Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Естен кетпес сәттеріңізді айта аласыз ба?
спросил от Batyirxanov в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Шығарма
Естен кетпес сәттер немесе автордың өз өмірінен сыр шертуі
Өмір  өзі бір жұмбақ дүние. Менің есімім Нұрсерік. Анам марқұм мен туғанда қатты қуанған еді. Өйткені отбасымда маған дейін қыз балалар болған, яғни төрт апам бар – міне, байлық деген осы деп білемін. Атымның Нұрсерік қойылуы – анамның  қыздарға серік болсын дегені екен. Жалпы өз басым атыма сай болсам ба деймін.
Өкінішке орай әкемнен ерте айырылып, тура 10 жылдан кейін 12 жасымда анаммен қош айтыстым. Өмір бізге қатандық танытса да, мойымадық. Жетімдікті көрсетпеген нағашы жұртым мен апаларымның арқасы, Аллам жарылқай жүрсін.
Мектепті бітірер жыл 2004-інші жыл еді. Ең алғаш ҰБТ шыққан,  ол да бір есте қалатын жағдай. Бірінші жыл болғансоң бағдарлама да шикілеу, оның сыртында ауылдағы жағдай бір бөлек. Дайындық жоқ, жалғыз үңілетін материал ол оқулық еді. Оның өзі екі адамға біреу, оның үстіне бір парағы сау болса, екеуі жоқ. Бесінші пән қайсыны тандайсын дегенде – өзіме  негізінен астрономия ұнаушы еді. Бірақ біз бітірер жылы ол пән ретінде оқылмады. Амал нешік тарихты тандадым. Жалпы гуманитарлық пәндерге жақын болдым.ҰБТ – дан  56 балл алдым. Бірақ сол 56 жинаған баллмен жалпы ортақ  4,25 бағаны құрап өзімнің «жақсы» оқушы екенімді дәлелдедім.
2004 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ-нің тарих факультетіне түстім. Сол ҚМУ –дағы қайта құру үрдісі негізінде гуманитарлық – әлеуметтік  институттын  бірінші түлегі болдық. Екінші курс бітіргеннен кейін ПГК  (Аралық мемлекеттік тестілеу) дейтіні тағы бар. Сол тестілеуден 56 балл алып өткен едим. Не керек 2008 жылы аяқтадым «жаксы» деген бағамен.
Отан алдында борышынды қорғау әр азаматын парызы екенің білемін. Армияға бару мен үшін арман еді. Арман дейтінім көзімнің көруі шамалы болатын. Бірақ мен оккулистің әріптер парақшасын жаттап алып өтіп кеттім. Оккулисті алдағаным рас, бірақ мақсат тек армияға кету болатын. Армияда әр солдатқа өз нөмірі тиесілі еді. Яғни орындық, тумбочка, жататын орын дегендей. Мен, өз реттік нөмірім 56 – ны көргенде, 56 нөмірі маған жолдас екеніне, таң қалдым. Жалпы 56 саны мен үшін сәтті жолсерігім. Армияда танкист-новодчик болдым, жаман болмадым, әсіресе физо-дан «үздік» баға болған, сол себепті  елордамыз  Астанаға ДШБ –ға, 36 бригадаға жіберген еді.
Армиядан келіп келесі тұрақтаган жерім «Киров» ауылы. Сол ауылдың мектеп директоры Балшекер Микдатқызы шақыртылуымен барган едім. Қазан айы, ауылды білмек түгілі естімеген екенмін. «Бірлік орта мектебі» Ауыл  тұрғындары жылы шырай танытып мені өз ауылымнан кем түспейтіндей етіп баурап алганы соншалық, кейін бой үйретіп, тіпті жазғы демалыста ана – мынаны  сылтау етіп сол ауылда өткізгенім бар. Кировтың табиғаты көрікті, ауыл өзі қыр мен ой деп бөлінеді. Қырдан ойга қарасан бес қабатты үйдің басынан қарап жатқан тәріздісін, қыр мен ойды ұзыннан созылған тоғай бөліп тұрады. Мінекей сол ауылдың табиғатына сүйсініп, бой жазып екі жылдай жұмыс атқарған болатынмын. Па – шіркін, қайран қалдырған қайталанбас 24 – 26 жастық жылдар еді.
Міне, айта берсен шыға береді, бастан өткен ұмытылмас сәттер адам өмірінде жуылып шайылмайды, керісінше сен ол оқиғаларды тындаушыға уақыт өте тамсана әсерлі жеткізе біледі екенсін. Түсінгенім осы. Сіздердің де қызықты сәттеріңіз көп болғай!
ответил от Batyirxanov