Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Ulia в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2. Топографиялық карта деген не?

2.1. Карта масштабы.

2.2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде топографиялық карталардың қандай масштабтары пайданалады?

2.3. 1:25000 – 1000 000 масштабтағы топографиялық карталар не мақсатта қоланылады?

2.4.  Топографиялық картаның масштабына байланысты жергілікті жерді толықтай бейнелеуде карталарда қандай ерекшеліктер болады?

III. Қорытынды

 Кіріспе

  Карта – бұл жер бетінің белгілі бір шарттар бойынша жазықтықта кішірейтіліп бейнеленуі. Халық шаруашылығы мен әскери істің қажеті үшін түрлі карталардың түр - түрі дайындалады. Карталарды масштабы, әлеуметтік мазмұны, қолданылуы бойынша жіктеп, топтастырады. Топографиялық картаның географиялық картадан негізгі айырмашылығы оның масштабында. Әскери істе карталар кеңінен қолданылады. Олар жергілікті жер туралы мәліметтің қайнар көгі, әскерлердің ұрысқимылдарын қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады. Ол мотоатқыштар, артиллерия әскерлері, ракета әскерлері, танк әскерлері, ұшқыштар және басқа мамандарға аса қажет. Картамен бейтаныс жерлерде бағдарлау жасалынады, ұрыс қимылдарын жүргізуге шешім қабылданады. Топографиялық карталар жергілікті жер бейнелеуін дәл және толықтай бере алады. Олар жергілікті заттардың өзара орналасуын, олардың пішінін, өлшемін, биіктік жағдайын және сапалық сипаттамаларын көрнекті түрде бере алады. Топографиялық картада жергілікті жер шартты белгілерімен белгіленеді. Топографиялық картаның шартты белгілері – бұл графикалық, әріптік және сандық белгілеудің жүйесі. Олардың көмегімен картада жергілікті жер нысандарының орналасқан орны көрсетіледі және олардың сапалық және сандық сипаттамалары беріледі.

   Бір затты бейнелейтін шартты белгілер түрі масштабтағы карталарды өз сызбасы бойынша бірдей болады және тек мөлшерімен ғана өзгешелінеді.

   Карта жасау кезінде жергілікті жер элементтерінің бәрін көрсету мүмкін болмағандықтан, кейбір екінші кезектегі, аса маңызды емес жергілікті жер элементтері мүлде көрсетілмейді, ал басқалары жалпылай белгіленеді.

  Шартты белгілер – аталған карта әліппесі. Бұл әліппені білмей, картаны оқуға үйрену, демек ол бойынша жергілікті жерді зерделеу мүмкін емес.

   Картаны оқи білу – барлық шартты көрсеткіштердің картадағы мәні мен мазмұнын жақсы түсіну. Көрнекті түрде айқындау, оқуды жеңілдету және картаның мазмұны байыту үшін жергілікті заттар мен бедерлер картада қандай да бір дәрежеде олардың табиғи түске салатындай етіп түрлі бояулармен болады. Мысалы: жасыл -  орман, бұталар, бақшалар, саябақтар; көк  - теңіз, өзен, көлдер және гидрографияның басқа нысандары; қара – жекеленген жергілікті заттардың шартты белгілері, сандық сипаттамалар мен жазулар; сары – жақсартылған топырақты жолдар төсемі, осылар сияқты шартты белгілермен картаны оңай оқуға болады.

    Картада кейбір грунттар (тасты, аңғарлы, құмды)сортаңдар, батпақтар сондай – ақ мемлекеттік, көрші мемлекеттердің және автономды республикалардың, өлкелердің  мен облыстардың шекарасы бейнеленеді. Картада жергілікті жер кішірейтілген түрде көрсетіледі. Картадағы ұзындық сызығының жергілікті жердегі сәйкес сызықтың ұзындығына қатынасы – карта масштабы деп аталады. Топографиялық картаның көмегімен орындалатын тапсырмалардың әр түрлі болуына орай, масштабтары әр түрлі карталар қажет болады. Масштабы он мыңдықтан миллионға дейінгі. Қабылданған масштабтың қатар ел қорғанысы мен халық шаруашылығын, бір масштабтан келесі масштабқа жеңіл ауысуды қамтамасыз етеді. Масштабты шартты белгілер аталған карта масштабында көлемі мен пішіні салынуы мүмкін жергілікті заттарды бейнелеу үшін қызмет етеді. Масшабты шартты белгілер контурлы және сызықтық  болып екіге бөлінеді. Картада шартты белгілермен бірге толық, қысқартылған жазулар, сондай – ақ графикалық бейнелеуге болмайтын нысандардың сандық сипаттамалары, елді мекендер, өзендер, көлдер, таулар, сайлар, және т.б. нысандар жеке атауларының жазулары да беріледі.

  Жергілікті жердің картографиялық бейнелеу мөлшері мен картаның толықтығы, өлшеулер дәлдігі карта масшабына байланысты. Картада бейнеленген аумақтың кішірейту дәрежесі неғұрлым көп болса, карта масштабын соғұрлым ұсақ деп атайды.

  Картаның әрі қарай дами беруі үшін картографиялық мұраларды зерттеу қажет. Картография тарихын зерттеуде көптеген карта түрлерін білініп, тиімді пайдалана білу қажет.

ответил от Ulia

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
спросил от Юлия в категории Другое
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ