Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
1.    Тұнба ликвидациясының әдістері.
2.    Тұнбаны құрғату.
1. ЕЭС елдерінде жылына 6МТ шамасында тұнба өндіріледі, оның 30% ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Тұнбаны осындай мақсатта пайдалану жердің құнарлығын жақсартуға, сондай – ақ өнімділікті арттыруға өте тиімді. Ашытылған тұнба құрамында 5,1% азот,  1,6% восвор және 0,4% калий бар. Ауылшаруашылық культураларына жеткілікті азот мөлшері 50-85%, ал фосфор 20-100% (суперфосфатпен салыстырғанда) құрайды. Сұйық ашытылған тұнба құрамындағы элементтер көңде кездесетін элементтерге дес бермейді. Басқа тұнбаларда қоректік заттар аз кездеседі, сондықтан олар көптеген фермерларды аз қызықтырады. Бірде – бір тұнба типтерінде калий болмайды, сондықтан оларды комплексті тыңайтқыштар түрінде қарастыруға болмайды. Дегенмен мұндай тұнбаларды ауыл шаруашылығында пайдалану өнімділікті арттырады.
Мұндай ликвидация әдісі (жою) екі жағдаймен, яғни тұнбаның құрамында патогенді организмдер мен токсинді элементтер болуымен күрделене түседі. Тұнбаны тұрақтандырудағы негізгі әдістерге ашыту, әктен өңдеу, үйінді жасау процестері жатады. Патогенді микроорганизмдер мен ауыл шаруашылық культураларының арасындағы байланысты болдырмау үшін тұнбаны топырақ деңгейінен төмен көму қажет. Бұл әдіс жағымсыз иістерді алдын алуға жәрдемдеседі.
Мұндай абыржуға себепші болатын екі негізгі патогенді организмдер: Salmonella және сиыр цепені бар. Алайда тұнба құрамында бұдан басқа патогенді түрлер, соның ішінде паразитті тіршілік етушілер, мысалы бруцелла абортус және Аскарис суум кездеседі.
Тұнба құрамындағы ауыр металл иондары, олардың қоршаған ортаға тигізетін зияны жайлы қиындықтарды ЕЭС келісім шарттарында көрсетілген.
Топырақ құрамындағы кез келген токсинді элементтердің концентрациясын бақылау қажет, егер концентрация мөлшері өссе, онда топырақ жарамсыз және сезімтал болып қалады. Топырақта екі түрлі токсинді әсерлер байқалады: фитотоксиндік – егістіктің сапасы мен санын төмендетсе, зоотоксиндік – металдар өсімдіктердің тамырларына жиналып, оларды пайдаланған уақытта токсиндік әсер көрсетеді. Әр түрлі елдерде көптеген токсинді заттар қатарына түрлі металдар жатады. Олардың концентрация шегі әр түрлі. Мысалы, ФРГ – да кадмий концентарциясы 20мг/кг аспауы қажет, ал Данияда оның мөлшері 8 мг/кгқұрайды.  Ұлыбританияда түрлі элементтердің концентрация шегі топырақ типіне байланысты.
Топыраққа көп жиналатын металл – кадмий. АҚШ – та белгіленген норматив  бойынша оның анықтамасына назар аударады. Кадмий көп жағдайда зоотоксинді әсер көрсететді. Сондай – ақ сынап, цинк және никель металдарына да көп көңіл бөлуде. Бұл элементтер фитотоксинді әсер көрсетеді және бұл металдар бір – бірін толықтырушылар болғандықтан, оларды бір тұтас жүйе ретінде қарастырады. Соңғы жылдары көптеген елдерде, соның ішінде ҚР – да мырыштың эквивалентті концепциясын пайдаланады. Бұл концепцияда 3 элементтің (мырыш, сынап, никель) салыстырмалы токсиндік әсері 1:2:8 теңдігімен негізделген.
Теңіз түбіне көму әдісі. Ылғалды тұнбаны шамамен 107т түрінде өндіретін Ұлыбританияда бұл әдіс кең таралған, сондай – ақ Европаның басқа елдері де бұл әдісті қолданады. Теңізге тұнба көму лицензия бойынша реттеліп отырылады. Бұл лицензияларда қалдықты тастау орны, қалдықтың сапасы мен мөлшері белгіленеді.
Күйдіру. Бұл әдіс ЕЭС елдерінде кең қолданыс тапқан. Мысалы: Францияда 30%, ал Данияда 100% тұнба жинайды. Тұнбаларды жағу үшін 2 негізгі қондырғы:  пеш және оттегі жіберу қолданылады. Бұл пештерде тұнбаны ашыған түрінде емес, шикі тұнбаны пайдаланған жеңіл. Себебі алғашқысы өзінің энергиялық потенциалын биогаз түрінде жоғалтады. Тұнбаны жаққан кезде бөлінетін жылуды мекемелерді немесе ғимараттарды жылыту үшін қолданады.
2. Пастерлеу. Бұл әдісті Швейцария және Германия елдерінде егістікке тұнбаны шығарған уақытта сальмонелланың таралуын алдын алу үшін қолданады. Пастерлеу кезінде тұнбаны 700С температурада 30 минут қыздырады. Пастеризация процесіне қолданылатын биореакторларға жылу алмастырғыштар жатады, олар периодты және үзіліссіз режимдер бойынша жұмыс атқарады. Пастерлеуден кейінгі ауытқу процестерінде осы жылу алмастырғыштарда жүреді. Мұнда тұнба анаэробты ашыту температурасына  дейін суытылады. Пастеризациядан кейін ашыту процесін қолдану, ондағы энтеробактерияларының қайта өсуін қамтамасыз етеді. Швейцарияда жүргізілген тәжірибе бойынша  пастериязациядан кейін энтеробактериялар 100 клетка құрайды екен. Сондай – ақ тәжірибе барысында гельминт жұмыртқаларының тіршілік ету әрекетін жоғалтқандығы байқалды.
Термоөңдеу. Пастеризацияға қарағанда бұл процесте қатаң талаптар қойылады., яғни жоғары қысым және 2000С температура. Термоөңдеудің мақсаты тұнбаны құрғатпастан бұрын құрамын жақсарту және тұрақты инертті қатты заттар алу. Бұл процесс тұнбаның құрылымын айтарлықтай жақсартады. Мысалы, тұнбаны биореакторға жібермес бұрын, оны ВОТроф қондырғысында 1950С температурада 1,5Мпа қысымда қыздырады. Термоөңдеу кезіндегі негізгі мәселе, ол өңделетін сұйықтықтың концентрациясы ХПК бойынша  25000мг/л жетуі мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайға жетпеу үшін  биологиялық тотықтыру кезінде түзетулер енгізу қажет.
Термофильді ашыту. Анаэробты да, аэробты  термофильді ашыту  құрғатудың бір жолы. Бірақ теориялық негіздерге сүйенетін болсақ, кеңінен қолданылатыны ол аэробты ашыту болып табылады. Бұл ашыту  процесінің тұнбадағы сальмонеллаларға тигізетін әсері кестеде көрсетілген.
Радиациялық өңдеу. Радиациялық өңдеуді стирилизация ретінде  қолданудың ешқандай ерекшелігі жоқ. Радиациялық өңдеу кезінде құрамында патогенді және паразиттік микроорганизмдер  мөлшері төмен тұнба алынады.  Өндірістік көзқарас бойынша радиациялық өңдеу кезінде радиоизотоп пен электрон үдеткіштерін пайдаланамыз.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ