыру, слайд көрсету.

Жүргізуші:Қайырлы күн құрметті ұстаздар, қонақтар ,оқушылар.

Бүгінгі сіздерге ұсынып отырған  кітапханалық іс –шарамыз қазақтың кең  даласын өзге ақындардан артық жырламаса кем жырламаған жерлес ақынымызға арналады. Ол болса поэзия минутына кезек  берейік.

2  .  «Қадыр поэзиясы» өлеңдерін мәнерлеп оқу.

6-сынып оқушысы Еслямгалиева Ажар «Жоқ  өлмеймін»

9-сынып оқушысы Мақбуова Арайлым «Ауыл және жұмақ»,«Көзбен көңіл»

9- сынып оқушысы Сағымәлиева Назерке « О, туған жер»

7-сынып оқушысы Латипова Айнара «Менің оқырмандарым»

8-сынып  оқушысы Сағынова  Айкөркем «Ащы ақиқат», «Шалғайда»

8-сынып оқушысы Жасқайратова Айнара «Аман қалған шабулдан жүздеген»

Жүргізуші:Ақын ел – жұртын , туған жер топырағын ақындық шабытпен қастерлеумен қатар ,туған елдің сенімін , ой – түсінігін бойына  терең сіңірген талант иесі . Ақын өлеңдері өте әсерлі, тартымды біз одан көкейімізде жүрген ойлар мен  сезімдерді көреміз.

3.          Қадір Мырза Әлидің туындылары мен танысу.

«Ән мен өрілген құдірет» бөліміне кезек берейік.

7-сынып оқушысы Шайхуллайева Әлия «Қазақтарды  шетелдік қонақтарға таныстыру»

9-сынып оқушысы Сабырова        «Тамаша» , «Цыган серенасы»

6-сынып оқушысы Негметоллаева Камилә «Жалқаубек»

8-сынып оқушысы Қойшекенова Дильназ «Жездеке»

8-сынып оқушылары Ереев М. Мақұлов Е. Калимуллин М.   «Әже туралы ән»

Жүргізуші : Сөз қадірін білетін қазақ  атаулы Қадыр жырларын қадірлемей , қастерлемей тұра  алмайды  Олай болса сол ақынға арнау тілек  арнайық. Ендігі кезекті  -ақындарымызға  берейік.

                                4.  Арнау                                                                                                                                                                                                   8- сынып оқушысы Мақұлов Ердәулет  (Қадір  ағаға арнау)

7- сынып оқушысы Елдосова Қарлығаш (Қадір Мырза Әли)

7-сынып оқушысы                                      (Жайықтың   Қадірі)

Жүргізуші:

Біздің халқымыздың  атамекенді ардақтау  сезімі өте  терең , туған жерді қасиет тұту  - қанға  сіңген мінез , ежелгі дәстүр. Бұл таным  біздің жанымызға  ана сүтімен тараған , ана тілі мен дарыған . жалпы әр түрлі тақырыпта өмірдегі кездесетін барлық жағдайлар қуаныш , реніш , сүйеніш , өкініш сияқты адамның әр түрлі көңіл күйінде қамтылған әндердің бірі – айта берсең ақынның бойындағы тапқырлық – кітапты талмай оқу , ізденіс арқылы қалып тасқан.

                               Ақ жайық сенің орның ала бөтен ,

                               Таппадың құтты мекен далама тең

                               Өзіне деген ыстық махаббатты

                               Өзіммен көрге бірге  ала кетем !

Дей келіп  кешімізді қортындылайық.

Қортынды : Әділқазылар алқасы сөз алып  3 –бағам бойынша жеңімпаздарды марапаттайды.

ответил от jaki

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов