Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Kuaniysh в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
«Мұрагер» сөзінде ұғым жатыр
«Мұрагер» сөзінде ұғым жатыр
Ата – бабам әруағы ұғып жатыр.
Даналар, ғұламалар айтқан сөздер,
Қайта тулап бүгінде келіп жатыр.
Құрманғазы, Динаның күйлерінде
Тарихым айтылған ғой күй кенінде.
Бабалар айтып кеткен ақыл-нақыл
Бұлақтай тұнып тұр ғой бұл жерімде.
Қазбадай сақталыпты, саф алтындай,
Дәстүрім – ата салтым, жарқыным – ай.
Ғасыр бойы тапталып жарық көрмей,
«Мұсылмандық тұтқасы» жарқ еттің – ай.
Қазағымның тарихы ұшан теңіз,
Бойға дарып, көңілге болды егіз.
Қалайша мұрагердің мұңдасы боп,
Жырламай, төгілмеймін мен де үнсіз.
Қазағымның тарихы қилы-қилы,
Ағын судай ағылып, төгіледі.
Сыр шертіп қазағымның тағылымын,
Өлеңмен өрнектейін, өрге енді.
Қазақ елі қалыптасып, хандық құрды.
Керей,  Жәнібек хандардың қол астында.
Көршілес елдерменен тату болды
Бірлесіп, жерін, елін сақтап қалды.
Гүлденген орта ғасыр кезеңінде,
Сауран, Сайрам, Сығанақ елдерінде
Мұрагерлік дәстүрін дөңгелетіп,
Елдігі мен теңдігін біріктіріп,
Салт-дәстүрін жаңғыртып, ту еткен-ді.
Жан-жағынан талаған озбырлардың,
Қоқан, Хиуа, Қытай, Жоңғарлардың.
Жорығына шыдас беріп, Қазақ елі
Жауына қарсы тұрып, ойран салдың.
Қаптаған Қарақытай қалың жұрттың,
Желігіне ілінбей, берілмедің,
Жоңғарлармен жүз жылдай соғысып,
Сонда да Қазақ елі селт етпедің.
Бірлігің мен елдігіңнен айналайын,
Толғанып мен қалайша жырламайын,
Амалсыз Ресейге де бодан болдық,
Елімнің қасиетті жері үшін.
Ұлт үшін, азаттық-теңдік үшін,
Жанқожа, Есет батырларым
Құрбандыққа бой ұрды елі үшін...
Патшалы Ресейдің қоластында,
Дәстүріміз ұмытылды, мың бұрала.
Қасиетті құранды ұстауға да,
Зиялы, көзі ашық қайраткердің
Атын атап,
Ұстауға да тыйым салды.
Ұлт-азаттық жұмысшы қозғалысы,
Елімізде шапқыншылық боп жатты.
Орыстану саясаты жүргізіліп,
«Мұсылмандық шартымыздан» айырды.
Он сегіз бен он тоғызыншы ғасырларда,
Қазақтың мәдениеті дамып жатты.
Шоқан, Абай, Ыбырай қайраткерлер
Білімімен елімді сусындатты.
Талай тарлан ақын мен күйшілердің
Өнерлерін барша жұртқа тәнті етті.
Осылайша өтіп жатты небір кезең,
Соғыстың зардаптарын көрген елім.
Ұлы Отан соғысы да жеткен кезде
Бір-біріне демеу болған Қазақ елім.
Он бес елдің Одағында болған елім.
Әр ұлттың бірлігіне пана болдың.
Қайта құру, демократия кезеңінде
«Мұрагерлік салтыңа» қайта келдің.
Қайта келді үш алып, бәйтерегім.
Үш бәйтерек-Сәкен, Ілияс, Бейімбет,
Бес арысың – Жүсіпбек пенен Ахмет,
Шәкәрім, Мағжан, Міржақып,
Салт-дәстүрін жаңғыртып,
Елімді мәңгі ту етіп,
Өткенін қайта тулатып,
Қалдырды елдің мұрасын...
Тәуелсіздік таңы атып, нұрланды,
Қазақ елі мұңаймай бағы жанды.
Соғыстың сан қилы жолдарынан
Аман-есен Мұрагері жанданды.
Ұрпақтары қуанады бабаларға,
Сара жолды мегзеген даналарға.
Елімнің елдігіне берік болған
Тәуелсіздік туын тіккен Нұр аға.
Биікке самғатты қыран құсын,
Әлемге танытты Қазақ үнін.
Елтаңбасын, елдігін берік ұстап,
Көтерді көкке  асқақ туын.
Аман болсын Отаным, аман болсын!
Мұрагерлік сара жолың мәңгі болсын!
Мен тілеймін бақыттың барша нұрын
Сақтайық, мұрагердің салған шыңын!
ответил от Kuaniysh

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов