Қыз-жұмбақ мәңгі қашан да!
Қыз-мәңгі жұмбақ, қашан да,
Мөлдірер көзден сырын ұқ.
Көрініп тұрып тасамда,
Ашылмай кеткен құрылық.
Қыз сырын ұға алмадық,
Гүлденді-ау әлем солардан.
Өмірді сүйдік, қанбадық,
Жандырды жанды мол арман.
Құпия сырын ашпайтын,
Қыз болмыс мүлдем бөлек-ті.
Бақытқа ғана бастайтын,
Аялау оны керек-ті.
Көктемдей жайнар жолы екен,
Жаз көңілі оның ғажабы.
Жемісі күзде мол екен,
Қыс-тағдыр оның азабы.
Қыз сырын шеше алдық па?
Сұлу боп сәнге талпынған.
Тағдырға оны таңдық та,
Ажырата алмай алтыннан.
Қыз-жұмбақ мәңгі құлыпта,
Айтылмай кетер ішкі арман.
Бұлақтай мөлдір тұныққа,
Жарасар таза ұсталған.
01.10.2009жыл.