Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Күні 20.10.2016

Сабақтың тақырыбы: Жазбаша көбейту және бөлу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

1.Жазбаша көбейту және бөлу тәсілдері жайлы алған білімдерін пысықтау.

2. Логикалық ойлау қабілеттерін,қызығушылықтарын, өз бетінше жұмыс жасау,қазақтың ұлттық ойындарын

жадында сақтау дағдыларын дамыту.

3.Оқушыларды, елжандылыққа, білімділікке, ізденімпаздыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,ойындар,слайд, деңгейлік тапсырмалар,

.

Типі: пысықтау

Түрі: Практикалықсабақ

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік ,ойын.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,ән-күй.

Сабақтың барысы. I.Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ себебі, қонақтар келді. Ендеше біз өз білімімізді саналы тәртібімізді көрсете білейік.

Психологиялық дайындық.

Жүректен жүрекке

Бір-біріне тілек айту.

Математикаеліне саяхат жасаймыз. Математика бізге керек пе? Біздің өміріміздің барлығы сандар.

Мысалы: 1сағаттта неше минут бар? (60 минут)

1 минутта неше секунд бар? ( 60 секунд)

1 аптада неше күн бар? ( 7 күн)

1 айда неше күн бар?

-Біз Тәуелсіздік алғанымызға не жыл толды 25 жыл толды. Неше күн болғанын есептеп көрейік? Ол үшін 25 ті 365 ке көбейту керек? Біз бірден

көбейте алмаймыз 25 дегеніміз (20+5) *365 = 20*365+5*365= 9125 күн

16 желтоқсанда тәуелсіздік алғанымызға 9125 күн болады екен.

9125 – көп таңбалы сан. Біздің тақырыбымыз Жазбаша көбейту және бөлу тәсілдері.

Жаңа сабақ :

Дәптермен жұмыс Күнді жазу,

20 қазан

Тақырып : Жазбаша көбейту және бөлу тәсілдері.

Көркем жазу :

9125 91 256 912 534 9 125 346 91 253 467

9125 қандай қосылғыштарға жіктеу болады?

Осы сандарды бір- біріне көбейтіп көрейік.

9*1= 9*2= 18*5 = 90

9*1=9*2=18*5=90*6=540

Жаңа сабақты түсіндіру. 2425*3= 7275 7275 :3 =2425 бағандап шығару.

Жаңа сабақты бекіту мақсатында № 2 тапсырмамен бекітеміз.

87 612*3= 262 836 81 464*4=325856 10626: 3= 3542

150345*3=451035 325318*2=650636 14628 :4=3657

Сергіту сәтінде

Мақалды шеш:

1234 – 615819, 1534 – 81519.

А – 1, ы – 3, қ – 2, л – 4, ж – 6, т – 8, с – 5, н – 9.

-Балалар, сендер жолда жүру ережелерін білесіңдер ме?

-Көшеде көліктер қазір өте көп, егер жолда жүру ережелерін сақтамасақ, мірімізге қауіп төнеді. Ендеше көліктер жайлы тапсырма қарайық.

№4 А) Топта жұмыс: Есепті оқып, суретін салып, шығару.

І көлік - 47 км Шешуі : Өрнек: 309- (47+108)= 159 км

ІІ көлік – 108 км } 309 км

Жүрілмеген жол -? Жауабы: Көліктерге әлі 159 шақырым жол жүру

керек.

№ 5 Амалдардың ретін анықтап , есептеу керек.

(400:50+298) :6+87 = 138 (170*2+38):2:7 = 27

(350:70+310):5+118 = 181 (120*2:40+144):6 = 25

Өздік жұмыс Шамаларды салыстыру

9 т * 800кг 2сағ.20 мин* 4 сағ

20 ц *300 кг 50 км* 200м

Тестік тапсырма:

Сұрағы

А

В

С

1

Алты жүз төрт мың төрт санын көрсет.

60 404

60 440

604 004

2

3 жүздіктен 7 бірліктен тұратын санды көрсет.

7 003

307

3 007

3

5 ондық мың және 80 бірліктен тұратын санды көрсет.

5 080

50 080

50 008

4

3 700 санның алдындағы саны

3 699

37 001

36 999

5

7000+200+40+5 мәнін тап

70 245

7 245

700 245

Тестің жауаптары:

1- С , 2 – В, 3 - В, 4 - А , 5 – В

Сабақты қорытындылау. Бүгін қандай тақырыпқа тапсырмалар орындадық?

- Жазбаша көбейту және бөлу тәсілдері.

- Сандарды көбейткенде қай разрядтан бастаймыз?

- Ал бөлгенде қай разрядтан бастап бөлеміз?

Логикалық есептер.

1. Шөпте қояндар тығылып отыр,тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? (5)

2. Таразы табақшасына 2 аяғымен тұрғанда тырна 2 кг болды. Бір аяғымен тұрса, онда оның массасы қандай болады? (2 кг)

3. Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты? (4 тәулік)

4. Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды? (1 адам)

Үйге тапсырма:81 бет №7

Бағалау:

Бүгінгі сабағымызды аяқтай отырып. Тәуелсіздігіміз ұзағынан болғай, дей отырып бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

-Енді бәріміз деңгейлік тапсырмаларды орындайық.

I- деңгей-сандарға байланысты мақал-мәтел жаз.

II-деңгей- тест

1.Квадрат метрмен ненің ауданы өлшенеді?

а) бақша ә) мектеп үстелі б) мемлекет

2.Ауданның ең кіші өлшем бірлігін көрсет.

А)дм2 ә) га б) а в) мм2

3.5 800 және 40 сандарының бөліндісін 10 есе арттыру қажет өрнекті тап.

А) 5 800:40+10 ә)5 800:40:10 б)5 800:40х10 в) (5 800+40):10

4. 5 тоннада неше центнер бар?

А) 500ц ә)50ц б)5 000ц

5. х-540=460 теңдеуіндегі белгісіздің мәнін тап.

А) х=900 ә) х=1 000 б ) х=80

III- деңгей-Шығармашылық тапсырма.

Амалды баған түрінде орында.

1342х2; 3969:3; 1т 342 кг х2.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма:81 бет №7

Бағалау:

Бүгінгі сабағымызды аяқтай отырып. Тәуелсіздігіміз ұзағынан болғай, дей отырып бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов