Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

«Поэзия! Менімен егіз бе едің!?»

Поэзия! Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім?

Алауыртқан таулардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

Мұқағали Мақатаев

Қазақ поэзиясының Хантәңірісі, ақиық ақын, Ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаев ұлт ақыны атанып, кейінгі ұрпағына қайталанбас жырларын қалдырып отыр. Ақын елуге жетпеген ғұмырында қара өлеңнің көсегесін көгертіп, түу алыстан түңілігін желпілдетіп, ақ отауын тікті. «Қалқам, мен Лермонтов та, Пушкин де емен» деп қазақи кішілікке салынса да, әдебиет деген әлемде қара өлеңмен тағдырды ерекше сипатпен табыстыра жырлап, қоғамның бетіне үңілген ақын төртінші ондықта өмірден озса да, жыр – ғұмырға тағы төрт ондық қосылды, әлі де қосыла бермек. Ел өсті, жастар серпілді, әдебиет тізгінін босатты, қоғам шынжырын сындырды. Қай дәуірде өмір сүрсе де тыныштықты ұйқыдағы сәбидің келбетіне ұқсатқан ақынның ғаламға тыныштық пен сұлулық тілеген жыр сөздері, міне, ХХІ ғасыр жастары, Мұқағали ақынның «құрдастары», сіздердің игіліктеріңізде!

Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевты еске ала отырып, оқырмандарды ақынның жырларымен сусындыра отырып, ананың ақ сүтін ақтауға, мейірімділікке, отансүйгіштікке, адал сезім махаббатты, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу арқылы ақынның өшпес мұраларын насихаттау мақсатында колледжімізде «Поэзия! Менімен егіз бе едің?!» атты әдеби подиум өтті. Подиумға

1 курс студенттерінен құралған «Хантәңірі», «Муза» топтары, 3 курс студенттерінен құралған «Қарасаз» тобы және ұстаздардан құралған «Лашын» топтары шықты. Бұл подиумның ерекшелігі –«Хантәңірі» тобы Жер-Ана табиғатты жырласа, «Муза» тобы ұлы сезім Махаббатты жырлады, ал «Лашын» тобы құдіретті Ананы жырласа, «Қарасаз» тобы қасиетті туған Жерді жырлады.

Әдеби подиумды сазды күй әуенімен ИН-9 тобының арулары «Поэзия! Менімен егіз бе едің?!» әдеби композициясымен ашты. Подиумға шығушылар «Топты таныстыру», «Өлеңдерін оқу», ақынның өмірі мен өлеңінен «Мини-көрініс» кезеңдері бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Бірінші кезеңде барлық топтар өздерін ерекше стильде таныстырып (көрініс, би элементтері, шашу, өлең оқу) өтті. Екінші кезеңде де подиумшылар бірінен бірі өтіп, подиумды тамаша пайдалану арқылы өздерінің тақырып бойынша өлеңдерін көрерменге ұсына білді. «Хантәңірі» тобы ақынның «Хантәңірі» атты өлеңін оқыса, «Муза» тобының жігіттері подиуимда ерекше қозғалыс элементтерін пайдаланып, ақынның «Раушан гүліне сен серік едің...» лирикалы өлеңін көрерменге тарту етіп, көрермен қошеметіне бөленді. «Лашын» тобының ару ұстаздары ақынның Ана туралы өлеңдерінен үзінді оқыса, «Қарасаз» тобының студенттері ақынның туған жері Қарасаз, Отан, туған жер жайлы өлеңдерінен үзінді оқыды.

image image

Үшінші кезеңде «Хантәңірі» тобы «Мұқағали және дәрігер» мини-көрінісін көрерменге ұсынды. Бұл көріністен көрермен ақынның жүрек ауруы жайлы деректермен таныс болды. Жүрегін дәріге де, инеге де, пышақтауға да бермей, бірбеткейлік мінез танытқан Мұқағали ауруханадан шығып, үйіне кетіп қалады. Бас дәрігер не істерін білмей, ақынның қырсықтығына таң қалады. Мұқағалидің бейнесін сомдаған Жолдыбаева Аянаны ерекше атап өтуге болады.

«Муза» тобының жігіттері жан тітіркендірер саз әуенімен ақын Жүрсін Ерманның «Мұқағалидың соңғы түсі» өлеңін көрерменге көрініс ретінде өте тамаша ұсына білді. Ақ киімдегі Мұқағали ақын түсінде қара киімді адамдардың құрсауынан шыға алмай қиналады. Мұқағали ақынның бейнесін сомдаған Сүлейменов Төлеби ақынның жан қиналысын көрерменге жеткізе білді.

image image image

«Лашын» тобының ару ұстаздары ақынның «Қырқыншы жылғы бесік жыры» өлеңін таңдап, көрініс ретінде тамаша ұсына білді. Бесік тербетіп, қырқыншы жылғы бесік жырын айтып отырған ана, майдандағы жолдасына қолғап, байпақ тоқып отырған сүйген жарлар, майданға кеткен жолдасынан хат күтіп, күнде пошташыны мазалап жүрген жас келіншек. Көрермендер сол қасіретті соғыс кезінде отырғандай сезімде болды.

Ал «Қарасаз» тобы «Мұқағали және студенттер» атты көріністерін ұсынды. Подиумшылардың фантазиясымен құрылған бұл көрініс те көрермендердің көңілінен шықты. Сабақтан шыққан Жен ПИ-дің 1 курс студенттері, қолдарында Мұқағали ақынның өлеңі басылған «Лениншіл жас» газеті. Скверге демалуға барып, ақынның өлеңін оқуды жоспарлаған қыздар ойламаған жерден скверде отырған Мұқағали ақынға жолығады. Ақыннан сүйінші сұрап, газетке шыққан «Отан» деген өлеңін оқып беріп, ақыннан кітаптарына қолтаңба алып, соңында ақынмен кездесуді армандап жүрген қыздар Мұқағалиды жатақханаға кездесу кешіне шақырады. Топ мүшелері 70-ші жылғы ЖенПИ-дің студенттерін тамаша ойнаса, ал ақынның бейнесін сомдаған Тлекенов Жеңісті мүлде тану қиын болды. Тамаша грим жасау арқылы ол Мұқағалидың сыртқы және ішкі жан дүниесін, көрерменге толығымен жеткізді.

image image

Әділқазылар алқасы бір шешімге келгенше кітапхана меңгерушісі Шахманова А.Т. ақынның кітаптарына арналған библиофреш ұсынды. Библиофрешке ИН-9 тобының студенттері шығып, кітаптарға қысқаша шолу жасады. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Лашын» тобы Бас жүлдеге, «Қарасаз» тобы 1-орынға, «Муза» тобы 2-ші орынға, ал «Хантәңірі» тобы 3-ші орынға ие болды. Барлық топтар Дипломдар мен кәсіподақ ұйымының сыйлықтарына ие болды. Әдеби подиумды жүргізушілер Самал мен Фариза мынадай жыр шумақтарымен әдеби подиумды қортындылады:

image image

Өмірге бір-ақ келген асыл едің,

Теңіздей тебіреніп тасып едің.

Сағымға еніп кеткен кемедейсің,

Аралап жиырмасыншы ғасыр елін.

Өмірін өлеңменен өрген ақын,

Тағдырдың таршылығын көрген ақын.

Қазақтың қасиетті қара өлеңі

Жалғаса береріне сенген ақын.

Жырыңа тебіренді ел , ұйып қалды,

Қол соғып, Алатау да иықтанды.

Қарасаздан басталған қайран сапар

Амал не, Көктөбеде тұйықталды.

Батырлардай тау тұлғалы қалпың бар,

Мұқа, сенен қалған өлең-алтын бар.

Кітабыңа шаң қондырмай аялап,

Жырларыңды жатқа оқитын халқың бар.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Иә, бүгін естір құлақ пен есті көңіл қайыра бір сілкініп, ұлы музаның сиқырлы, сырлы сазына шомылып, меңіреу шыңдарға тіл бітіп, бедеу қырларға үн қонып, қазақтың жазығында тұлпары тулап, көгінде қыраны қалқып, жаны жадырап, көңілі шалқығаны ақиқат шығар. Себебі, бүгін ақынның туған күні. Бүл күндері қаншама жастар үміттерінің отын Мұқаағали жырымен үрлеп, Мұқағали жырымен сенімдерінің шырағын жағуда...

Қазақтың жыры аманда, қазақ өлеңін оқитын ел аманда, мына сыры мен сиқыры мол ғаламды өзінің құндағында тербетер құдыретті Жырдың да өз халқымен бірге, өзінің ұлы Тауларымен, ұлы Даласымен бірге өмір сүрері, ғұмыр кешері ақиқат. Қаншама ғасыр өтсе де, туған халқының ұлы қуаныштары мен ұлы қасиеттерін терең сезініп, тебірене жырлаған Мұқағали Мақатаевтың Жыр – Тауы да зорайып, асқатай түспек.

Жезқазған гуманитарлық колледжі

Кітапхана меңгерушісі Шахманова А.Т.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Sania в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ