• Өзгертетін бейнелерді қайдан алуга болады?
Графикалық редактор - графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.
Paint (ағылшынша сурет, сурет салу) – бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.
Пиксель (ағылшынша picture element - суреттің элемент.) -растрлық бейненің ең кішкентай элемент.
Палитрада 20 түс көрсетіледі. Түстерді өзгерту батырмасын шертіп тағы да 10 түс қосуға болады.Paint – графикалық редакторын іске қосу үшін Пуск – Все программы – Стандартные –Paint
Paintграфикалық редакторының терезесі мынандай элементтерден тұрады.
Программамен жұмыс істетін барлық құралдар Жолақта орналасқан. Негізгі (Главная) тіркеме бетінде (вкладка) Алмасу буфері, Кескін (Изображение), Құралдар, Фигуралар, Қалыңдық (Толщина), Түстер (Цвета) топтары орналасқан.
Құралды таңдау үшін оны тышқанмен шертсеңдер жеткілікті.
Құралдар мен фигуралар үшін баптау амалдарын орындауға болады.
- Қарындаш үшін - жуандық, түс;
- Фигуралар үшін - контур , заливка- түстер.
Жай-күй жолында ағымдағы жұмыс туралы ақпарат беріледі. Мысалы, суреттің мөлшері.
Егер суреттің кішкене бөлігін тазалау керек болса, Өшіргіш сайманы қолданылады. Өшіргіш екі режимде болады: қарапайым және түрлі түсті (82-сурет). Қарапайым өшіргіш бәрін өшірсе, түрлі түсті өшіргіш (тышқанның оң жақ батырмасын басып түрып) тек Қылқаламның пәрменді түсін өшіреді.
Палитра да 20 түс анықталып бекітілген. Қажет болса, Түстерді өзгерту батырмасын шертіп, түстерді қосуға болады.
VІ. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңінде жинаған ұпай бойынша 7-8 ұпай жинаған оқушылар «Бақытты сәт» тақырыбында (Тәуелсіздік күніне байлынысты сурет салу), 6-4 ұпай жинаған оқушылар кітаптағы А деңгейіндегі тапсырманы, 3-1 ұпай жинаған оқушылар еркін тақырыпта сурет салады.
VІІ. Бекіту кезеңі
- 2 топқа плакаттар таратылып, «Paint» интеллект – картасын сызамыз. Яғни, Paint-тың мүмкіндіктерін және Paint-та сурет салу кезеңдерін схема түрінде сызу.
- Тест жұмысы (бірін-бірі тексеру)
- «Ғажайып алаң» ойыны топ басшысы шығып, «Ғажайып алаң»ды қосып, тоқтатады. Тобындағы оқушы сұраққа жауап береді. Егер топ білмесе, топ басшысы немесе келесі топ жауап береді.
VІІІ. Үйге тапсырма беру, оқушылар білімін бағалау кезеңі: «5» - 22-14 ұпай, «4» - 13-8 ұпай, «3» - 7 ұпайдан төмен.
IV тарау. Paint - графикалық редакторы. 117-126 бет оқу.125 бет тест тапсырмасы.