Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Үштілділік -көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру құралы ретінде стратегиялық мәні ерекше құбылыс

Байтурганова Меруерт Сериковна

"Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы

Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ

ИДӘҚЕ бөлімінің бас маманы

Заманауи уақыт ағымына сай білім мен ғылымның, экономиканың, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған жаһандану кезеңінде қоғамымызға кәсіби білімі жетік құзіретті мамандар мен шығармашыл да бастамашыл тұлғалардың қажет екені сөзсіз. Соған орай соңғы жылдары өскелең ұрпақтың білім сапасын халықаралық деңгейге жеткізу мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда, еліміз жаңартылған білім беру мазмұнына көшті. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында, әсіресе, үштілділікті енгізу мәселесі аса маңызды болып табылады.Үштілді білім беру мәселесі Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі»,-деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы. Сондықтан үштілділікті тәуелсіз еліміз үшін стратегиялық мәні ерекше құбылыс деп бағалағанымыз жөн.

Қазақстан Республикасы білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде қолайлы тілдік ортаны құру арқылы көптілді тұлғаны дамыту - бүгінде қазақстандық білім беру ұйымдары педагогтерінің алдына қойылып отырған үлкен жауапкершілік. Заманауи білім беру жағдайында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастап ЖОО педагогтерінің үштілді көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудағы кәсіби шеберліктерін жетілдіру мәселесі бүгінде аса өзекті болып табылады. Көшбасшымыз ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүниежүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл еніп келе жатқанына баса назар аудара отырып, ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауды талап етіп отыр. Бұл үдерістен ешбір білім ордасы, еш педагог тыс қалмауы керек. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және адами капиталды дамыту үшін Қазақстан Республикасында білім берудің барлық деңгейлерінде үштілділік оқытуды кезең-кезеңмен енгізуді қамтамасыз ету мақсаты алға қойылып отыр. Осыған орай «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты облыс педагогтерінің көптілділік кәсіби құзыреттілігін дамыту бойынша үздіксіз іс-әрекет етуде. Бү­гінгі күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының алға қойып отырған басты талабы да педагогтердің көптілділік кәсіби құзыреттілігімен, көшбас­шы­лы­ғымен, зияткерлік алғырлығымен ерекшеленеді. «Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз міндет»,- деп Нұрсұлтан Әбішұлы ерекше атап көрсеткендей, осынау мүмкіндіктерді игеру мақсатында облысымыздың білім ордалары үштілділікті тиімді енгізудің тың жолдарынан ізденіс жасауда.Мұндай ізденістер елімізде білім беру маз­­­мұнын жаңарту бағдарламасын енгізу бойынша жүргізіліп жатқан біліктілік арттыру курстарында ғана емес, БАИ Қарағады филиалының профессорлық-оқутышылық құрамы мен қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізіліп тұратын курсаралық әдістемелік іс-шараларында, корпоративтік және ұжымдық оқытуларда жү­йелі түрде қарастырылып отырады.

Мектеп қабырғаларында оқытудың үштілділігі көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру құралы ретінде алғашқы жұмыстар бастауын алып та кетті. Биылғы оқу жылы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасын дәйекті түрде жүзеге асыра отырып, жалпы білім беру мектептеріне «Назарбаев зияткерлік мек­теп­тері» дербес білім беру ұйым­дары тәжі­рибесін жүйелі-бейім­деп тарату және білім беру маз­мұнын жаңарту жағдайында жұмыс атқару үдерістері басталып отыр. Бұл үдерістердің аясында жүзеге асырылатын үштілділік білім берудің басты ерекшелігі, ең алдымен, бағдарлама бойынша пәндер түрлі тілдерде жүргізіледі. Мәселен, жара­тылыс­тану-математикалық ба­ғыттағы физика, биология, химия, ақпараттық-коммуникативтік технология пән­­дерін ағылшын тілінде оқыту, сабақтан тыс шараларда тілдердің кіріктірілуі, мектеп кітапханасының үштілді ресурстармен қамтамасыз етілуі сияқты талаптар «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 89-қадамына сәйкес қазіргі уақытта «2015-2020 жылдарға арналған үштілді білім беруді дамытудың жол картасы» жобасымен қарастырылып отыр. Көріп отырғанымыздай, тілді пән ретінде оқытудан басқа, өзге де пәндерді орыс, ағылшын тілдерінде оқыту арқылы тілдердің үштұғырлығына қол жеткізу көзделген. Сонымен қатар мектеп кітапханасының үштілді ресурстармен қамтамасыз етілуі оқушыларға шығарманы түпнұсқадан оқуға жағдай жасайды. Сабақтан тыс шараларда, факультативтерде, үйірмелерде үш тілді бірдей қолдану, іс-қағаздарды үш тілде жүргізу де тілді білуді әрі қолдануды қажет етеді. Бұл шаралар тілдердің қолданысы мен дамуына жағдай жасайды және осы жұмыстарды барлық мектептерге енгізу –“Тілдердің үш тұғырлығы” бағдарламасын бірден-бір іске асырудың жолы ғана емес, қазақ тілін орыс және ағылшын тілдерінің деңгейіне дейін көтеріп, бәсекелестігін арттыру болып табылады.

Өскелең ұрпақтың үш тілді: қазақ тілін – мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін халықаралық тіл ретінде оқып үйренуге ұмтылыс жасауы — замана талабы, болашақ ұрпаққа қажеттіліктен туындап отыр. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті болып отыр. Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Дамыған отыз мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік. Қазақстанның болашағы білімді де білікті ұрпақтардың қолында.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов