Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Имитациялық модель
спросил от Saiynbek_pro в категории Другое

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Имитациялық модель — ол жүйенің сипатталуы мен сыртқы әсерлердің, жүйенің жұмыс жасау алгоритмдері немесе сыртқы және ішкі бөгет әсерлердің ықпалынан жүйе қалып-күйінің өзгеру ережелер жиынтығы. Бұл алгоритмдер мен ережелер аналитикалық және сандық шешудің математикалық әдістерін пайдалануға мүмкіндік бермейді, бырақ жүйенің жұмыс жасау үрдісін имитациялауға және қажетті сипаттамаларды өлшеуге мүмкіндік береді.
Олардың құрылымдық-функциональды ұйымдастырылуында көрінетін жүйелер мен объекттердің көп түрлілігі түрлі модельдер жиындарын пайдалануды анықтайды. Оларды келесілерге тәуелді классификациялауға болады:
1) зерттелетін жүйенің жұмыс жасау сипаттамасына:
    детерминді, жұмыс жасауы детерминді шамалармен сипатталады;
    стохастикалық немесе ықтималдық, жұмыс жасауы кездейсоқ шамалармен сипатталады.
2) зерттелетін жүйеде өтетін үрдістердің сипаттамасына:
    үздіксіз, үрдістер уақыт бойынша үздіксіз ағады;
    дискреттік, үрдістер уақыттың дискреттік моменттерінде өз күйлерін өзгертеді.
3) зерттелетін жүйе туралы бастапқы деректердің шынайлық дәрежесіне:
    априорлы белгілі параметрлері бар;
    параметрлері белгісіз.
4) жүйенің жұмыс жасау режиміне:
    стационарлы, сипаттамалары уақыт барысында өзгермейді;
    стационарлы емес, сипаттамалары уақыт барысында өзгереді.
5) тағайындалуына:
    жүйенің құрамы мен құрылымын бейнелейтін статикалық немесе құрылымдық;
    жүйенің уақыт барысында жұмыс жасауын бейнелейтін динамикалық немесе функциональдық;
    зерттелетін жүйенің құрылымдық және жұмыс жасау ерекшеліктерін бейнелейтін құрылымдық-функциональды.
6) бейнелеу (сипаттау) және жүзеге асыру тәсіліне:
    концептуальдық немесе мазмұндық, зерттелетін жүйенің құрылымды-функциональдық ұйымдастырылуының ең маңызды ерекшеліктерін сипаттау (ең қарапайым жағдайда сөзбен сипаттау);
    физикалық немесе материальдық – оригиналға эквивалентты немесе ұқсама модельдер (макеттер) немесе олардың жұмыс жасау үрдісі оригиналдағыдай және физикалық табиғаты сондай немесе басқа;
    математикалық немесе абстрактілі, абстрактілі тіл көмегімен, жеке жағдайда, жүйенің жұмыс жасау үрдісін бейнелейтін математикалық қатынастар көмегімен жүйенің формаланған сипатталуы;
    программалық (алгоритмдік, компьютерлік), ЕТ құралдарын пайдалануға негізделген және әдетте программалық кешен болып табылатын және имитациялау немесе зерттелетін объектті сипаттайтын математикалық тәуелділіктерді графикалық бейнелеу арқылы зерттелетін объектті көрнекі және эффекттілі бейнелеуге мүмкіндік береді.
Бұдан ары негізгі назар күрделі техникалық жүйелерді зерттеуде кең пайдаланылатын математикалық модельдеуге аударылады.
Бірдей бір объекттерді күрделілігі бойынша әртүрлі математикалық модельдермен сипаттауға болады. Бұл кезде таңдаудың негізгі критериі оның зерттелетін объектке адекваттылығы болып табылады.
ответил от Saiynbek_pro

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ