Түсінік хат
Жаратылыстану –математика бағытындағы 10 сыныпқа арналған бұл
бағдарлама Қазақстан Республикасының бекіткен «Білім туралы»
заңының жаңа редакциясының ,Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім
стандартының талаптарын ескере отырып жасалды.Бұл бағдарлама 34 сағатқа
негізделіп құрылған,5 тараудан тұрады.
Бағдарлама оқушыларға өлкеміздің табиғат жағдайын,шаруашылығын,
экономикасын,экологиялық мәселелерін, мәдениет ошақтарын, тарихи
орындарын терең білу керек.Оқушының ақыл-ойын,пәнге деген
қызығушылығын арттыруға,шығармашылығын дамытуға баулу,таңдаған
мамандығына дайындау.Сарамандық жұмыстар өз бетімен ізденуге
дағдыландырады.
Курс арқылы оқушылардың айнала ортаны қорғауға, экологиялық білімін
жетілдіруге,болашаққа қандай жұмыстар жүргізу керектігін міндеттеу керек.
Оқушылар өз елі,өлкесі,туған жері туралы географиялық білімдерін
толықтырып,экономикалық және экологиялық сауаттылықтарын жоғары
деңгейге жеткізуге мүмкіндік алады.
Курстың мақсаты:
Тақырыптың мазмұнын ашу
Ақпарат жүйелері мен көздерін пайдалана білуі
Жоба жасақтауы,оны қорғауы
Зерттеу бағытында қосымша ақпараттарды пайдалана білуі
Ғылыми ізденіс кезінде тақырыпқа сай жұмыс жасауы
Курстың міндеті:
Анықтама,деректер,фактілер,ақпараттар жинауы,мәнжазба жазуы
Ақпараттары мен деректерді салыстыра білуі,пікірін білдіруі
Тақырып бойынша өз ойларын дәлелдей алуы,дискуссияға қатысуы
Портфолио жасақтап,шығармашылық жұмыстарын жинақтауы