Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Өміріңіздегі ең үлкен жетістігіңіз қандай? ой бөлісіңіздер
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Ең үлкен жетістік
   Әр адамның өмірінде әртүрлі қуаныштар болады. Кейбір қуаныштар, жетістіктер  өмір бойы есінде қалады. Менің оқушы кезімде ең қуанышты, ең сәтті жетістігім бар.       
  Ол өмірімдегі ең үлкен жетістік деп екі мың сегізінші жылы өткен  аудандық олимпиададан екінші орын алғанымды мақтан етемін. Бұл олимпиадада мен өзімнің сүйікті және сүйіп оқитын Қазақстан тарихы пәні бойынша қатыстым. Бұл олимпиадаға тек қана білімі, ой-өрісі кең оқушылар барды. Мен бұл сында отырған кезде қорықтым,себебі қырық шақты бала отырды, соның ішінен менің айым оңымнан туа ма, әлде жоқ па деп? Содан тапсырманы орындауға кірісіп, сәтті аяқтадым. Дегенмен бір қорқыныш билеп, нәтижесін тағатсыздана күтумен болдым. Бір мезгілде: «Марапаттау жасалады, соған жиналыңдар»,-деді. Оқушылар өте көп, соның бәрінің жүрегінде бір үміт жалындап тұр. Бірде менің аты-жөнімді айтып, II орын алды, келесі кезеңге, яғни Үлкен Нарын ауылына барады дегенде менің қуанышымда шек болған жоқ. Ауылыма келіп, сыныптастарыма айтып, қуанышым қойныма сыймады. Сыныптастарым да менің алған жетістігіме қуанды. Сонымен бір жыл өте шықты, келесі оқу жылы басталды. Мектеп өмірінде әр сабақтан аудан орталығында өтетін олимпиадаға баратын оқушыларды іріктеу басталды. Менің сыныптастарым  Қазақстан тарихынан менің баруымды айтты.Мен сол олимпиадаға қатыстым да, екінші турдан I орынды иелендім. Міне, менің өмірімдегі ең қуанышты, ең сәтті жетістігім осы болар-ау деп ойлаймын.
   Алдағы өмірде әлі талай қуаныш бар, жетістік бар.Сол жетістікке жету үшін өте көп оқуым керек, ізденуім керек. Қанатым талғанша алға қарай ұмтылып, одан да үлкен жетістікке жету арманым.
  Мен оқып жүрген мектебімді бітіріп, қолыма кәмелеттік аттестат алып, жоғарғы оқу орнын тәмәмдасам, ана жолын қуып, ұстаз болсам... Менің де асықпай басып, алға озған білімді, білгір ой-өрісі кең азамат болып, келешек ұрпақты тәрбиелеуде жемісті еңбек атқарғым келеді. Осы ойымды жүзеге асырсам, ол менің жетістігім деп ойлаймын.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ