Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
•Ассоцияциялық вакциналар

•Тірі вакциналар

Тірі аттенуацияланған вакциналар микроорганизмдердің әлсіреген штамдарын негізге алып жасалады, олар вируленттігін жоғалтқанмен, антигендік қасиетін сақтап қалады.Бұл штамдарды сұрыптау немесе генетикалық инженерия әдістері арқылы алады. Кейде туыстығы жолымен ұқсас антигендердің штамдарын, адамдарға ауру тудырмайтын микроорганизмдерді қолданады (дивергентті штамдар), олардан дивергентті вакциналар алынған. Мысалы, шешекке қарсы егуде сиыр шешегінің вирусы қолданылады. Тірі вакцинаны организмге еккенде өміршең болып келеді, көбейеді, жайылымды вакциналық процесті және аттенуацияланған штам алынатын патогенді микроорганизмдерге арнайы имунитетті тудырады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Тірі вакциналарды сол микроорганизмдерге оптимальді қоректік орталарда аттенуацияланған штамдарды өсіру жолымен алады. Бактериялды штамдарды сұйық қоректі орталы ферменттерде немесе қоректік орталарда өсіреді; вирусты штамдарды тауық эмбрионында, бірінші – трипцинделген жасушалардың шектеусіз дақылдарында өсіреді. Бұл процес асептикалық жағдайда жасалады. Аттенуацияланған штамдардың биомассасын консентрациялайды, тұрақтанған ортамен кептіреді, кейін оны микроорганизмдердің санымен стандарттайды және ампула немесе флакондарға салады. Тірі вакцинаға консервант қоспайды. Әдетте вакцинаның бір мөлшері 103 – 106 тірі микроорганизмдерді құрайды. Вакцинаның жарамдылық мерзімі 1-2 жылмен шектелген, вакцина төмен температурада сақталуы және тасымалдануы қажет (4-80С)
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Тірі вакциналар басқа вирустармен бактериялді инфекциялардың (аденовирусты, қызамыққа қарсы, легиолелеза т.б.) алдын алу үшін қолданылады және өңделуде. Тірі вакциналарға векторлы рекомбинантты вакциналар жатады, ол гинетикалық инженерия әдісі арқылы алынады. Векторлы вакцинаны вирустың немесе бактериялардың вакциналы геномына бөтен антиген генін тіркей отырып құрастырады. Нәтижесінде осы векторлы вакциналы штамм имунндаудан кейін текрециепенттің вакциналы штамына ғана емес, және де жаңа бөтен антиген де имунитет тудырады. Қазір шешек вирусты вакцинасының реконбинантты штамы гепатит В вирусының НВs антигенімен алынған. Мұндай векторлы вакцина шешек пен В гепатитіне қарсы бір уақытта имунитет тудыра алады.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов