Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Мақсаттары:

Білімділік: оқушылардың жалпы әскери қорғаныш толымы жайлы нұсқау бере отырып, пайдалану туралы әдіс тәсілдерін үйрету;

Дамутышылық оқушыларға әскери қызметшінің тері қабатын, тыныс алу жолдарын қорғау жайлы мағлұмат бере отырып ой өрісін дамыту.

Тәрбиелік: әскери борышын өтеуге негіз қалау, патриоттық сезім қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Өткізілетін жері: әскери дәрісхана

Сабақтың әдісі: көрсетіп, айтып,баяндау.

Көрнекіліктер: АҚ стендісі, АӘД оқулығы, АӘД журналы, жалпы әскери қорғаныш толымы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі:

-  отыздық командирі сапқа тұрғызады;

-  рапорт қабылдау, сәлемдесу;

-  түгендеу, сырт келбетін тексеру;

-  орындағы бұрылыстар (3-4 рет)

-  әскери дәрісханаға кіргізу.

     2.  Үй жұмысын тексеру 5-6минут.

1. Қорғаудың медициналық құралдары?

2. Жеке қорғану құралдарын пайдалану?

3. Тұмылдырықтар, шаңға қарсы шүберек маскалар, мақта дәке таңғыштар?

      3. Негізгі бөлім. 20-25 минут

Жаңа сабақтын тақырыбын, мақсатын хабарлау

Оқу сұрақтары:

  1. «Жорықтар», «Дайын», «Ұрыстық» жағдайларымен таныстыру?
  2. Қорғаныш плащ жеңімен киілген кезді және шешу ретімен танытыру?
  3. Жалпы әскери қорғаныш толымен комбинезон түрінде кию және шешу ретімен таныстыру?
  1. Оқу сұрағы: «Жорықтық» жағдайда жеке құрам жаяу ретте немесе жеңілдендірілген жабдықпен  (киім кешек қапсыз және шенелсіз) ашық машиналарда қимылдау кезінде қорғаныш плащты жабдық үстіне қапшыққа салып арқада тасымалдайды. Толық жорықтық жабдық кезінде қорғаныш плащ зат қабында сақталынады. Арнайы қапшыққа салынған қорғаныш шұлығы мен қорғаныш қолғабы белдікте оң жақ бүйірде болады. Танк және басқа жабық машиналарда қимылдау және әрекет жасау кезінде қорғаныш плащы скаткада (қапшықта) қорғаныш шұлығы мен қолғап бірге бүктеліп, арнайы қапшыққа салынып, әрбір әскери қызметшімен өзінің жанына, орындық астына немесе командир көрсеткен басқа жерге қойылады.

«Дайын» жағдайда қапшықтар жоқ кезінде плащты жазылған түрде арқада тасуға болады.

«Ұрыстық» жағдайда жалпы әскери қоғаныш толымы плащын жеңге киілген жамылғы ретінде немесе комбинезон ретінде пайдалануға болады.    

2 - Оқу сұрағы: Комбинезон ретінде қорғаныш плащ зақымданбаған жерлерде тиімді. Киютәсілдері:

- қаруды жерге қою немесе бір затқа сүйеу;

- газтұмылдырықпен сөмкені, жабдықпен баскиімді шешіп жерге қою;

- кителді шалбарға жинау;

- қорғаныш шұлығын кию;

- қапшықты ашуға арналған жіпті тарту;

- плащты жеңге кигізу;

- қапшықты жартылай сақинадан жіптің ұштарын босатып, плащ артыныңетегімен олардыжартылай сақинаға еңгізіп бекіту;

- айылбасқа ұстағышты ортадағы айылбасқа плащтың алдымен оң, содан кейінсол етегімен қадап бекіткішпен бекіту;

- айылбасқа плащ етектерін сол жақ етегі сол жақ аяқты, ал оң жақ етегі оң жақ аяқты жабатындай етіп қадау, орталық айылбастан төмен орналасқан екі айылбасқа ұстағыштарын бекіткіштермен бекіту;

- плащтың бүйірлі белдікшелерін алдын ала тізе астымен аяқтарын айналдырып айылбасқа қадау;

-  екі үстіңгі ұстағыштарды қалдырып, плащ өңірін қадау;

- плащ үстінен жабдықпен газтұмылдырық кигізу;

- газтұмылдырықты «Ұрыстық» жағдайға келтіру;

- шлемніңішінен киетін бас киімді (қыста ауа райының төмен температурасы кезінде) және бас киімді (касканы), ал содан кейін күләпараны кию;

- плащтың қалған ұстағыштары мен күләпара белдікшелерін қадау;

- қолғап кию, қаруды алу керек;

Газтұмылдырықты кию уақыты 10 секундтан аспау керек, ал тұмылдырықты 14 секунд,ашық жерде  жеңге қорғаныш плащты және газтұмылдырықты 4 минуи, бүркемелер немесе машиналарда 6 минут, ал комбинезонды 6-12  минутта киіп үлгеру керек.

2-Оқу сұрағы: Жалпы әскери қорғаныш толымды  шешу тәсілдері комбинезон ретінде пайдалану кезі:

  - жабдықты шешу;

- бекіткіштерді шешіп, плащ етегі мен қорғаныш  шұлығы белдікшелерін ағыту;

-бүйірлі белдікшелерін шешу;

- плащтың өңірін шешу;

- күләпараны шешу және оны арқағаасыру;

-жеңнің белдікшелерін шешу;

- қолды жеңнен шығарып алып, бір уақытта қолғапты шешу;

- плащ жіптерін шешу;

- плащты артқа қарай сыртқы жағымен төмен түсіру;

- қорғаныш шұлық тоқыма бауларын бел белдігімен шешіп, қорғаныш шұлығымен шешу;

- желдетілген жаққа барып, газтұмылдырықты шешу;

Анықтама: жамылғы ретінде қорғаныш плащты қарсылас кенеттен улағыш заттар мен биологиялық құралдарды қолдану кезінде пайдаланады.

Қорғаныш құралдарды шешу радияциялық және химиялық барлау аспаптарының  көрсеткіштері бойынша әскери қызметшілердің зақымдану қаупі белгіленбеген кезде бөлімше командирінің бұйрығымен орындалады. Жеке қорғану құралдарын ұзақ уақыт киіп жүру адам организмін шаршатады, сондықтан киіп жүру уақыты шектелген және әскери қызметшілердің жақсы машақтанған, оның спортпен шұғылдануымен және ауа райы жағдайымен айқындалады.

Әскери қызметшілердің теріні қорғаудың герметикалық құралдарына болуының рұқсат етілген шектеулі уақыты күн сәулесінің астында және әлсіз желді күні мынадай болуы тиіс:

30 температурада және одан жоғары 15-20минут;

25 градустан 29 градусқа дейін – 30 минут

20 градустан 24 градусқа дейін – 40–45 минут

15 градустан 19 градусқа дейін – 1,5–2сағат

15 градустан төменгі температурада – 3 сағаттан артық емес;

IV. Сабақты қорытындылау 6-7минут

V.Бағалау. 3 минут

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды атап өту.

VI. Үйге тапсырма беру 1-2минут. VII-тарау.

     

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов