Жаңа сабақты баяндау.
Бисквит құрылымы жеңіл, үлпілдек, өңдеуге ыңғайлы болып келеді. Бұл қамыр қопсытудың механикалық тәсілімен дайындалады, осының арқасында масса ауа көпіршіктерімен қанығады. Бисквиттің үлпілдек және серпімділік қасиетіне байланысты одан түрлі торттар мен пирожныйлар дайындалады. Дайындалу тәсіліне байланысты бисквит екі түрге бөлінеді. Негізгі және буше.
Бұл тәсілде бисквитті крахмалмен дайындауға болады. Ұнның 25% крахмалмен алмастыруға болады. Крахмал бисквиттің құрғақ болуына, кескен кезде көп үгілмеуіне әкеледі. Бисквитті дайындаудың бұл тәсілі мына сатылардан тұрады: жұмыртқа мен қантты қосу, қыздырып көпсіту, жұмыртқа қант массасына ұн қосу.
Жұмыртқа мен қантты араластыра отырып 450С температурада су буында қыздыра отырып, көлемі 2,5-3 есеге өскенше көпсіту. Көпсіту барысында масса 200С температураға дейін суиды. Ұн мен крахмалды араластырып, жұмыртқа – қант массасына қосып тез араластырады.
Бұл тәсілде саруызы мен ақуызы жақсы ажыратылатын диеталық жұмыртқалар қолданылады. Бұл тәсілмен дайындалатын бисквит қамыры мына операциядан тұрады: ақуыз бен саруызды қантпен бөлек көпсіту, көпсітілген саруыз, ақуыз және ұнды қосу.
Саруызды қантпен көлемі 2,5-3 есеге өскенше көпсіту. Бір уақытта жұмыртқа ақуызын көлемі 5-6 есеге өскенше көпсіту. Көпсітілген саруызға көпсітілген ақуыздың ¼ бөлігін, эссенция қосып жаймен араластырып, ұнды қосып тағы араластыру, соңында қалған ақуызды қосып біртекті қамыр алғанша араластыру.
Сонымен қатар қазіргі бәсекелестік нарықтың жағдайда бисквит қамырын дайындаудың жеңілдетілген тәсілі қолданылады.
Бұл тәсілмен қамырды дайындау мына операциядан тұрады: жұмыртқа мен қантты көпсіту, ұн қосу.
Жұмыртқа мен қантты көлемі 5-6 есеге өскенше көпсітіп, соңынан ұн қосып, ұн түйіртпектері қалмағанша тез араластыру.
Дайын қамырды қағаз төселген кондитерік беттерге 1-2 см қалыңдықта жайып, тегістеп 200-2100С температурада 7-10минут шамасында пісіреді. Пісірілген беттерді қағазын жоғары қарай орналастырып, қағазын алып, джем жағып орайды. Орамаларды 75г шамасында кеседі, жоғарғы бетіне қант ұнтағын сеуіп, әсемдейді.
Сапасына қойылатын талап: өнім дөңгелек пішінде, жоғарғы бетіне қант ұнтағы себілген, кескен кезде спираль тәріздес джем қабаты көрінеді, жұмсақ, серпімді.