Құлпынай десерт
Ингридиенттері:
• 1 стакан балғын құлпынай
• 1 стакан сүзбе
• 1 толық емес йогурт
• 100 мл су
• 2-2,5 ас қасық желатин
• Бірнеше шоколадты печенье
• 5 ас қасық шекер
• 1 шәй қасық ваниль шекер
Дайындалуы:
Желатинді қайнаған салқын суға 5 минутқа қойыңыз. Десертке арналған сүзбе балғын әрі жұмсақ болу керек. Ваниль шекерін себіңіз. Оған шекерді талғамыңыз бойынша себіңіз. Егер сүзбе қышқыл болса, онда оған 5 ас қасықтай шекер қосыңыз. Йогурт құйыңыз. Сүзбені миксермен немесе блендермен біртекті ерітінді алу үшін араластырыңыз. Желатин еруі үшін, жәй ғана ысытыңыз. Оны сүзбеге қосып тағы да миксермен жақсылап араластырыңыз. Құлпынайды жуыңыз. Жидекті орташа өлшемде кесіңіз. Жидекті сүзбеге қосып, абайлап араластырыңыз. Шоколадты печеньелерді үгітіңіз, оны десерттің бетіне себіңіз. Құлпынай десертін мұздатқышқа қойыңыз. Сұйықтыққа мұздатқыштың иісі сіңіп қалмас үшін етін қақпақпен немесе пакетпен жауып қойыңыз. 2 сағаттан соң десертті дастарханға қоюға болады.
Ас болсын!