Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Мақал-мәтел жинағы

Бала, баланың ісі шала.

Балалы үй базар,
Баласыз үй – қу мазар.

Бала күлкіге  тоймас,
Жаман ұйқыға тоймас.

Жеті атасын білмеген,
Жетімдіктің салдары.

Ұл туғанға - күн туар.

Итпен ойнасаң үрерсің,
Баламен ойнасаң күлерсің.

Ат болатын құлынның
Бауыры жазық келер,
Адам болар баланың
Маңдайы жазық келер.

Жылайын деген баланың
Үш күн бұрын көзі қышыйды.

Алты жасар бала атқа мінсе
Алпыстағы шал алдынан шығар.

Балалы үйрек көлден кетпес,
Баласы жас елден кетпес.

Жаманға айтқан ақылың
Далаға атқан оқпен тең.
Талабы жоқ жас ұлың,
Жалыны жоқ шоқпен тең.

Әдепсіз бала –
Аяққа басылған шал.

Атасыз ұлдың ауызы үлкен.

Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді,
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.

Жетім бала кекшіл.

Шыбық тимес, шыңқ етер.

Ер бала ата-анаға таяу,
Қыз бала үйге жаққан бояу.

Бала адамның баур еті.

Боранды күні бала құтырар,
Желді күні ит құтырар.

Жас жастың тілнгі бір,
Жібектің түйіні бір.

Жетім, жетім демеңіз,
Жетімнің ақын жемеңіз.

Болар бала боғынан.

Жақсы бала қонаққа үйір,
Жақсы тай атқа үйір.

Күлшелі бала сүйкімді.

Болатын елдің баласы,
Бірін бірі «батыр» - дейді,
Болмайтын елдің баласы
Бірін бірі «қатын» - дейді.

Оразының баласы
Он бесінде баспын дейді,
Шеразының баласы,
Жиырма бесінде жаспын дейді.

Қыз – қуыршақ, - дейді.
Бала – құлыншақ, - дейді.

Жауатын күн – ыстық болады,
Болатын бала – пысық болады.

Өлетін бала молаға қашады.

Бала соққан кездіктің басы жарық.

Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.

Ата өліп бала қалса,
Мұратына жеткені.
Бала өліп ата қалса,
Арманы іште кеткені.

Жылайын деген бала,
Әкесінің сақалымен ойнайды.

Өз ұлың, өкпеге тепкілесең де кетпес,
Кісі баласы кісендесең де тұрмас.

Тісі шыққан балаға,
Шайнап берген ас болмас.

Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер.

Өзі жығылған бала жыламайжы.

Аш бала,
Тоқ баламен ойнамайды,
Тоқ бала,
Аш болам деп ойламайды.

Талапты бала –
Талпынған құстай,
Құмары қанбас –
Аспанға ұщпай.

Қыз – қонақ.

Қыз - ауылдың көркі.
Құндыз болса бөркі.

өткелден өткенше қызыңды алайын...

Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма.

Ұлың ұрымға, қызың қырымға.

Теңін тапсаң тегін бер.

Қызыңды жеріне бер,
Жер ыңғайы келмесе еріне бер.

Қызы бардың – назы бар.

Ат биеден,
Аруана түйеден.

Жылқылы елде жау көп,
Жатақ елде дау көп.

Аттан тай озады,
Атадан бала озады.

Жылқы малдың патшасы,
Түйе малдың қасқасы.

Ат айында,
Бие жылында құлындайды.

Тұлпар түбін табады,
Жақсы адам елін табады.

Жүйрік аттың сауырын берік алар.


Ат сүрінбей жер танымас.

Ала бұтаға ат бекітпе.

Аттың бәрі тұлпар болмас,
Құстың бәрі сұңқар болмас.

Бір биенің екі емшегі,
Бірі кетсе сүті жоқ.
Бір түйенің екі өркеші
Бірі кетсе күші жоқ.

Арықты мінгенше,
Аяғыңа мін.

Ат ұстаған азабынан құтылады.

Алуан-алуан жүйрік бар,
Әліне қарай жүгірер.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

–1 голос
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов