Ұймдастырушылық ізденістік
|
-Анамызға себеттегі заттарды шығарып, оларды
топтастыруға көмектесейік. Бәріміз бірге орындайық. Балалар, сендер қандай
ұсыныс айтар едіңдер?
Жиынды ішкі жиынға бөлуге көмектеседі: көкөністер,
жемістер, тәтті тағамдар, қарбыз.
-Біздің қолымызда неше жеміс бар?
Олар көппе әлде
бірнешеу ме?
-Көкөніс, тәтті тағамдар нешеу екен?
-Қарбыз туралы не айтуға болады?
Қарбыз нешеу екен?
Педагог балаларға жаңа дәптерді қарап шығуды ұсынды.
Екі бетте орналасқан сабақ тапсырмаларымен таныстырады. Дәптерді қалай
пайдалану керектігін үйретеді. Бірінші шартты белгімен («қоршап сыз»-)
таныстырады және балаларды тапсырманы шартты белгі бойынша «оқып шығуға» үйретеді.
Ұжымдық жұмысты жалғастыру үшін 1- тапсырманы орындауды ұсынады. Балаларға
тапсырманы орындауға уақыт береді.
Балалардың қолындағы ұсақ бұлшық еттерді дамыту үшін
сергіту сәтін өткізеді.
Балаларға төмендегі жаттығуларды орындауды ұсынады:
1)
«Қоян»-
жұдырығымыз түюлі. Содан соң сұқ
саусақ пен ортаңғы саусағымызды шығарамыз. «Қоян» құлағын шығарады.
2)
«Сақина» -
жұдырығымыз түюлі. Бас бармақ пен сұқ саусақтарыңды бір-біріне қосыңдар.
3)
«Саусақтардың
сәлемдесуі»-алақанымызды жоғары көтеріп, саусақтарымызды бір-бірімен
айқастырамыз.
Балаларға 2-тапсырманы ұсынып, «Боя» деген шартты
белгімен таныстырады. Тапсырманы жеке орындауға және алмалар мен алмұрттарды
белгісіне қарай топтастыруға уақыт беріледі. Содан соң сұрақ қояды:
-әр топта неше үлкен және кіші алма бар екен?
Балаларды сөз арасында: «бірнеше» немесе «көп», «бір»
деген сөздерді қолдануға итермелейміз.
Сергіту минутын өткіземіз.
|
Заттарды көкөніс, жемістер, тәтті заттар деп бөлу
керектігін айтады. Заттар тобын бір сөзбен айтады.
Қарбыздың қандай топқа жататынын табуға қиналады.
Қарбызды бөліп қояды ол-біреу.
Сөз арасында «көп» және «бірнеше» сөздерін қолданады.
Оларды санына қарай бір-біріне қарама-қарсы қояды:
Жеміс-көп, ал қарбыз-біреу. Көкөніс көп ,ал қарбыз
біреу және т.б.
Дәптерді ашып 1-тапсырманы орындайды.
Саусақтарын жаттықтырады:
2-тапсырманы орындайды, бір зат пен көп (бірнеше) затты бояйды. Заттарға: «кішкентай алмалар
мен бір үлкен алма», «кішкентай алмұрттармен бір үлкен алмұрт» деген атаулар
береді.
|
Рефлексиялық-түзетушілік
|
Бүгін қандай сөздер кездестіргенін сұрйды. Балаларды «анасына көмектескені»
үшін мақтайды. Олардың тақырыпты қалай
түсінгенін сұрйды. «Жапсыр» деп аталатын жаңа шартты белгімен таныстырады
және жапсырманы қай жердан табатынын, 3-тапсырманың сол жағына көп алма
Оң жағына бір
алма жапсыру керектігін түсіндіреді. Тапсырманы орындағаны үшін балаларға
алғыс айтады, сабақтан кейін оқу құралдарын мұқият жинап қою керектігін түсіндіреді.
|
Қорытады, ойыннан алған әсерлерімен бөліседі. 3-тапсырманы орындай отырып, жаңа тақырыпты
қалай
Түсінгендерін айтады.
Оқу құралдарын үстелдіңшетіне жинап қояды.
|