Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Жоғарыда айтылғандай, дәрілердің терапевтік эффективтілігіне, оның ағзадағы фармакокинетикасына физиологиялық факторлар да әсер етеді. Дәріні дұрыс қолдану, қолдану жиілігін және курстық емдеу ұзақтығын анықтау үшін кейбір негізгі физиологиялық факторларды білу қажет. Бірақ та бұл кезде олар әр бір адамның жеке ерекшелігін есепке алмастан ағзадағы дәрілердің фармакокинетикалық жалпы заңдылықтар туралы тек түсінік береді.
Науқастың жасы. Әдетте нәрестелерге сульфаниламидтер  және кейбір басқа препараттарды беруге болмайды. Ал жасы үлкенірек балаларға берілетін сульфаниламидтердің дозаларын дене салмағының 1 кг-на есептеп береді, сонда осы есептелген доза үлкен адамның дозасынан жоғары болады. Бұл жағдайды тек фармакокинетика мәліметтері түсіндіреді. Нәрестелерде осы препараттардың элиминациясы өте баяу жүреді, ал 1 жастан жоғары қарай балалар ағзасынан препараттардың бөлініп шығу жылдамдығы бірден өсіп, үлкен адамдағы жылдамдығынан едәуір жоғары болып кетеді. Содан соң бала өскен сайын бұл мән баяу төмендеп 20 жасқа дейін нормаға келеді.
Науқастың жынысы. Препараттың ағзадан жартылай бөлініп шығу кезеңі еркектермен салыстырғанда әйелдерде ұзақтау болады, соған сәйкес препаратты бірдей дозада бір рет қабылдағанда оның концентрациясы әйелдердің қанында едәуір жоғары болады. Бұл жағдай әйелдердің ағзасында майлы ұлпалар массасының жоғары болуына байланысты, себебі майлы майлар “Депо” қызметін атқарады. Сонымен бірге дәрілік заттың фармакокинетикасына жүктілікте әсер етеді, яғни препаратты бірдей дозада қабылдағанда жүкті әйелдің қанында бірдей салмақтағы жүкті емес әйелмен салыстырғанда дәрінің концентрациясы 3 есе төмен болады, себебі оның ағзадан бөлініп шығу жылдамдығы едәуір жоғары болады.
Науқастың дене салмағы. Фармакологияда препараттардың дозасын дене массасының бірлігіне есептеу іс-тәжірибеде кеңінен қолданылып келе жатыр, бірақ бұл дұрыс емес, себебі неғұрлым дене салмағы жоғары болса, соғұрлым майлы ұлпалардың салмағы жоғары болады, ал оған байланысты препараттың ағзадан бөлініп шығуы соғұрлым баяу жүреді. Сондықтан толық дене адамдарда препараттың бірдей дозасында арық адамдармен салыстырғанда токсикалық реакциялар болуының қауіптілігі жоғары болады.
Тамақты қабылдау мерзімі. Тамақтың құрамы (рН ортасы, консистенциясы, температура) және мөлшері ең алдымен препараттың ағзаға сіңірілу кинетикасына елеулі әсер көрсетеді, әсіресе дәрі ағзаға АІТ арқылы жоғары да айтылғандай сіңетін болса. Дәріні ағзаға басқа жолдармен енгізгенде (теріге жаққанда, шаншу арқылы, пластыр және т.б.) тамақтың әсері жанама түрде болуы мүмкін, яғни тамақтандырудан соң қан ағынында шамалы өзгерістер болады. Тамақтанудан соң дәріні бірден қабылдау оның сіңірілуін және ұлпаларда таралуын бәсеңдетеді. Аш қарынға дәріні қабылдау да қажет емес, яғни дәрілік зат тез сіңірілгенде оның жанама әсерлері (кейде улылық) елеулі, қанда оның концентрациясы бірден көтеріледі.
Күш жұмсау жұмысы. Күш жұмсау жұмысын шектеген кезде препараттың ағзаға сіңірілуі баяулайды, бірақ бұл кезде оның ағзадан бөлініп шығуы жылдамдайды. Сондықтан төсек режимінде жатқан науқастарға енгізілетін препарат дозаларын көбейту ұсынылады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Стресс. Ол тек АІТ арқылы қабылданатын дәрілердің сіңірілу жылдамдығына әсер етеді. Стрестен соң жай жағдаймен салыстырғанда дәрінің концентрациясы қанда 2-3 есе жоғары болады. Ағзадан дәрінің бөлініп шығуына стресс әсер етпейді.
Артериялық қысым. Оның жоғарлауы препараттың жартылай мөлшерде ағзадан бөлініп шығу кезеңін елеулі қысқартады. Ал қысым төмендегенде терапевтік эффект ұзақтылығы жоғарылайды.
Циркадты ритм. Ол препаратты тәуліктің әртүрлі уақытында қабылдауын есепке алады (7, 11, 19, 23 сағатта). Кешке қабылданған (19 және 23 сағатта) препараттар азанғы қабылдаумен салыстырғанда ағзаға тез сіңіп, ағзадан тез бөлініп шығады, сондықтан барлық медициналық процедуралар күннің алғашқы жартысында жүргізілуі қажет.
 Патологиялық жағдайлар.  Оларға бауырдың,  бүйректің аурулары, қалқанша без дисфункциясы, жүрек жұмысының бұзылуы, кисталық фиброздар, полиартрит, маскүнемдік және т.б. жатады. Олардың әсері әр жеке жағдайда, яғни әр жеке препараттың фармакокинетикасы үшін өте ерекшеленген болуы мүмкін, бірақ жиірек препараттың жартылай мөлшерінің бөлініп шығу кезеңі ұзарады.
Осылайша, жаңа дәрілік құралдар жасауда биофармацевтік  зерттеулермен қатар фармакокинетикалық зерттеулерді жүргізу қажет, яғни олар аталған препараттың қолдануының және қолдануға қарсы көрсеткіштерін, қолдану жиілігін, емдеу курсының ұзақтығын және т.б. анықтауға мүмкіндік береді.
Осы тараудың қорытындысында, фармакокинетикалық зерттеулердің іс-тәжірибеде қолданылуы көп жақты екендігін айту қажет.
Біріншіден, препараттардың фармакокинетикасын зерттеу дәріні ағзаға енгізудің оптимальды жолын және емдік іс-тәжірибеде қолдануға аралған рациональды дозаларын анықтауға мүмкіндік береді.  
Екіншіден, фармакокинетикалық зерттеулер препараттардың қолдануына және қолдануға қарсы көрсеткіштерін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, гематоплацентарлы барьерден жақсы өтетін препараттарды жүкті әйелдерге байқап беру қажет. Ағзадан бүйрек арқылы шығарылатын  немесе бауырға жиналатын микробтарға қарсы препараттар тек несеп жолдарының немесе өт жолдарының сәйкес инфекциясын емдеуге қолданады. Менингтпен ауырғандарға қаннан жұлын сұйықтығына жеңіл өтетін препараттарды беру қажет және т.б.
Үшіншіден, фармакокинетикалық зерттеулердің нәтижелері препараттардың әсер ету механизмін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Төртіншіден, фармакокинетика ғылым ретінде зерттеулерді ағзада таралуының керекті заңдылықтарға ие болуын, сонымен бірге белсенділігі едәуір жоғары немесе кең болған жаңа препараттарды іздеструге зерттеулерді бағыттауға мүмкіндік береді.
Сонымен, фармакокинетика рациональды дәрілік түрлерді зерттеп шығарумен және жаңа дәрілік препараттардың ізденісімен байланысты болады.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов