Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
үйірме жұмыстары
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Үйірме жұмыстарынан

Мектепте жүргізілетін көптеген тәрбие жұмыстарының бір саласы үйірме жұмыстары. Оқушылар оқу кезінде алған білімін үйірмеде, іс жүзінде қолданып, әртүрлі бұйымдар жасау кезеңдерінде пайдаланады. Сыныптан тыс үйірмелер оқушының сабақта алған білімін әрі қарай жалғастырады. Оқушылар шыдамдылық пен төзімділікті қажет етіп, алдына қойған мақсатына жетуге талпынады, еңбексүйгіштікке тәрбиеленеді. Үйірме сабақтарында сабақ кезінде алған білімін дамытады.«Бұлақ көрсең, көзің аш» деп халқымыз бекер айтпаған. Сол үйірме жұмысы арқылы оқушылардың іскерлігі икемділігі артып, өнерге жас кезеңнен бейімделеді.
Біздің мектепте бірнеше үйірмелер бар. Солардың ішінде бастауыш сынып оқушыларымен жүргізіліп жүрген «Шебер қолдар» үйірмесін атап айтуға болады. Әр сабақта жұмыс орнын ұйымдастырып, керекті материалдарды ұқыптап ретімен орналастырады. Үйірмеге қатысатын оқушыларды еңбексүйгіштікке, инабаттылыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге үйренеді. Үйірме жұмысында қауіпсіздік техникасын басты назарда болады.
Енді өзімнің үйірмеде жинақтаған кейбір нақты жұмыстарына тоқталамын.
 Папье–машеден кесе жасау. Үйірмеде үлкенді – кішілі кеселердің түрлерімен таныстырамын. Олардың қандай заттан жасалатынын айтып беремін. Олардың формаларына көнілдерін аударамын. Осыдан кейін ғана папье–машеден қалай кесе жасау жолын түсіндіремін.
Ол үшін алдымен қолымыздағы кесенің сыртын айналдыра суға батырылған қағазбен жапсырып шығамыз. Осыны 3 рет қайталаймыз.
Енді, осы әдіспен өзімізге қажетті қалыңдыққа жеткенше дайындалған желіммен қағазды айналдыра жапсыра түсеміз. Шамамен сегіз қабат жапсырамыз. Енді осы қалыпта әбден кепкенге дейін тимейміз. Кепкен кесені қалыптан аламыз, әшекейлеп бейнелейміз.

Папье-машеден заттар жасау кезінде еңбек дағдысы беріледі, ісмерлікке үйренеді.
Табиғи материалдармен жұмыс істеу оқушыларды қызықтырып қана қоймай, оларға эстетикалық тәрбие береді, көркемдік талғамын дамытады.
Табиғи материалдармен жұмыс істеудің мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып,оны қорғауга үйретеді.
Енді өзіміздің жергілікті жерімізде кездесетін табиғи материалдармен жұмыс істеу жұмысына тоқталамын.
Ағаш ұнтағынан жасалған жапсырма өзіміз білетін ағаш ұнтағын көбінесе керексіз санаймыз, дегенмен ол жарамды материал. Ағаш ұнтағын бірінші елеуіштен өткізіп алуымыз керек. Екінші-ағаш ұнтағын бояу үшін арнайы ыдысқа гуашь немесе акварель бояуларын дайындап сол бояу үстіне ағаш ұнтағын саламыз (бірнеше түстерге) бояймыз. Бояу жақсы сіңу үшін таяқпен ұнтақты араластыру қажет. Боялған ұнтақты алып, қағаз бетіне жайып кептіреміз.
Енді өзімізге қажетті суретті салып алып желімді жағамызда, суреттегі заттың түсіне сәйкес керекті ағаш ұнтағын себеміз. Желім кепкенде ұнтақ та бірге желімделіп қалады.
Үйірме жұмысында кейбір балаларға жеке көмек көрсетіп, оқушылардың сапалы жұмыс істеулеріне дұрыс бағыт беріп отырамын.
    Орындалған жұмыстарға талдау жүргіземін, бұйымдардың сапасын көркемділігі ескеріліп, ұқыптылығы кемшіліктерін түзеймін.
Баланың тіпті қарапайым жұмыста орындаған кездің өзінде оның істеген әрекеттерінің белгілі мақсатқа бағытталуын бастаған істі аяғына дейін жеткізуіне ұмтылуын,  берілген іске жауапкершілікпен қарап, белсенділік көрсетуін бақылаймын.
    Баланы неғұрлым өмірге аттаған бастауыш кезінен еңбекке баулысақ, оның  нәтижесі де соғұрлым жемісті болады.
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов