Бір сен үшін...
Бір сен үшін өмірімді арнадым,
Бал бақытқа балбыраумен қанбадым.
Үміт пенен сенім болды жүректе,
Өзің болдың таңғы әнім...
Бірлесумен қиындықпен күрестік,
Сағынышта сарғаятын жыр естік.
Жылдар бізді есейтіп те жіберді,
Тағдыр деген көшке бірге ілестік.
Қателіктер болды кейде басымда,
Албырт көңіл, алып ұшқан жасымда.
Кең пейілмен кешіре де білдің сен,
Түптің түбі сезім жеңді расында.
Бір сені ойлап өмір бойы күн кештім,
Сырымды ашып жыр дәптермен тілдестім.
Сезім шіркін айтыла да бермейді,
Бұл - заңдылық, білмес кім?
Сағынасың жүректегі жандарды,
Алаңдаумен достық көңіл таңдалды.
Бақытымның берекесі өзіңсің,
Жүрек жырым арналды...
09.03.2013жыл.