Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Тарауих намазының сауаптары

спросил от Surak_zhauap в категории Тесты ЕНТ, КТА, ВОУД Ответы на тесты ЕНТ

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Тарауих намазының сауаптары

1-күні тарауих намазын оқыған анасынан жаңа туылғандай күнәдан тазарады

2- күні егер ата-анасы мұсылман болса, олардың күнәлары кешіріледі

3-күні бір періште: «Ия, Аллаһ, қабыл еткін амалын», -деп жария етіп айтады. Яғни, «Аллаһ тағала жасаған күнәларан кешті»-деп айтады.

4-күні Таурат,Забур, Інжіл және Құран Кәрімнің (оқығанның ) сауабын табады.

5-күні Аллаһ тағала Қағба бөлмесінің ішінде, Мадина Мунаууардың және Мәсжид-Ақса мешітінде оқығандай сауап береді

6-күні Байтул-Маъмурды еткеннің сауабындай сауап беріп және ол үшін тастар мен құмдардың барлығы истиғфар айтады.

7-күні Мұса (а.с) Пайғабарды табады және Мұса(а.с)-мен бірге Ферғауын және Хаманға қарсы шыққандай сауапқа ие болады.

8-күні тарауих оқыса, Аллаһ тағала Ибраһим (а.с) берген сауаптай сауап береді

9-күні Аллаһқа Пайғамбар Мұхаммед (с.а.у) құлшылық еткен болса, сондай ғибадат еткенмен тең болады

10-күні Аллаһ тағала дүние және ақыреттің жақсылығын оған нәсіп етеді

11-күні тарауих оқыса, дүниеден анасының қарнынан жаңа туылғандай болып шығады

12-күні тарауих оқыса, қиямет күні беті он төрт күндік толған айдай болып келеді.

13-күні кешінде тарауих оқыса, қиямет күні барша жамандақтан саламатта болады

14-күні күні кешінде тарауих оқыса, ахыретте періштелер келіп, «бұл кісі тарауих намазын оқыған» деп куәлік береді. Аллаһ осыдан кейін есеп алмайды

15-күні тарауих оқыса, періштелер ол кісіге салауаттар жібереді.

16-күні Аллаһ тағала тозақтан құтқарып, жәннатқа кіруіне куәлік береді

17-күні тарауих оқыса, барлық пайғамбарлардың саубындай сауап береді

18-күні тарауих намазын оқыса, бір періште келіп: «Ей,Аллаһ тағаланың құлы! Әлбетте Аллаһ тағала саған және ата-анаңа риза»-деп айтады

19-күні тарауих намазын оқыса,Аллаһ тағала оған Фирдауси атты жәннатты сыйлап, оның мәртебесін көтереді

20-күні тарауих намазын оқыса, қиямет күні Аллаһ тағала шаһидтер және жақсы салиқалы кісілердің сауабын нәсіп етеді.

21-күні тарауих намазын оқыса, Жәннаттан нұрдан жасалған үй сый етіледі

22-күні тарауих намазын оқыса, қиямет күні барша уайым-қайғыдан аман болады

23-күні тарауих намазын оқыса, Аллаһ тағала оған жәннаттан бір шаһар дайындайды

24- күні тарауих намазын оқыса, жиырма төрт дұғасын қабыл етеді

25-күні Аллаһ тағала ол кісіні қабыр азабынан құтқарады

26-күні тарауих намазын оқыса, оған Аллаһ тағала 40 жылдық ғибадаттың сауабын береді

27-күні тарауих намазын оқыса қияметте сырат (қыл көпірден) көпірінен құстай ұшып өткізеді

28-күні тарауих намазын оқыса, Мекке-Мадина шаһарына мың рет қажылықтың сауабын нәсіп етеді

29-күні тарауих намазын оқығанға Аллаһ тағала «Ей, құлым, саған жәннаттың алуан түрлі жемістерінен нәсіп болар және салсабил суына шомыл, кәусар суын мейірің қанғанша ішіерсің, Мен сенің Жаратушыңмын, сен менің құлымсың»деп айтқан

ответил от Surak_zhauap

Связанных вопросов не найдено