Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Омашева Ғалия Молдатаевна

№ 15 мектеп-лицей,

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Халқын сүйген-салтын сүйер»,3 сынып

Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыту, мінез-құлқын қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне үйлесімді қалыптасуын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру. Балалардың бойына ұлттық, имандылық-инабатталық тәрбие беру. Еңбекті сүюге, үлкендер еңбегін құрметтеуге баулу. Ұлттық мұраларға және ұлттық өнерге деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Көрнекілік құралдар:

Орталықтардағы жұмыс бағыттары бойынша керекті құралдар.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңдері

1. Көңілашар

2. Кіріспе сөз

3. Орталықтарға бөліну

4. Орталықтарға бағыт беру

ІІ. Бағыттар бойынша орталықтардағы жұмыс.

ІІІ. Орталықтардағы жұмыс қорытындысы.

ІV. Қорытынды.

Сабақ барысы.

1. Көңілашар (балалардың бір-біріне тілек білдіруі

2. Кіріспе сөз

- Қазақ халқында қарттарды құрметтеу, үлкенді сыйлау, балаларға жаңашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата-ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған.

1-ші оқушы - Жаңарғаны сананың

Ұмытады бұны кім

Ата-салтын бабамның

Алып келді осы күн.

2-ші оқушы - Қорғайық кәрі – жасты, халқымызды,

Шығарайық бар әлемге даңқымызды.

Оқу да, еңбекте де алға басып,

Ұмытпайық ата-дәстүр салтымызды.

ІІ. Енді сабақты әріқарай орталықтарда жалғастырамыз. Ол үшін 4 топқа бөлінейік. Жылдың төрт мезгілін атау арқылы (қыс, жаз, көктем, күз).

1-ші орталық: «Шеберлер» орталығы.

- Сіздердің мақсаттарыңыз: «Ою ойғанның – ойы ұшқыр» дегендей, ою-өрнек ою арқылы кілемше құрастыру.

2-ші орталық: «Баспасөз» орталығы.

Сіздердің мақсаттарыңыз: Әдебиеттерді қолдана отырып, қазақ халқының әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне байланысты буклет шығару.

3-ші орталық: «Өнер» орталығы

Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірін көрсету

Балалар, баршаңызға сәттілік тілей отырып, «Ынтымақ болмай іс өнбес», «Алтау ала болса, ауыздығы кетеді»; «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мақалдарды естеріне сала кеткім келеді. Ендеше, іске – сәт.

ІІІ. Орталықтардың жұмыс қорытындысы

1. Шеберлер орталығының жұмыс көрмесі

2. Баспасөз орталығының шығарған буклетінің презентациясы

3. Өнер орталығының көрінісі

4. Рефлексия.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы