Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

«111111111» тақырыбында өткізілген коучинг-сессия бойынша рефлексивтік есеп

Әріптестерім коучинг-сессияға сабақтарын аяқтап болып келгендіктен,  шаршаңқырап  енді. Коучингті бастамай жатып біз топтарға бірігуіміз қажет екендігін айтып, түрлі геометриялық фигуралардың бірін таңдауды сұрандым. Бірдей фигура таңдағандар бір топқа бірігіп алған соң, енді өздері таңдаған фигураға сәйкес мінездемемен таныстырып өттім. Барлығына жақсы мінездемелер айтып, ойларын коучингке бұрдым.Өзім топқа бөле отырып,олардан : Сабақта оқушыларды топқа біріктірудің маңызы қандай деп ойлайсыздар? Сыныпта жайлы психологиялық ахуал тудырудың қажеттілігі туралы не ойлайсыздар? Өз сабақтарыңызда жағымды ахуалды қалай ұйымдастырасыздар? Деген тәрізді сұрақтар қою арқылы,ұстаздарға ой салдым.

Келесі, «» ретінде  топ назарына            туралы суреттерді ұсындым. Суреттерден не көріп отырсыздар?            ны сабақта пайдаланудың пайдасы бар деп ойлайсыздар ма? Және тағы да басқа сұрақтар қойып, топ мүшелерінің ойларын білдім.Т.Р есімді апайымыз өзінің                     ны пайдалануға дағдылы екендігін,қажетті ақпараттарға тез арада қол жеткізуге болатындығын, жалпы жағымды жақтарын айтып өтті.   

Келесі кезең: Таныстырылым «         » тақырыбына бейнеролик тамашалады.Онда                                                   жақтары айтылды.

Негізгі бөлім: «Синектика» әдісі. Топ мүшелеріне біз өте ауқымды ақпаратты талқылауымыз қажет екендігін, ол үшін синектика әдісіне жүгінетінімізді хабарладым. Нұсқау: барлық топқажаңа әдіс тәсілдертуралы бірдей талқылау парақшасы берілді. Ақпаратпен танысып шығып,әр топтан өз пікірлерін айта отырып постер қорғады. Өз тарапымнан,талқылауды қандай формада жүргізу дұрыс деп есептейсіздер? Деп сұрақ қойып,қатысушылардың өзара пікір алмасуына ықпал еттім.                                     

Келесі кезең: «Аноним» жаттығуын орындау барысында кеспедегі суреті бар қағазды таңдап алып, өзін сол суреттегі зат деп елестетіп, өзінің ауыр өмірі туралы шағымданғаны ұтымды шықты.                                                                     

Қорытынды бөлім: «сиқырлы қалта» жаттығуы болды. Онда қалтада жатқан ынтымақтастық, жауапкершілік,көптілділік т.б. сөздердің бірін таңдап алып,лайық деп тапқан адамға сыйла дегенде көпшілігі Т.Р. есімді апайға ұсынды.Оны оқып, Р ның көңілі көтеріліп, қуанып қалды.Әр түрлі сұрақтар қою арқылы, осындай сергітетін жаттығуларды сабақ барысында қолдану туралы ұстаздар өз пікірлерімен бөлісті.                                              

Коучинг соңында «ПОПС» әдісі бойынша кері байланыс жасалды. Онда: коучинг қызықты болды,Жаңа тәсілдермен таныстым,ұнады,сиқырлы қалта әдісінде көп қасиетке ие болдым,әр коучингке келіп қатысамын,АКТ ны сабақта қолдану керек,  деп жазылыпты.                                  

         Сөзімді қорытындылай келе: Ұстаздардың белсенділігі мені де шабыттандырып жібергенін байқадым. Іштей мені қуаныш сезімі биледі. Сиқырлы қалта әдісі топ мүшелеріне ерекше көңіл күй сыйлады. Коучинг барысында менің ұғынғаным, сай келетін әдістерді таңдай білу және оны көптің көңілінен шығатындай етіп қолдана білу . Жағымсыз жағы үлкен жастағы мұғалімдеріміздің  коучингке  қызығушылықтарының төмен болуы.Бірақ, алдағы уақытта олардың да көңіл кілтін табатыныма сенімім мол.

       

ответил от Sania

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Ұстаз
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов