«Жетістікке жету өз қолыңда!»
(психологиялық ахуал қалыптастыру тренингі)
Мақсаты: мұғалімдер арасында қарым – қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш қуат жинау, өзін - өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. Тренингке қатысушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, шаршағандықтарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру
Көрнекілік: муль слайд, әуендер, плакат, желім, түрлі - түсті қима қағаздар, маталар, акварель,
Жоспары:
1.Амандасу: «Сәлем, сөздің анасы» түстес түстер сәлемі
2. Топтық тапсырма (Мамандықтар туралы)
3. «Менің мінезім»
4. Сергіту сәті» Бұғы
5. «Мұғалім таңбасы»
6. Сұрақтар
7. Ертегі, әңгіме құрастыру.
8. «Әріптестер алға, қанаттарың талма» әнімен қорытындылау
Жүргізуші: 1.Қайырлы күн құрметті қатысушылар және әріптестер!
Ұйымдастыру.
Психолог: Құрметті ұстаздар өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. ЖЕТІСТІК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетістіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік – адам бақытының қайнар көзі. Жетістікке жетудің екі жолы бар: өз ақылыңды пайдалану және басқалардың ақылынан пайдалану. Ле БРУЙЕР
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР
– Алдыңа мақсат қою
– Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену
– Әр іске дайын болу
– Адымыңды анық басу
– Алға ұмтылу
– Қорықпау, күмәнданбау
– Жаңашыл болу
– Басқалармен кеңесу
– Жетістіктеріңнің қайдан келуін ұмытпау
Адамның көңіл күйі сергек болса, айналасындағы болып жатқан өзгерістерді жақсы оймен қабылдайды демекші, қазіргі уақыттағы көңіл күйлеріңіз қалай? Екі қолыңызды жоғары көтеріп 3 рет шапалақтап көңіл –күйімізді білдіріп қоялық.
Жүргізуші: «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей амандасып алайық.
Қатысушылардың орындықтарының арқасында жасыл, сары, қызыл, көк, ақ түсті қағаздар ілінеді.Түстері сәйкес келген адамдар бір- бірімен амандасады.
1 қатар -(көк түстілер) Сәлем! деп екі қолдарын жоғары көтеріп амандасады
2 қатар-(сары түстілер) Нai- деп оң қолдарын көтеріп амандасады
3 қатар- (қызыл түстілер) қолдарын кеуделеріне қойып бастарын иеді.
4 қатар –(ақ түстілер) бір –бірімен қол алысып амандасады
Жалпы мұғалім деген мамандық сегіз қырлы бір сырлы болып келеді ғой. демек мұғалім психолог, актер, ақын, суретші т.б
Келесі тренинг бойынша әр топтан бір қатысушы келіп, мына ортадағы қима қағаздардың біреуін алып топтық тапсырма орындау тапсырылады.
Сіздердің қолдарыңызға: 1-Журналистер, 2-Актерлер, 3-Суретшілер
4-Дизайнерлер, Ақындар- деп жазылған қима қағаздар берілген болатын. Осы суреттер бойынша ортаға шығып топтасады.Тапсырмалары беріледі.
(әр топ мамандықтарына сай топтасып, орындықтарға жайғасады)
Естеріңізге салатын жайт:
Тапсырма уақыты шектеулі. Ұжымдасып ойлануға 5 минут, орындауға 3минут
1. Дизайнерлер тобы Киім пішу дизайнер мамандығына тапсырма. Қазіргі заманға сай «Жаңа форматтағы мұғалім киімі» үлгісін ұсыну. Керекті құралдар: плакат, қайшы,түрлі- түсті қағаздар,маталар, лента,скоч, клей, , маркер т.б ұсынғалы отырған үлгіге ат қояды, қорғайды.
Жүргізуші: Рахмет. Он саусағынан өнер тамған, шеберлерге қошемет!
2.«Актер шеберлігі» мамандығына тапсырма.
Бұл көрініске 5 адам қатысады. Берілген тапсырманы іс – қимылмен көрсету қажет. Төрт адам төрт түрлі іс әрекет жасайды. Бір адам таңдаушы болады.
1-ші қатысушының тапсырмасы: Далада жаңбыр жауып тұр.Балкондағы немесе ауладағы жайылып тұрған кірді жинау сәтінен көрініс көрсету
2-ші қатысушының тапсырмасы: Сыртқы есіктің қоңырауы соғылды.Есікті ашу көрінісін көрсету.
3- ші қатысушы тапсырмасы: Баланың мазасызданып жылағаны
4- ші қатысушы тапсырмасы: Үйдегі құбырдан су кетіп жатырғандағы
Қатысушылар осы көріністерді рөлде сомдап шапшандықпен көрсету керек.
5- ші қатысушыға сұрақ. Осы жағдайда сіз бірінші болып қайсысына барар едіңіз? Таңдауы бойынша ретімен айтады.
Кірді жинау –Отбасында қаржы мәселесін жақсы шешеді екенсіз. Қаржы министрі болуға лайықсыз
Есікті ашу –дастарқаныңыз жиналмаған, есігіңіз құлыпталып жабылмаған достарыңыз көп, қонақжайлысыз
Баланың жылағаны – Отбасның ұйтқысы болып, бала тәрбиесінің бастауы бола білген асыл жанды - жансыз
Үйде су кетіп жатқаны – өз ісінің білгір маманы бола білген, еңбекқор жансыз
Жүргізуші: Сіз бірінші орынға -------------- қояды екенсіз.Рақмет.Бүгінгі сахнада рөлдерді тамаша сомдаған актерлерге қошемет.