Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Жасқайрат ауылы

Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі

Құсайынова Қалы Ұзықбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Құрақтан жылан құрастыру

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға құрақ құрау тәсілдері мен тігу жолдарын, түрлендіре көркемдеу тәсілдерін таныстыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен ұштастыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мәні: Жинақылыққа, әсемдікке үнемшілдікке, шеберлікке тәрбиелеу

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Тарих, геометрия, бейнелеу, сызу.

Көрнекілігі: Құрақ түрлері. Сызбалар. Интерактивті тақта.

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен сәлемдесу

- Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру

- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын пысықтау

1.Матаны неден тоқиды?

2.Матаның қандай түрлерін білесің?

3.Мата нешеге бөлінеді?

4.Әженің ақылын түсіндің бе?

5.Ыстық ыдыс астына неге сүлгіше саламыз?

6.Мата қиындыларынан тағы да не істеуге болады?

7.Қиындыларды қалай таңдайсың?

imageМайда құрақ Ботакөз құрақ Тістеме құрақ

image

Алма құрақ Ат құрақ Айшық

ІІ.Мағынаны ашу

Жаңа сабақ

Біздің еліміздің қолөнері жақсы дамыған мысалы табиғатпен байланыстырып құрақ түрлерін құраған. ХХ – ғасырда тіршілік өнері қайта дамып, оның ішінде құрақ-құрау түрін қайта жаңғырды. Құрақ құраудың екі мақсаты бар.

1.Матаның қиындыларын дұрыстап құрастыру және одан сәндік бұйымда тігу.

2.Матаның бір-біріне үйлесімділігін түрін және олардың суреттерінің сәйкестігін ескеріп, матаның қиындыларын іске асыру.

Жылан –көлемін пішеміз. Демек жұмсақ ойыншықтар дайындау ретін пайдаланамыз. Жылан жасау барысында біз екі амалды біріктіреміз. Құрақ жылан тігу кезінде тігіс түрлерін еске түсіру.

ІІІ.Топтастыру әдісі

imageimageimage Алма құрақ Ат құрақ Майда құрақ

image

Жұлдызша құрақ Ботакөз құрақ Айшық құрақ

Выноска-облако: тырна құрақ,выноска-облако: қаттама құрақ,выноска-облако: таңдай құрақ


imageimageimageКөмкеріп тігу Қайып тігу Шынжыр тігіс

image

Көктеп тігу Ауыспалы тігіс Айқас тігіс Табан тігіс

image Сарыбас жылан Кобра

image


Сұржылан Өрнекті жылан

imageОрыс халқы «Мозайка »

Лента лицом вниз: құрақ Қазақ халқы

image «Құрақ»

image

Жапон халқы«Сашико»

ІV. Қауіпсіздік ережесін сақтау

1. Қайшыны жолдасыңа сап жағымен ұсынамыз.

2. Инені киімге қадауға болмайды

3. Қайшыны ашық тастама.

4. Жіпті тіспен қима.

V. Өз бетінше жұмыс

Құрақ жылан жасау

Керекті құралдар:

Мата түрлері, ине жіп,центифон маталар түймет.басқалары.


VІ. Сергіту сәті

Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмас жіпті де

Екі саусақ бірікті

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ, жол салсақ.

VІІ. Сабақты қорытындылау

Оқушыларға сауалнама жұмыс беріледі

1.Құрақ өнері неше тұрге бөлінеді?

А) 4 Ә) 5 Б) 2

2. Құрақ өнері қазақ халқында қай ғасырда пайда болды?

А) 19-20 Ә) 15-16 Б) 17-18

3.Жапон халқында құрақ өнері қалай аталады?

А) Мозайка Ә) Құрақ Б) Сашико

4.Құрақ құрау қандай материалдан жасалады?

А) Былғары Ә) Тері Б) Мата

VІІІ. Үйге тапсырма

Құрақтан жылан құрастыру

ІХ. Бағалау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы