Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Әлемнің ең керемет мерекелері

Әлем өте үлкен. Және әлем халықтарының өздеріне тән өз мерекелері бар. Солардың ішінде көз тоймастан әдемі, ғажап мерекелермен таныс болыңыз.
1.    Холи – Үндістандағы бояулар мерекесі
Көктемнің келіп, табиғаттың гүлденуіне орай, ақпан, наурыз айларында өтілетін мереке. Осы мерекеде ерлер мен әйелдер арасында ойындар өтіп, оттан секіріп, құдайлардың бейнесін жасап жарысады.
Әрине, бұл мейрамның ең бір керемет бөлігі – түрлі-түсті бояулармен атысып, су шашу. Бояулар арнайы көктемнің келуімен бірге жүретін әртүрлі вирустарға қарсы емдік шөптерден жасалынады.
2.    Риодағы карнавал
Рио карнавалы мерекесі – самбо мектептерінің арасында болатын жарыстардың шоғыры. Осы күнді бүкіл әлем күтеді. Бұл күнде әсем гүлдер, түрлі әуендер, ерекше киімдерді көре аласыз.
3.    Үндістандағы Дивали мерекесі
Дивали – от мерекесі, жақсылықтың жамандықты жеңген уақыт деп есептеледі. Байлық құдайы Лакшмидің құрметіне тойланатын бұл мереке, үйді таза ұстап,майшамдар жағып қояды. Себебі, Лакшми қараңғыны ұнатпайды. Сосын адардар құдайға жалбарынып тілек тілейді.
4.    Тайландтағы гүлдер мерекесі
Жылына бір рет әлемнің осы бір мерекені білетін халқы Тайландқа ағыла бастайды. Гүлге көмкерлген ерлер мен әйедер, әсем әуендер ерекше атмосфера тудырады. Ақпанның алғашқы жұмасында басталып, үш күнге созылатын осы мерекеде гүлдердің көптігі сонша, тіпті олардың қайдан алынып жатқаны ойландырып тастайды.Арулар арнайы мерекеге орай экзотикалық әсем көйлектер тігеді. Мереке соңында ең ғажап Гүлдер Ханшайымы анықтлады.
5.    Саппородағы қарлы фестиваль
1950-ші жыл балалардың мерекесіне орай жоғарғы сынып оқушылары жануарлар бейнеленген алты қарлы мүсін жасайды. Осы мүсін тұрғындарға қатты әсер еткені сонша, жыл сайын ақпан айының басында бұкіл Саппоро халқы қардан түрлі мүсіндер жасайды.
6.    Тайландтағы аспан шамдарының мерекесі
Бұл мерекенің мәні шамды алпанға ұшыру арқылы ішкі дүниені тазарту, ата-бабалармен байланыс орнату, махаббатты баянды ету болып табылады.
От – тазаруды білдірсе, ұшыру – көкке ұмтылу дегенді білдіреді. Сондықтан,  сенім бойынша осы шаммен барлық жамандық атаулы, уайым-қайғы көкке ұшып, адамзатты тазартады.
7.    Қытайдағы Көктем мерекесі. Көктем фестивалі – бұ Қытайлықтардың Жаңа жылы. Қаңтар айының басынан басталып 40 күнге созылады. Осы 40 күн ішінде Қытай халқы үйлерін мерекеге сай әрлеп, фестиваль, карнавал, әр түрлі ойындар ұйымдастырады. осы күні де аспанға шамдар ұшырылады.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов