Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Кітап оқуға машықтану

Әдебиетке кет әрі емес болса да, қолына кітап алуға уақыт не ерік-жігер жетіспейтін адамдар қаншама. Расымен, қазір өмір сүру заңдылығы да сонлай – таңертең ерте жұмысқа не сабаққа, түскі асты тез ішіп алып, баланы мектептен не балабақшадан алып кету, кешкі ас жасау немесе жаттығу залына бару. Иә, бұл орташа есептегі әрбіріміздің тірлігіміз. Алайда, кітапқа уақытты оны оқуды әдетке айналдыру арқылы табыуға болады.
1.    Ритуал
Ұйықтар алдында міндетті түрде кітаптың  5 парағын оқыңыз.  Осы дүниені өзіңізге тапсырма етіп алыңыз. Ол үшін әлеуметтік желіні де көмекке қолдансаңыз болады. Яғни, желіде өзіңіздің кітап оқып жүргеніңізді есеп ретінде салып отыратын болсаңыз, сенімділік артып, кітап есіңізге көбірек түсетін болады. Сондай-ақ, тек жатарда ғана емес, қолыңыз босап қалған уақыттарда 5 беттен оқып отырыңыз. Сонда күнде қанша бет оқығаныңызды көріп таңғалатын боласыз.
2. Көз көретін жерге қою
Үйдің ішінде кітаптарыңыз қайда орналасқан? Осы әдіс арқылы сіздің кітап оқудағы белсенділігіңіз артады. Кітапты көзге көрінетін жерге орналастырып қойыңыз. Көкөніс жеуге дағдылану сияқты дүние, яғни көкөніске үйрену үшін де оны тоңазтқыштың бергі жағына қою керек. Дәл сол сияқты, кітаппен де солай жасаңыз.
3. Өзіңмен бірге алып жүру
Кезекте тұрған кезде адамдардың 90 пайызы ұялы телефонды ақтарып кетеді. Осы уақытта өзіңізбен алып жүрген кітапты немесе электронды кітапты ала аласыз.
4. Оқығаныңмен бөлісу
Есте сақтауға да көмек болатын бұл әдіс белсенді болып табылады. Отбасыңызда, достарыңыздың арасында, жұмыста,тіпті әлеуметтік желідегі парақшаңызда осы кітап жайлы талқылап бастасаңыз, көр де тұрыңыз, сізге осы кітап жолында жолсерік болатын адамдар табыла кетеді.
5. Біреудің күштеуімен оқымаңыз
Достоевскийді, Драйзерді бастап оқып, өзіңізді қинаудың қажеті жоқ. Яғни, сіздің қызығушылығыңызды тудырмайтын кітаптарды оқымаңыз. Мейлі, сіздің талғамыңыз әлемдік әдебиетпен үйлесіңкірмесе де, бастапқыда жәйдан бастаған да жақсы. Кітаптың адам ойын, оның сана-сезімін өзгертетінін білсек, уақыт келе сіз де үкен-үлкен туындыларды өз қалауыңызбен оқитын боласыз.
6. Challenge
Бұл әдіс ең мықтыларға арналған. Өзіңізге шек қойып, батылдық танытып білгілі бір уақыт аралығында осыншама кітап оқып бітіруім керек десеңіз, орындайсыз. Мәселен, жыл ішінде 200 кітап. Өзіңізге талап қоюдан қорықпаңыз, тек дұрыс жоспар мен жігер керек.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ