Сынып: | 5 сынып |
Сабақ тақырыбы: | Қ.Жұмаділов «Қозыкүрең» ( «Сәйгүліктер» романынан үзінді) |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Жазушы Қабдеш Жұмаділовтың өмірбаянын зерттеуге бағытталады. |
Оқушылардың басым бөлігі: Қ.Жұмаділовтың шығармаларына шолу жасау. Жазушы өмір сүрген кезеңмен салыстырмалы түрде қарастыруға бағытталады. |
Кейбір оқушылар: Әңгіменің идеясын ашуға, әңгімеде кездесетін сөз айшықтарынан, тірек сөздерден эссе құрауға бағытталады. |
Тілдік мақсат | Оқушылар өз ойын еркін жеткізе алуы керек. |
| Негізгі сөздер мен тіркестер: ақалтеке – түрікмендік жүйрік жылқы тұқымы, қу мүйіз – көп нәрсені бастан кешірген, өрелеу – аттың алдыңғы аяқтары мен артқы бір аяғын шалып байлау... |
| Сыныптағы диалог\жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: тарихи оқиғалар легі, әдебиет пен тарихтың сабақтастығы... |
| Жазылым бойынша ұсыныстар: деректерге сүйеніп, тірек сөздері арқылы тапсырмаларды орындау. |
Жоспар |
Білу | «Еліктіру» арқылы шығарманың тақырыбын оқушылардың өздеріне анықтату. - Қазақ халқы көлік ретінде қай мал түрін ерекше қастерлеген?
- Жылқы малын.
- «Күрең» қандай түс?
- Қызыл қоңыр, қошқылтым.
- Біздің бүгінгі сабағымыз Қабдеш Жұмаділовтың «Қозыкүрең» әңгімесін талдауға бағытталады.
|
Мұғалімнің әрекеті | Оқушылардың әрекеті | 1«Оймон-шақ» 2 «Ақ сандық» 3 «Аңдама» |
Қабдеш Жұмаділовтың өмірбаянын зерттеуге бағыттайды. | Интернет көмегімен жазушының өмірбаянына шолу жүргізеді. |
Түсіну | Әңгімені үш бөлімге бөліп, әр бөлімге тақырып қоюға уәж етеді. | - Екі елдің жарастығы.
- Төреқұлдың тағылымды әңгімесі.
- Қозыкүрең – қазанат.
| 4 «Ой қорыту» |
Қолдану | «Оймоншақ». Әңгіменің төрт бөліміне сай тірек сөздерін(әдеби сөздер, тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер) ұсынып, эссе жазуға мүмкіндік тудырады. Оқушылар ынтасын тақырыпқа бұрады. | 1Екі елдің жарастығы: Аштықта жеген құйқаның дәмі таңдайдан кетпес; қонағуар – қонақжай; Ағайын тату болса – ат көп; Абысын тату болса – ас көп; Ынтымақ түбі – игілік. 2Төреқұлдың тағылымды әңгімесі: Отан үшін күрес – ерге тиген үлес; үйірсек емес – үйірге бойы үйренбеу; тағат – төзім; қолтығы сөгілді – бәйге атының арам қаны кету. 3Қозыкүрең – қазанат: Ат – ердің қанаты; Ерге лайық ат туар;Жылқы – малдың патшасы;Жеті қазынаның бірі – жүйрік ат; Ереуіл ат –ұзақ жортуға төзімді, мықты ат. |
Талдау | «Ақ сандық».Тақырыпқа сай танымдық сұрақтар ұсынады. Егер қате жауап болса, оқушылардың өздеріне түзетуге бағыттайды. | 1 Ағыбайлар қырғыз досы Төреқұл ауылына бару сапарына неге ерекше мән берді? 2 Ағыбай мен Төреқұл достығы қашан, қалай басталған? 3 Әңгімедегі Саяқбай жылқышы қандай адам? 4Қозыкүреңнің өзін-өзі жаратып, алыс жолға дайындалуы қалай берілген? 5 Саяқбайдың Қозыкүреңге сүйіспеншілігін толық теріп айт. 6Қозыкүрең әрекеттерінен туған жерге деген сүйіспеншілік байқала ма? 7 «Біздің арамыздағы достықты осы балалар жалғастыратын болсын...» деген Төреқұл сөзінің мәнісі неде..? |
Жинақтау | «Аңдама».Әңгіме желісіне қатысы жоқ сөйлемдерді ажырату. | 1Қазақ пен қырғыз бір ененің емшегін таласып емген егіз қозыдай еді. 2Ағыбай: «Дариға, сол жастық кезең!» -деп өзінің жастық шағын аңсаумен болды. 3Ағыбай Төреқұл шаңырағына селқос кірді. 4Қиын қыстау кезеңде де септесіп күнелтпеген. 5 Енді Ағыбайдың көңілі құлазымайды... |
Бағалау «Ой қорыту». | Топ мүшелері сабақтан алған білімнің өзіне қаншалықты керектігін, құндылығын анықтайды, бағалайды, талқылайды, өз пікірлерін айтады. Кестені толтыру. |
Шығарманың тақырыбы не? | Негізгі кейіпкерлер кімдер? | Шығармада кездесетін сөз айшықтары. | Әңгіме тақырыбы бүгінгі таңда маңызды ма? | Шығарманың тәрбиелік мәні неде? | Шығарма саған неліктен ұнады? |
| | | | | |
Оқушылардың жауаптарын бағалау | Сарапшы оқушы топ мүшелерінің жауаптарын бағалайды және талдап береді, өзін-өзі бағалайды. |
Үйге тапсырма | «Сыналған достық» деген тақырыпқа шығарма жазу. |
| | | | | | | | |