Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Бақылау сұрақтары
1.    Биофармация ғылым ретінде анықтамасын беріңіз. Биофармацияның негізгі мақсаты неде?
2.    Биофармация ғылым ретінде пайда болу себептері?
3.    Терапевтік адекватсыздық туралы түсінік. Оның пайда болу себептері?
4.    Дәрінің терапевтік әсері және терапевтік эффективтілігі туралы жалпы түсініктер беріңіз.
5.    Химиялық эквиваленттер, биологиялық эквиваленттер, терапевтік эквивалеттер туралы түсініктерді беріңіз?
6.    Дәрінің ағзада жылжуының негізгі сатылары қандай?
7.    Дәрінің терапевтік эффективтілігіне және оның ағзада жылжуының әр сатысындағы процесстің жылдамдығына әсер ететін факторлардың негізгі топтары қандай? Оларға қысқаша сипаттама беріңіз.
8.    Биофармацевттік зерттеулердің негізгі бағыттары қандай?
9.    Дәрілік заттың дәрілік түрден босап шығуын және ағзаға сіңірілуін қандай негізгі физико-химиялық қасиеті белгілейді?
10.    Дәрілік заттың дәрілік түрден босап шығу толықтығына және жылдамдығына фармацевтік факторлардың қандай негізгі топтары әсер етеді?
11.    Дәрінің терапевтік эффективтілігіне дәрілік заттың химиялық модификациясы фармацевтік факторлардың бірі ретінде қалай әсер етеді? Осы факторды басқарудың мүмкіндіктері қандай?
12.    Дәрілік заттардың терапевтік эффективтілігіне дәрілік заттың физикалық күйі фармацевтік факторлардың бірі ретінде қалай әсер етеді? Осы факторды басқарудың мүмкіндіктері қандай?
13.    Полиморфизм құбылысын түсіндіріп беріңіз. Заттардың әртүрлі полиморфты модификацияларының пайда болуына қандай факторлар әсер етеді? Дәрінің терапевтік эффективтілігіне және тұрақтылығына полиморфизм қалай әсер етеді? Осы факторды басқарудың мүмкіндіктері қандай?
14.    Дәрінің терапевтік эффективтілігіне және жанама жағымсыз әсеріне препараттың дисперстік дәрежесі қалай әсер етеді? Осы факторды басқарудың мүмкіндіктері қандай?
15.    Қандай себептермен және қандай бағыттар бойынша дәрілік түрдің құрамына кіретін көмекші заттардың әсері болуы мүмкін?
16.    Дәрінің терапевтік эффективтілігіне көмекші заттардың табиғаты қалай әсер етеді? Осы факторды басқарудың мүмкіндіктері қандай?
17.     Дәрінің терапевтік эффективтілігіне көмекші заттардың мөлшері қалай әсер етеді? Осы факторды басқарудың мүмкіндіктері қандай?
18.    Дәрінің терапевтік эффективтілігіне дәрілік форманың түрі және оны ағзаға енгізу жолы қалай әсер етеді? Мысал келтіріңіз. Осы факторды басқарудың мүмкіндіктері қандай?
19.    Дәрінің терапевтік эффективтілігіне өндірістік процестері (технологиялық опреациялардың тәсілдері, технологиялық құрал-жабдықтардың түрлері) қалай әсер етеді? Осы факторды басқарудың мүмкіндіктері қандай?
20.    Дәрілік заттың дәрілік түрден босап шығу жылдамдығы мен толықтығын “іn vіtro” тәжірибеде анықтау үшін қандай негізгі әдістер қолданылады?
21.    “Іn vіtro” тәжірибеде агар пластинкаға тікелей диффузияны жүргізу әдістемесі неде?
22.    “Іn vіtro” тәжірибеде Крувчинский бойынша жұмсақ дәрілік түрлердің биофармацевтік талдауын жүргізу әдістемесі неде?
23.    Фармакокинетикаға биофармацияның саласы ретінде анықтамасын беріңіз. Фармакокинетиканың негізгі мазмұны неде? Фармакокинетиканың негізгі міндеттері қандай?
24.    Терапевтік эффектінің пайда болу қажетті жағдай ретінде препарат сіңірілуінің (абсорбциялану, резорбциялану) жалпы сипаттама беріңіз. Ағзаға дәрі сіңірілуінің механизмдері қандай? “Активті” және “пассивті” диффузияның механизмі неде?
25.    Дәрілік түрлерді ағзаға әртүрлі жолымен енгізгенде препараттың сіңірілуіне қандай физиологиялық (биологиялық) факторлар әсер етеді? Негізгі физиологиялық факторлар қалай әсер етеді?
26.    Дәрілік заттың ұлпалар мен мүшелерде таралуының теориялық негіздері қандай? Препараттың қандағы фармакокинетикасының негізгі параметрлері қандай? Оларға қысқаша сипаттама беріңіз.
27.    Дәрінің ағзада биотрансформациялануы (метаболизм) неде? Оның механизмі мен мәні неде? Дәрінің ағзада жылжуының осы сатысында факторлардың қандай негізгі топтары әсер етеді?
28.    Препараттың және/немесе оның метаболиттерінің ағзадан бөлініп шығу  (элиминациялану) негізгі жолдары қандай? Дәрінің ағзада жылжуының осы сатысында факторлардың қандай негізгі топтары әсер етеді?
29.    Дәрілердің терапевтік эффективтілігін бағалау критерийі ретінде дәрінің биологиялық тиімділігі (БТ) туралы түсінік беріңіз? БТ қандай түрлерін білесіз? Дәрінің абсолютті БТ дегеніміз не? Дәрінің салыстырмалы БТ дегеніміз не?
30.    Дәрінің БТ анықтау әдістері қандай? БТ анықтау фармакодинамикалық әдісі қалай жүргізіледі? Оны жүргізу ерекшеліктері неде?
31.    БТ анықтау фармакокинетикалық әдісі қалай жүргізіледі? Оны жүргізу ерекшеліктері неде?
32.    “Іn vіvo” тәжірибесінде қандай негізгі фармакокинетикалық параметрлер анықталады?
33.    Әртүрлі дәрілік түрлерден дәрілік заттардың ағзаға сіңірілу жылдамдығы мен толықтығын анықтау үшін “іn vіvo” тәжірибесінде қандай негізгі әдістер қолданылады? Клиникаға дейінгі зерттеулерде олар қалай жүргізіледі?  
34.    Препараттың бір реттік дозасын қабылдау арқылы дәрінің БТ зерттеу әдісі неде? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері неде?
35.    Препараттың көп рет қайталанған дозаларын қабылдау арқылы дәрінің БТ зерттеу әдісі неде? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері неде?
36.    “Сарториус” приборының құрылысы және жұмыс істеу принципі қандай? Оның артықшылықтары неде?
37.    “Резомат-1” приборының құрылысы және жұмыс істеу принципі қандай? Оның артықшылықтары және кемшіліктері неде?
38.    “Резомат-2” приборының құрылысы және жұмыс істеу принципі қандай? Оның артықшылықтары және кемшіліктері неде?
39.    Дәрінің БТ әсер ететін негізгі физиологиялық факторлардың тізімін беріңіз. Оларға қысқаша сипаттама беріңіз. Осы факторларды басқарудың мүмкіндіктері қандай?
40.     Фармакокинетикалық зерттеулердің іс-тәжірибеде қолданылуы неде?
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
спросил от аноним в категории Образование