Мақал-мәтел – сөз мәйегі
1-жүргізуші: - Армысыздар, бүгінгі сайысымызға қатысушы оқушылар және жанкүйерлер!
Бүгінгі «Мақал – сөз мәйегі» атты қазақ мақал-мәтелдеріне арналған тапқырлар мен шешендер сайысына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Мақал-мәтелдер – халық даналығының, поэтикалық дарыны мен өткен тарихының айнасы болып табылатын көлемі жағынан қысқа поэтикалық нақыл сөздер. Қазақ халқының мақал-мәтелдері тақырыбы жағынан алуан түрлі. Олар халықтың тұрмысы мен күнделікті өміріне байланысты пайда болған.
- Мақал-мәтелдердің дидактикалық, тәрбиелік мәні зор. Олар бізді отансүйгіштікке, халқын қадірлеуге баулып, патриотизмге тәрбиелейді.
Ал енді сайысымызды бастайық.
1-кезең
Үй тапсырмасын тексеру
Шарты:Топтың атын және ұранын дайындап келу.Ø
Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын , үй тапсырмасын тексерейік.Әр топқа топтың атын , ұранын дайындап келу тапсырылған.
І топ «Сұңқар». Ұраны: Сұңқардай қалықтаймыз,
Ізденуден жалықпаймыз!
ІІ топ «Тұлпар». Ұраны : Тұлпардай жүйрік болу арманымыз,
Жетуге соған тырысамыз !
ІІІ топ «Тапқырлар». Ұраны : Тапқырмыз деп ұрандап,
Өмірде біз келеміз жарқылдап!
II-кезең “Жүйрік”Қазір мен мақал-мәтелдердің басын оқимын, ал сендер жалғасын табуларың керек.
- Отанды сүю - … (отбасынан басталады).
- Ел-елдің бәрі жақсы, …. (өз елің бәрінен жақсы).
- Отансыз адам - … (ормансыз бұлбұл).
- Жері байдың - ( елі бай)
3-кезең. ТАПҚЫР
Шарты: Берілген мақал-мәтелдерді орыс тіліне аудару. (Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.)Ø
Тазалық- денсаулық кепілі . (Чистота –залог здоровья.)v
Еңбек оздырады. (Труд прославляет.)v
Не ексең, соны орасың .( Что посеешь ,то и пожнешь.)v
Отан - оттан да ыстық. (Родина – жарче огня.)v Көз қорқақ, қол батыр (Глаза боятся, руки делают)
Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты (Дерево сильно корнями, а человек – друзьями)
4. .кезең Көп нүктенің орнына керекті сөзді қазақ, орыс тілінде табу
Ашу- дұшпан, ақыл – дос
Жолдасы көптің олжасы көп4
Татулық – табылмас бақыт 4
Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам. 4
5-кезең Берілген мақал-мәтелдерді дұрыс құрастыру.
(Әр дұрыс жауапқа бір фишка беріледі.)
Бұрысы
1.Құрмет, тілге ,құрмет-елге.
2.Ұяда, ұшқанда ,соны іледі, не көрсе 1. Мектеп, білім- теңіз кеме .
2.Мыңды жығады ,білекті ,жығады , бірді, білімді.
1.Ыстық ,отан , оттан да.
2.Жау алмайды, досы көпті ,ақылы көпті дау алмайды.
Дұрысы
1.Тілге құрмет-елге құрмет.v
2.Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.v
3.Білім- теңіз, мектеп- кеме .v
1.Білекті бірді жығады , білімді мыңды жығадыv
2.Отан - оттан да ыстық.v
3.Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды.v