Алғы сөз
Қазақстан Республикасының қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген.
Сол себепте қазіргі таңдағы негізгі талаптардың бірі – білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған, жаңаша, тәуелсіз, ойлай алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі жас – естің қарқынды даму жасы. Ес – бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жадында қалдырады және сақтайды. Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 5-6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады. Танымдық белсенділік баланың психологиялық - денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды. Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады.
Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойындар ұйымдастыру қажет.
Ойын арқылы балалардың негізгі іс-әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл-ойы дамиды. Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті шыңдалады.
Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді.
Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз.
Балалар мектеп табалдырығын аттайтын кезеңге қарай жиын мен сан, пішін мен шама туралы өзара байланысы бар түсініктерді меңгеруі, кеңістік пен уақытты бағдарлай алуы тиіс. (Мектеп жағдайында 5 (6) жастағы балаларды мектепке дейін даярлау бағдарламасы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясындағы республикалық баспа кабинеті, Астана-Алматы, 2005.)
Тәжірибе көрсеткендей, бірінші сынып балалары, әдетте, абстрактілік түсініктерді меңгеру, нақты заттармен, олардың бейнелерімен келтірілетін амалдардан сандар және басқа абстрактілі түсініктермен берілетін амалдарға өту кезінде қиындықтарға кезігеді.Бұл кезде баланың саналы түрде ойлау қабілеті дамыған болуы тиісті. Сондықтан мектепалды дайындық сыныбында балалар «тең», «артық», «кем», «бүтін және жарты» арасындағы байланыстылық, шама арасындағы байланыстылық, шама өлшемі және т.б кейбір математикалық байланыстардан, қатынастар хабардар болуы тиісті. Балалар мәселен жиын элементтері арасында сәйкестік қалыптастыру арқылы (жиын элементтерін практикалық салыстыру шама қатынасын анықтау үшін беттестіру, біріктіру тәсілдерін пайдалану) түрлі математикалық байланыстыру, қатынастар қалыптастыру амалдарын меңгереді. Олар сандық қатынас орнатудың ең тура амалы заттарды санау мен шамаларды өлшеу болып табылатынын түсіне бастайды. Санау мен өлшеу дағдылары беки түседі.
Математикалық байланыстар мен байланыстылық туралы түсінік қалыптастыру, тиісті амалдарды меңгеру даярлық тобындағы балалардың көрнекті-бейнелі ойлауын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді және олардың жалпы ойлау қызметін дамыту үшін алғышарттар құрады. Балалар көзбен көріп, іштей есептеуге үйренеді, олардың көз мөлшер, пішінді шамалау жылдамдығы арта түседі.
Бұл жас мөлшерінде ойлау қабілетін ойлау қабілетін, ойлау дербестігін дамыту, талдау, салыстыру, қорыту секілді ойлау әрекеттерін дамытудың да маңызы зор.
Балалардың бойына математикалық білімге деген тұрақты қызығушылықты, оны пайдалана білу және білімді өздігінен меңгеруге деген талпынушылықты сіңіру керек.
Мектепке дейінгі даярлық тобына арналған логика негіздері бағдарламасында балалардың алдыңғы топтарда және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәні бойынша алған білімдерін жалпылау, жүйелеу, кеңейту және тереңдету қаралған.
Бұл бағдарлама бойынша логика оқу іс-әрекеті жыл бойына вариативті компонентке берілген 4 сағаттың 1 сағатына 32 сағаттық (жылдық апта саны) мөлшерге есептеліп жүргізіледі.
Жоспар құруда Мектеп жағдайында 5 (6) жастағы балаларды мектепке дейін даярлау бағдарламасы, Г. И. Долженконың "Қызғылықты математика" кітабы басшылыққа алынды.