Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
«Комсомол» жалпы орта мектебі.
Ашық сабақ
Тақырыбы: Туған жер
Сабақ тақырыбы: Оразақын Асқар «Туған жер»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың О.Асқардың өмірі ,оның шығармалары туралы білімдерін кеңейту.Оларға өлеңдегі негізгі ойды ,идеяны ұғындыру.Өлең мазмұнын меңгеру арқылы ақынның туған жеріне деген ыстық сезімін бөлісуге үйрету .
Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл
дамыту.Іздемпаздыққа және топпен жұмыс істеуді үйрету.
Тәрбиелік:Ауыз біршілікке, татулыққа, ынтымақ,достыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: О.Асқардың портреті,интерактивті тақта,оқулық,суреттер.
Сабақ әдісі: әңгімелеу,түсіндіру,оқу, топпен жұмыс, «ой толғау».
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезені: Оқушыларды топқа бөлу.
Психологикалық ойын: «Сәттілік тілегі»
Әр топтағы оқушылар тізбектеп қол ұстаса отырып, бір-біріне тілек айтады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мақал жарысы.
1.Батыр туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
2.Батыр бір рет өледі.
Қорқақ мың рет өледі.
3.Батыр майданда шынығады.
Болат қайнауда шынығады.
Үй тапсырмасын «Астанаға саяхат»ойыны арқылы сұралады.
Слайд Көк Ту
ҚЫЗЫЛҚИЯ ҚЫЗЫЛҚИЯ
Мінекей балалар «Туған жер» деген сөз пайда болды .Әрбір тірі жанның туған жері болады .Сол сияқты мына құста қанша баптасамда өзінің туған жерін аңсауда.Қанша жаннат жер болсада туған жерін аңсайды.
О.Асқар(16.05.1935жылы туылған,ҚХР,Іле аймағы,Мүкей-Қаратас ауылы)-ақын. «Тұңғыш»,«Мейірім», «Күнгей» «Тәуелсіздік тартулары» атты жинақтары жарық көрген.Асқар Қазақтың қара өлең түрлерін ұзақ жылдар бойы ел ішінен жинап, 20мың жолдық екі кітабын жариялаған
Оразақын Асқардың «Туған жер» өлеңіне назар салайық.
Туған жер
Сүйем сені,туған жер,
Әжем жөргек жуған жер.
Шапқан жауды еліме
Батыр бабам қуған жер,
Сүйем сені,туған жер
Байлық,бақыт тұнған жер.
Миллиард пұт астықты
Қамбаға жылда құйған жер.
Сүйем сені,туған жер,
Өнер,білім қуған жер.
Ұшу үшін ғарышқа
Тоқтар белін буған жер.
Сергіту сәті:«Қошқар мен теке» Слайд
Жаңа сабақты пысықтау
Қазақстан байлығы слайд.
Сөздік жұмыс жүргізу.
Бел буу-тәуекел ету
Тапсырмалармен жұмыс жүргізу
Үйге тапсырма: «Туған жер»туралы өлең жаттау.
Рахмет.