6-сабақ
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Компьютерді бір-біріне жалғау үшін орындалатын әрекеттер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды компьютерді бір-біріне жалғау кезінде орындалатын әрекеттермен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу
Сабақтың көрнекілігі:Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Болжамдап отырған нәтиже: Білімді, сауатты, салауатты ұрпақ
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Ү. Сабақты қорытындылау
ҮІ. Үйге тапсырма беру
ҮІІ.Оқушыларды бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
- Сәлеметсіздер ме?
- Сабаққа деген көңіл-күйлерің қалай?
- Сыныпта кім кезекші?
- Сабаққа кімдер келген жоқ?
- Балалар, бүгінгі сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
ІІІ. Жаңа сабақ:
Біз үлкен ЭЕМ-ді немесе дербес компьютерді алсақ та,олар бір-біріне ұқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:
- орталық процессор:
- енгізу құрылғысы:
- есте сақтау құрылғысы:
- шығару құрылғысы.
Орталық процессор – барлық есептеу және информация өңдеу істерін орындайды.Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микорпроцессор деп аталады.Күрделі машиналарда процессор бір-бірімен өзара байланысты бірнеше интегралдық схемалар жиынынан тұрады.
Енгізу құрылғысы- информацияны компьютерге енгізу қызметін атқарады.
Есте сақтау құрылғысы – программаларды,мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін компьютер жадында сақтауға арналған.
Шығару құрылғысы – компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
Ү. Сабақты қорытындылау:
ҮІ. Үйге тапсырма беру:
ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау:Сабаққа белсене қатысқан, үй тапсырмасын орындаған оқушыларды бағалаймын. Ал, сабаққа белсенділік танытпаған оқушыларға ескерту жасаймын.
Бүгінгі сабақты Юсуф Баласағуни сөзімен аяқтағым келеді:
«Түйсік болып, қансаң білім нәріне –
Жетер қолың ой-тілектің бәріне.»
Сау болыңыздар!