Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Gulimzhan в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Қазақ халқы қандай халық.

    Қазақ халқы Марко Поло, Иоган Шильтбергер айтпақшы барлық қиындыққа және мұқтаждыққа төзімді, Григорий Потанин айтпақшы денсаулықтары мықты, өмірге құштар, ағылшындық инженер Уарделл айтпақшы ержүрек, еркіндікті сүйетін, қонақжай, қайырымды, балаларын шексіз сүйетін, ұлдары үлкендерін құрметтейтін, әкелері әкелік борышын сезіне білетін,...,ресейлік дәрігер Николай Зеленд айтпақшы қызу қанды, рухында жайсаңдық, ізгілік тән, үнемі жайдары жүретін, сергек, жүйкесі көмбіс, сабырлы, бар ниетімен ақкөңіл, адал, басқаның қайғы-қасіретіне ортақтасқыш, қонақжай, салауатты және төзімді халық Олардың бойында қатыгездік пен кекшілдік жоқ. Ұрыста немесе шабуыл кезінде ажалмен бепте-бет келсе де ешбір абыржымайды. Мейілінше тату-тәтті өмір сүруге тырысады. Әйелдері биязы, иман жүзді, ақылды халық....Тоқта! Қазақтар жайлы бұл сөздер қашан айтылған еді? 1298, 1885, 1914...Содан бері қанша ғасыр өтті? Қазақ қандай болған десе осы кісілердің айтқанын санамалап ала жөнелеміз әлі. Олар біз емес, біздің ата-бабамыздың бойындағы осы асыл қасиеттерді көзімен көріп, өздері куә болған жайттарға сүйеніп айтқан. Қазіргі ақпарттар арпалысы мен рухани құндылықтың өзі қатып қалған стандарттармен өлшенетін мына заманның көшінде қазақ осы асыл қасиеттерін алып жүре алды ма? Құдай жаратқан жұмыр жердің әр пұшпағында өмір сүріп жүрген әр халықтың өзіне ғана тән қасиеті болады. Сол халықты ерекше ететін де сол қасиеттері. Ол тіпті, атадан-балаға қан арқылы тарап, бүкіл бір ұлтқа ортақ мінез, болмысты қалыптастырады.

    «Қызыл кітаптың» не үшін қызыл екені білесіз бе? Өйткені қызыл қауіптің белгісі. Жер бетінде жоғалып бара жатқан, адамдардың қорғауына зәру (негізі, адамдардың өзінен қорғайтын) жануарларды, өсімдіктерді осы кітапқа жазып қояды. Содан кейін адамдардың өздерінің осыған тікелей кінәлі екендіктерін білмей (біліп) байғұс жануарлар мен өсімдіктерге жаны ашып жүргені. Енді әр халықтың да өзіне тән кейбір қасиеттерін «Қызыл кітапқа» енгізу керек сияқты. Оның ішінде қазақтардың...

    «Қызыл кітаптың» түрлі-түсті бірнеше парағы бар. Сары түсті парақтарға, тіршілік ету мөлшері жеткілікті болғанымен, саны күрт азайып бара жатқан жануарлар. Біздің сөз етіп отырған жағдайымызда халықтың бойында қалғанымен, біртіндеп азайып бара жатқан қасиеттер. Қазақтардың бойындағы қонақжайлық, имандылық, сабырлылық сияқты қасиеттер бар. Бірақ...Қазақ келген қонағын есіктен қайтармайды. Ақысын ата-бабамыз төлеп қойған бір шәугім шайы, тіпті болмаса «нан ауыз тиіңіз» бар. Қазақ қонағын жақтырмаса, да күтеді. Өйткені – қазақ қонақжай халық. Ауылдық жерде бұл қасиет әлі де толық сақталған. Бірақ, қалада...Қалада кейбір қазақтар қонақ емес, қырық жыл бірге тұрған көршісімен араласпайды екен ғой. Аллаға шүкір, иманды қазақтар көп. Бірақ, «Қызға қырық үйден тиым» салып, «Ұят болады, обал боладымен» баласын иманды етіп тәрбиелеген қазақ халқы осы үрдістен ауытқып бара жатқандай ма? Менің бір таң қалатыным, қазіргі ата-аналар балаларын ұятсыз болуға тәрбиелейді, обал дегенді обал санайды. «Ұялма, қазіргі заманда ұялсаң бәрінен құр қаласың!» Бірақ, бәрінен емес, зинадан бала туып, ардан, отбасын асыраудан қашып, жауапкершіліктен, ата-анасымен соттасып, қайырымдылықтан, пара беріп, адалдықтан құр қалып жатқан жайымыз бар. Өкінішті! Сабыр ма? Сабыр қайда? Әлеуметтік желіде отырсаң, бір-бірінің пікірін көтере алмай, ойына келген сөзді тере беретін адамдар, баласы мазасын алып жыласа, лақтырып жіберетін аналар, тұрмыстың тауқіметін көтере алмай жатқан әкелер, немерелеріне сабырмен ертегі айтқанша сериал көргенді жеңіл көретін ата-әжелер....Бұлардан сабыр таба алмадым.

    Ақ түсті парақтарға тікелей жойылып кету қаупі тұрса да, саны азайып немесе белгілі бір аймақтарда сақталып қалған қасиеттер енеді. Мәрттік, даналық. Қазір мәрт болу үшін шарт керек. Шарт болса, мәрт болады. Оның артында үлкеен есеп жатады. Бүгінгі мәрттік лайкпен саналады. Бірақ, шын мәрт адамдар бар арамызда. Бірақ, оларды өзім көрген емеспін, шыным сол. Даналық? Қазір кім дана? Әлеуметтік желіде керемет посттар жазып, әдемі сөзбен өрілген блок жазатындар ма? Әлде, немересіне жеті атасын жаттатпаған, сериал көргіш ата ма? Білмейм. Бірақ, дана адамдардың бар екенін ішім сезеді. Ол жоғалмау керек. Өйткені, қандағы қасиетті жоғалту мүмкін емес.

    Ақ парақ пен сары параққа енетін тағы біраз қасиеттердің бар екені рас. Бірақ оның бәрін тізбелей берудің қажеті не. Бәрінің іші біліп тұр ғой.

    Қызыл параққа...қызыл параққа ешнәрсе жазғым келмейді. Қазаққа  тән асыл қасиеттердің жер бетінен мүлдем жойылып кеткенін қаламаймын. Тек, ақ парақ пен сары парақтағы қасиеттерімізді сол жерден тезірек өшірсек жақсы болар еді. Оны ұлт болып, ұрпақ болып қолға алу керек. Жақында «Балапан» телеарнасынан «Қазақ елі» деген мультфильмді біраз уақыт қайталап көрсетті. Соны тастамай көрген екі ұлым бірнеше күн Керей мен Жәнібекке еліктеп, бір-бірін «Керей, Жәнібек» деп атап, соларға ұқсауға тырысып, еліктеп жүрді. Жас ұрпаққа ата-бабаның асыл қасиеттерін осылай сіңіру керек шығар. Әр отбасы дастархан басында телехикая кейіпкерлерінің (ауылдық жерде ғой көбінесе) жағдайын ойлап, соны сөз етпей, бір ауыз ғибратты ақыл айту керек...керек...керек...Көп нәрсе істеу керек...

    Мен қазақпын. Қазақ болып туғаныма Аллаға сансыз шүкірліктер айтамын. Кейде нәпсінің ойымен «Ана Африкада, қара нәсілді болып тумай, қазақ болып туғаныма шүкір» деп ойлайтын кездер де болды. Қалай болғанда да әр ұлтты тек өзіне тән қасиеттері ғана дараландырып, сеңдей сапырылысқан жаһандану үрдісінің ішінен аман алып шығары анық. Сол үшін, әр қазақ өз бойында қазаққа тән қасиеттің бар-жоғын саралап, барын бағалап, жоғын іздеп тапса құба-құп болар еді.
ответил от Gulimzhan

Похожие вопросы