Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

5-6 жастағы баланың жас ерекшелігі

     Бұл жас баланың физикалық және танымдық  үрдістерінің белсенді түрде дамитын кезеңі. Қоршаған ортаны танып білуде ойын негізгі әдіс болып қала береді, бірақ  оның формасы мен ойнау үлгісі кішкене өзгереді.

      Қазіргі таңда 5-6жастағы балалар мектепке дайындала бастайды.

Балаңыз мектепке дұрыс бейімделсін десеңіз, келесідей ережелерді орындағаныңыз жөн:

  • Міндетті түрде балаңызды мектепке шығарып салып отырыңыз, үйіңіз мектепке жақын жерде орналасса да, балаңызбен әңгімелесе отырып, балаңызды мектепке апарыңыз, балаңызбен әңгімелесу сабаққа деген қызығушылығын арттыруы мүмкін;
  • Мектепке баратын балаңызда өзінің кеңістігі болуы керек, жеке бөлмесі болмаса да, сабақ қарай»тын бұрышы болуы тиіс. (үстел, орындық, кітаптар қоятын сөре);

  • Өте маңызды кезең- дұрыс күн тәртібін ұйымдастыру;

Үй тапсырмасы мен демалысты араластырып отыру керек, 30мин тапсырма орындау, 15мин үзіліс жасау.Үзіліс кезінде далаға шығып серуендеу керек, себебі бұл жаста бала тез шаршағыш болады.

  • Осы кезде балаңыз өз жасындағы құрбы-құрдастарымен араласып және ойыншықтарменде ойнаған дұрыс, өйткені баланың өмірі қуанышты да әртүрлі болуы тиіс;
  • Балаңызға мектеп ережесімен осы бастан таныстырып отыру керек;
  • Осы бастан егер балаңыз сізден көмек сұрамаса, көмектесудің қажеті жоқ;
  • Баланың орнына жұмыс істемеңіз;
  • Балаңызға сабақ жайлы айта берудің қажеті жоқ, бала сабақты өзінің жұмысы ретінде сезінуі керек;
  • Егер қандай да, бір жағдайда сіз балаңызды юасқара алмасаңыз, психологқа немесе мұғалімнен кеңес алудан ұялмаңыз;

  • Логопедтік мәселелерді көп созбай, қазірден бастап, қолға алғаныңыз жөн;
  • Балаңыздің көзінше, оның мұғалімін жамандаудан аулақ болыңыз;
  • Балаңызға қосымша үй шаруасы мен міндеттерді жүктеуге аулақ болыңыз;
  • Балаңызға қателік жіберуден қорыпауға үйретіңіз, себебі балаңыз қателік жіберу арқылы есейе бастайды;
  • Және де, балаңызды жақсы көріңіз!

спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз