Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Жоспар:
1.    Электр тоғының адамға әсер етуі. Адамды электр желісіне қосу қауіптілігін талдау.
2.    Электр қондырғыларындағы қорғау шарасы. Электр қондырғыларында қолданылатын қорғау құралдары.
3.    Қоршаған ортаның сипатына байланысты электр жабдықтарын таңдау.
Электр тогымен зақымданған кезде көмек көрсету

    Электр тогының адамға  әсері әр түрлі болады . Адам ағзасы арқылы өте отырып , электр тогы термиялық , электролиттік және билогиялық әсер туғызады . Токтың  термиялық әсері дененің жекелеген бөліктеріндегі күйіктерден , қантамыр , қанның және т.б сосудтардың қызуынан көрінеді . Токтың электролитік әсері қанның және ағзадағы басқа да органикалық сұйықтардың ыдырап , соның әсерінен олардың физикалық – химиялық құрамының едәуір мөлшерде бұзылуына әкеледі . Токтың биологиялық әсері ағзаның тірі жасушалары қозып және тітіркеніп , өкпе мен жүректің , бұлшық еттердің тырысып қысқаруына әкеледі . Нәтижесінде қанайналым мен тыныс алу мүшелерінің қызметтері әр түрлі дәрежеде бұзылуы немесе толығымен тоқтауы мүмкін .
Электр тоғы мен үрынудың негізгі себептері: электр қондырғыларын дүрыс құрмау, жер астына жүйелердің жіберілмеуі, жалаңаш желілердің қолданылуы, электр тоғын қолданған кезде техникалық ережелерді сақтамау. Электрлік жарықтың шығуы бірқатар ережелерге байланысты: электр тоғының мінездемесінен, организмнің жэне сыртқы ортаның жағдайы. Өмір үшін қауіпті деп ылғалды ғиамаратта 24в ал құрғақ ғимаратта Збв қысымы саналады. Адам денесінің электризациялануы электрленген материалдар және бүйымдармен жүмыс істегенде жүзеге асуы мүмкін. Адамдарда жиналған электрдің саны жерде түрған заттармен қатынас жасаған кезде үшқын тудыруға жетеді. Статистикалық электрдің адам организіміне беретін физиологиялық әсер разряд кезінде босатылатын электр энергиясының көлеміне байланысты. Қондырғының үстінен қауіпті үшқын зарядттарының туындауын ескерту үшін статистикалық электрдің пайда болып жатқан зарядтарының ағуын қамтамасыз ету қажет. Бүл статикалық электрден қорғаудың үжымдық және жекеше құралдарын қолдану арқылы жүзеге асады. Қорғаушы әсері орналастыру корпусымен және басқа ток жүргізілген бөліктермен қарым-қатынас жасаған кезде пайда болатын ток тарту қауіпін төмендетеді. Қорғаушы жерге орналастыру принціпі - қысым астында қалған корпустар арасындағы қысымды төмендетеді . Электрқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кәсіпорында еңбектің қауіпсіздік әдістеріне үйрету және нұсқаулар жүргізіледі.
Электрлік токтың қауіпті эсері адамның электро кондырғылардың ток жүретін бөліктермен тікелей жанасқан  кезінде көрінеді.
Зақым түрлері
    Электр тогымен зақымдалу мынадай жағдайлардың нәтижесінде шығуы мүмкін :
—    кернеуде тұрған ток жүретін бөліктермен тікелей жанасқанда ;
—    электрлік оқшаулағыштың зақымдануынан кернеуде тұрған электр қондырғылардың корпусына және металды конструкцияларға жанасудан ;
—    жоғары кернеуде тұрған бөліктерге жанасу нәтижесінде адам денесі арқылы  t0=4000 0C  доға жүруі мүмкін.

 Электр жарақаттарынаң түрлері
    Электр жарақаттары әкелу зардаптарына қарай жергілікті және жалпы немесе электр соқылары болып бөлінеді . Жергілікті электр жарақаттары адам ағзасының анық көрінетін зақымдарымен жүреді . Жалпы немесе электр соққылары тіршілікке қажетті маңызды мүшелер мен жүйелер қызметтерінің бұзылуына , бүкіл ағзаның зақымдануына әкеледі.
Жергілікті электржарақаттар
    Жергілікті электржарақаттар — бұл анық көрінетін дененің беткі қабатының , жұмсақ ұлпалардың , буындар мен сүйектердің зақымдануы . Оларға :
    - электрлік күйік – аса көп таралған электр жарақат . Күйік электр тогымен зақымдалғандардың 60-65%-де кездеседі . Олардың көпшілігі шұғыл жұмыс істейтін қызметшілерде , істеп тұрған электр қондырғыларымен жұмыс істейтіндерде кездеседі .
    Электрлік күйіктің екі түрі болады . Токтық (қатынастық) және доғалы — электрлік белгілер . Олар адамның ток жүргізгіш бөліктермен қатынасқан жерлерде орын алады . Олар лезде сызбаланған , сарғыш түсті қатқан дақтар болып көрінеді .
—    дене қабатының метализациясы — қысқа тұйықталуларда пайда болатын электрлік доғаның дене қабатына өтуі ;
—    электрлік офтальмия — электрлік доғаның ультракүлгін сәулесінің әсерінен туындауы нәтижесінде көздің ішкі қабығының қабынуы .
Жалпы электр жарақаттар
    Жалпы электр жарақаттар немесе электрлік соққылар — бұл адам денесі арқылы жүрген электр тогы әсерінен нерв жүйесінің тітіркенуі реакциясынан туындаған электр жарақаттар . Олар бұшық еттердің өздігінен тырысып қысқаруына , шок , адам ағзасындағы аса маңызды жұйелердің — тыныс алі және қанайналымының тоқтауына әкеліп соқтырады . Соның салдарынан адам өлуі мүмкін .
    Электр соққыларының қауіптілігі соншалық , олардың әсері адам өліміне әкелмесе де , ағза жұмысы едәуір бұзылады . Бұл бұзылулар кейда айлар мен жылдар өткенде білінеді . Сондықтан электр соққыларымен жүретін барлық электржарақаттарда міндетте түрде зақымданғандардың денсаулық жағдайларына бақылау  жүргізіп , медициналық куәландыру қажет .  
    Организмге токтың әсер ету шығынына байланысты электр соққылар мынадай 4 дәрежеге бөлінеді :
1.    Адам есінен танбайды , бұлшық еттер тырысып қысқарады .
2.    Бұлшық еттер тырысып қысқарады , адам есінен танады , бірақ та жүрек жұмысы мен тыныс алу сақталады .
3.    Адам есінен танады , жүрек қызметі мен тыныс алу нашарлайды .
4.    Егерде қанайналым мен тыныс алу болмаса , клиникалық өлім болады.
Электр тогымен зақымдану қауіпін талдау
    Электр құрылғының ток өткізгіш бөліктерімен жанасқан  жағдайда , яғни адам денесі арқылы электрлік тізбек тұйықталса , адамды электр тогы зақымдайды. Бұл тізбектің кем дегенде екі нүктесімен жанасқанда болады . Бұл нүктелердің арасында кернеу бар , ол жанасу кернеулігі деп аталады .
    Адам денесі арқылы өтетін ток жанасу кернеулігі мен электр тізбегіне адамның кедергісімен анықталады .
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Жанасу кернеулігі тізбектің кернеуі оның схемасына , бейтараптану режиміне (тәртібіне) , электр тармағына адамның қосылу схемасына , ток жүретін бөліктердің жерден оқшаулану дәрежесіне байланысты .
    Өнеркәсіпте бейтарапты бітеу жерге қосылған немесе оқшауланған үш фазалы токтың электр тармақтары аса көп пайдаланылады .
    Жерге қосылған құрылғымен байланыспаған генератор немесе бейтарапты трансформатор оқшауланған дап аталады .
    Жерге қосылған құрылғымен тікелей , не болмаса аз ғана кедергі арқылы байланысқан генератор немесе бейтарапты трансформатор бітеу жерге қосылған деп аталады .
    Электрлік тармаққа адамның қосылуының үш схемасы тән :
—    электр тармағының екі фазасы ;
—    электр тармағының бір фазасы мен жердің арасында , бұл бір фазалы жанасуға сәйкес ;
—    ток тізбегінің екі нүктесі арасында . Нүктелердің бірі екіншісінен бір қадам қашықтықта болса , және оларда адам бір уақытта тұрса . Бұл қадам кернеу әсеріне сәйкес .
 Бір фазалы жанасу
    Көп жағдайда электржарақаттардың шығу себебі бір фазалық жанасудан болады . Адамның ток жүретін бөліктерге тікелей байланысқанда , сондай-ақ кернеуде тұрған электрқұрылғының конструкциясының металды бөліктеріне жанасуына байланысты шығады . Бұл жағдайда электржабдықтау көзінің бейтараптау режимі айтарлықтай маңызды .

Бақылау сұрақтары:
1    Бір фазалы жанасу
2    Электр тогымен зақымдану қауіпін талдау
3    Жалпы электр жарақаттар
4    Жергілікті электржарақаттар
5    Электр жарақаттарының түрлері
6    Зақым түрлері
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов