Атырау облысы, Атырау қаласы
Ж.Қаражігітов
атындағы №16 мектеп – лицейдің
қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі
Стамғазиева
Ақтоты Умбетовна
Сынып : 8
Пәні : қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы : Т.Әбдіков "Қонақтар"
Мақсаты:
Білімділік
: Шығарманың мазмұның меңгерту,тақырыбы
мен идеясын айқындау.
Дамытушылық :
Оқушылардың тіл мәдениетіне,ойын толық,дәлелді жеткізе білуіне
жетелеу,көркем шығарманы талдай білу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік :
Ата-ананы сыйлауға,перзенттік борышты түсінуге,бауырмалдылыққа тәрбиелеу.
Түрі:жаңа білімді
меңгерту
Пәнаралық байланыс: қазақ
тілі, өзін-өзі тану, география.
Әдістері:болжау, талдау,
жинақтау. (СТО жобасы)
Көрнекіліктері: слаидтар,
кеспе қағаздар, ақын шығармалары.
Сабақтың барысы :
Үй тапсырмасын тексеру,қорытындылау.
І. Қызығушылықты
ояту.
«Тірек
символдар» стратегиясы.
ІІ. Мағынаны тану.
— Балалар ,бүгін біз
сіздермен Т.Әбдіковтың
"Қонақтар" шығармасымен танысамыз.
Төлен Әбдіков 1942 жылы Торғай (
қазіргі Қостанай) облысы Жангелдин ауданында туған.Қазақ мемлекеттік
университетін бітірген.Шығармашылық жолын 1960 жылдардың ортасында бастаған
қаламгер бүгінде көптеген шығармалардың авторы.
Т.Әбдіков көркем туындыларында
халқымыздың салт-дәстүрін ардақтап,адамгершілік,
ізгілік мәселелерін көтерген. Бүгінгі өткелі отырған
«Қонақтар» атты әңгімеде жазушы оқыған, қалада
тұратын Сапабектің қарт әке-шешесіне жат қылықтары мен салқын қарым-қатынасын суреттеу арқылы аялап өсірген
ата-ана алдындағы баланың перзенттік борышы туралы ой қозғайды.
Мазмұнын
түсіндіру.
Жаңа тақырыпты меңгерту тапсырмалары.
«Мені толғандырған эпизод...» Оқушылар шығармадан үзінді оқып, шығармадағы сол оқиға неге толғандырғанын түсіндіреді .
Топтық жұмыс.
1-топ.Әңгіме неліктен "Қонақтар" деп аталған ?
Қонақтарға сипаттама бер. Кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, жағымды , жағымсыз жақтарын
(өмірдегі жетістіктері) талдап, әңгіме кейіпкерлеріне тән қасиеттерді топтау
сызбасы арқылы түсіндіру.
2-топ.Әңгіменің тақырыбы мен идеясын айқындау, көркемсөз
айшықтарын табу.
(Теңеу, эпитет, тұрақты сөз тіркестері,ауыспалы
мағынадағы сөздер, дисфемизм, мақал-мәтелдер)
3-топ."Балықтың қаңқасы" тәсілімен бүгінгі
отбасындағы кездесетін өзекті мәселе туралы ой қозғау.
Себептері
Мәселе Қорытынды Қорытынды
Дәлелдер
Дәлелдер
III.Ой-толғау.
"Ата-ананы
сыйлау-адамзаттың парызы" .
Қорытындылау. "Ойлаудың алты
қалпағы" әдісі арқылы шығармаға
өз көзқарастарын білдіру.
"Ақ қалпақ"- проблемаға
қатысты талассыз дерек айту,
дәлелдеу.
"Сары қалпақ" -шығармадағы жағымды тұстарын айтады.
"Қара қалпақ"- шығармадағы
жағымсыз тұстарын айтады , қарсы пікірлер айтады. .
"Көк қалпақ"-талдау жасайды,
оқиғаны өзінше өрбітіп, жоғары деңгейдегі көзқарастарын білдіреді..
"Жасыл қалпақ"-тың идеялар
ағымын тудыратын болжамдарын жасайды.
"Қызыл қалпақ"-бастан
кешірген өз сезімдерін қорытындылайды.
Мұғалімнің
сөзі .
- Міне, балалар, өздерің байқағандай, ата-ана алдындағы
парыздарын өтегенде ғана, ұрпақ тәрбиесі
өз биігінен көріне алады екен.Ата-анаға құрмет көрсету, оларды сыйлау -перзенттік
борышымыз екенін ұмытпайық, оларды құрметтеп, қадірлейік!
Олай болса,
парасат биігінен көрініңдер, ұлттық сана-сезімдерің өмірлік достарың болсын!
Бағалау.
Үйге тапсырма:" Қарт адам-қазына" эссе жазу.
Оқушылар
сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, білім ағашына орналастырады.