Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Ахмет Байтұрсынов және «Тіл жұмсар» еңбегі
Кешегі жазба әдебиетінің негізін салушы Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық бағытты жалғастырушы, ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеушісі, Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде, Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18-қаңтарда дүниеге келген.А.Байтұрсынов өз дәуірінде қазақ халқына өлшеусіз еңбек еткен ғалым. XX ғасырдың басында қазақ әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан А.Байтұрсынов қараңғы қазақтың көзін ашу мақсатында өз өлеңдерін, сонымен қатар, тұңғыш «Қазақ» газетін шығарды. Бұл газет сол кездегі таңдаулы басылымның бірі еді. Сол кезеңдегі кеңес өкіметінің қуғын-сүргінінде жүрсе де, мойымай қазақтың қамын ойлап үлкен істерге баруы зор табандылығының және потриот болғандығының айқын көрінісі.«Маса» жинағы бүгінгі күні аса өзекті,  аса құнды шығарма. Жалпы жинақты алсақ,ақын мұндағы  бейқам, еріншек, ұйқы әлемінде жүрген  адамдарды ояту мақсатында жазылған. Өлеңдерінің негізгі идеясы қазақты өнер білімге шақыру. А.Байтұрсыновтың өз басшылығымен шығып тұрған «Қазақ» газетінде сол кездегі дарынды ақын жазушылардың шығармалары, мақалалары басылып тұратын еді. Бұл басылымдардың барлығында негізінен ақиқат дүниелер жазылған. Қазаққа Абайды насихаттап, оның шығармаларымен халықты таныстыра отырып, «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласын шығарды. Бұл еңбектерінің барлығы Ахметтің халқына,еліне деген сүйіспеншілігінің көрінісі.
Сөзі мен іс әрекеті бір ізді болған Ахмет Байтұрсыновартына бай педогогикалықмол мұра қалдырды.
Ахмет Байтұрсынов өзінің ғылыми педогогика тәрбие процесінің ерекшеліктерін негізгі  кезеңдерін басқа құбылыстармен байланыстырып қарастырады. Олардың заңдылықтарын анықтайды.
Ғылыми философия құлықтық және эстетикалық тәрбиеге байланысты мәселелер зерттеуде педогогика этикамен, эстетикаға ал оқыту мен білім беру проблемаларын зерттеуде таным теориясына сүйенеді.
Педогогика ғылымы философиялық білімді басшылыққа алып, тәрбиенің теориялық және практикалық мәселелерін шешуге үлесін қосады.
Ахметтің жастарға ұсынған рухани адамгершілік жолы адалдық және ғылымды игеру. Ол үшін жастарды адал еңбек етуге, айналасына қайырымды болуға, өз мінін өзі көріп түзете білуге шақырады, бар білімінің түп төркіні ақыл деп қорытындылайды.
Қазақ халқы үшін сіңірген бірден бір ерен еңбегі қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін «фонетика», қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі педогогикаға қосқан үлесі екенін көруімізге болады.     1929 жылы Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жасап берген       «Тіл – жұмсар» деген еңбегінде оқушыларға практикалық граматиканы үйрете отырып,қазақ тілінің болашағын айқындап көрсетеді.
Осы еңбегінде өз ойын былай білдіреді.  «Тіл адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып,сөйлеуден қалса,қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айырылып,жаза алмайтын күйге ұшыраса,ондағы күйі де тілінен айырылғаннан жеңіл болмас еді.
 Біздің заманымыз –жазу заманы, жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман...»
        Бұдан кейін жазуға үйрету, хат таныту мәселелері сөз болады.
Сондай – ақ, А.Байтурсынов бойындағы адамгершілік сыйпатын, тіліне және халқына деген риясыз сүйіспеншілігін осы еңбегінен байқауға болады. Сөзі, ісі, ойы бір ізді болғанын педагогтың тіл қамын ойлауы, тілге деген жанашырлығынан байқауға болады.Қазақ тілі тәуелсіз Қазақстанда ақсап тұрғаны бәрімізге анық. Ал, Совет үкіметі тұсында өмір сүріп, өзінің тіліне қамқорлық дасап, «Тіл жұмсар» еңбегін жазу барысында кездескен қиындықтарға төзе білу рухани – адамгершілігі мен ізгіліктің белгісі. Ізгі деуімнің себебі, қазақ балаларына тіліміздің кереметін сезінуді, образды ойлауға, өз табиғатымыз бен айналамыздағы кереметті сипаттауға шақырғаны еді. Қиын – қыспақ заманның тумасы бола тұра, бізге мұра етіп қалдыруының өзі болашақ ұрпақтың қамы еді.
    А. Байтурсыновтың «Тіл жұмсар» еңбегі қазіргі таңда филология ғылымының бетке ұстар педагогикалық еңбектердің бірі. Өзім қазақ тілі және әдебиеті пәнінен беретін болғандықтан, бұл еңбекті өз тәжірибемде кеңінен қолданамын. « Біз де тіліміз бүлінбей сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз.Қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерінде үйрету керек» деген пікіріне қосыламын. Осы тілге деген сүйіспеншілікті оқушыларымның бойына сіңіруге ат салысып жүрмін.    
 Ал « Біз де тіліміз бүлінбей сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз.Қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерінде үйрету керек» деген пікірлер ешқашан өз маңызын жоймақ емес. Сондықтан біз, баланың ең бірінші қазақ тілін жетік меңгеруіне ықпал жасауымыз керек! деген өз ұстанымымның пайда болуына да себепші А.Байтурсыновтың шығармашылығы мен рухани – адамгершілігінің жүрегімнің түбінен орын алғаны болар.
              А.Байтұрсыновтың өмірлік ұстанымдары халықтың сауатын ашу, еліне пайдалы дүниелерді мұра етіп қалдыру. Бұл ұстанымдары толығымен орындалды деуге толықтай негіз бар. Қазақ тілінің жойылып кету қаупі төніп тұрғанда, ел арасынан суырылып шығып, қазақтың өз әліппесін жасап, методикалық оқулықтарын шығарып, қарапайым халықтың сауатын ашуы ең үлкен ерлік. Ойы мен сөзінің және іс әрекетінің бір ізділікте болғандығын байқатады. Қазіргі біз қолданып жүрген ғылыми атаулар мен методикалық құралдар осы Ахмет атамыздың біз үшін тастап кеткен педагогикалық мұрасы. Әрбір қазақ үшін Ахмет атамыздың атқарған еңбегі өлшеусіз.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов