Өткен материалды қайталау арқылы жаңа тақырыпқа кіріспе: Сабаққа әзірлеу эмоциясы: | - Жазушы Көкше табиғатын қалай суреттеген? -Еліміздегі табиғаты көркем қандай жерлерді білесің?
Ұқыпты – ұтар, Іздеген – табар, Оқыған – озар, Еріншек - тозар | -Көкшенің көк гауһардай кеудесі аспанмен астасып,көркін күн нұрымен бояп тұр. -Бурабай,Медеу,Алакөл...... | Өткен материалды еске түсіру арқылы жаңа материалды меңгеруге деген ынта-ықыластары артады. |
Жаңа тақырыпты түсіндіру: | «Табиғат – туған үйіміз» деген үлкен тараудың шығармаларының бірі И. Байзақовтың Алтай өлеңін өтетінімізді хабарлай отырып, ақынның қысқаша өмір баянымен таныстыру. Байзақов Иса - (1900 - 1946 ж) Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылында туған. Қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор. Семейдегі жұмысшылар факультетін, Орынбордағы қазақ халық ағарту институтын, Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері.
- Тау деген сөзді естігенде алдымен ойларыңа не келеді? - Тау суретін көрсету - Алтай тауы туралы қысқаша мәлімет беру: Алтай тау жүйесі - Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км - ге созылып жатыр. Алтай солтүстік - батыстан оңтүстік - шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гобь шөліне дейін жан - жаққа таралған. Алтай таулары 4 мемлекеттің шекараласқан территорияларында орналасқан: Қазақстан (Кенді Алтай — Шығыс Қазақстан обылысы), Монғолия (Моңғол Алтайы — Баян - Өлгей аймағы, Ховд аймағы, Алтай аймағы, Увс аймағы ) Ресей (Алтай өлкесі, Алтай Республикасы), Қытай (Шыңжаң - Ұйғыр автономиялы өлкесінің Алтай аймағы). Оқулықпен жұмыс: - мұғалімнің оқуы; - оқушыларға тізбектей оқыту; - өлеңді талдау Алтай Ал десең,аясына алады Алтай, Көргенде көңілге күй салады Алтай. Сұлудай торғын киген бұлт жамылып, Арқаға әлденеше қарады Алтай. Алтайдың ең үстінде Ақтау биік, Бойына бұлт жете алмай тартқан күйік. Аңдары бұғы,марал ойын салып, Секірген қиясында өршіл киік. Алтайдың алқабында аю,қабылан, Оңтүстік даласында орғып құлан. Елігі ешкісімен есебі жоқ Жайылып сайын шөлде сайрандаған. Секілді ақбас атан ала басы, Бұлт жайлап,бұлттан өзге қона алмаған. Ақша қар ақ күмістей ай шағылып, Жібектей бұлттан басқа оранбаған. Көргенде көз,көңілдің Алтай-емі, Алтайдың кен аңқиды алған демі. Жерінен алтын,күміс жентектеліп, Алтайдың кен құсады талай жері.
| Иса Байзаков туралы мәлімет алады. Мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды.Түсінбеген сөздері,яғни сұрақтары болса қояды. -Биік шыңдар,тобесінде қар жатқан шыңдар елестейді. Алтай Ал десең,аясына алады Алтай, Көргенде көңілге күй салады Алтай. Сұлудай торғын киген бұлт жамылып, Арқаға әлденеше қарады Алтай. Алтайдың ең үстінде Ақтау биік, Бойына бұлт жете алмай тартқан күйік. Аңдары бұғы,марал ойын салып, Секірген қиясында өршіл киік. Алтайдың алқабында аю,қабылан, Оңтүстік даласында орғып құлан. Елігі ешкісімен есебі жоқ Жайылып сайын шөлде сайрандаған. Секілді ақбас атан ала басы, Бұлт жайлап,бұлттан өзге қона алмаған. Ақша қар ақ күмістей ай шағылып, Жібектей бұлттан басқа оранбаған. Көргенде көз,көңілдің Алтай-емі, Алтайдың кен аңқиды алған демі. Жерінен алтын,күміс жентектеліп, Алтайдың кен құсады талай жері. | Жаңа материалға зейін қойуы.Жұмыстану арқылы білім деңгейлерінің толығуы. Оқушылардың мәнерлеп оқу алулары қадағаланады. |