2.Жұптық жұмыс.
Енді балалар әр қайсына
«кинода», «асханада», «дүкенде»,
«мектепте» « деген тақырыпқа жұптасын диалог құрастырындар.
Мынеки балалар сендер құрған диалог «оқушы-оқушы» арасындағы жүптық жұмыс
арқылы құрылыды.
Сергіту сәті:
Жел соғады бетіме,
Ағаштар да желпуде.
Жел тыңа қалса ,
Ағаштар биік өседі.
1.
Диалогтық мәтін.
Әр қайсысына бір-бір мәтін беріледі, сол мәтін бойынша диалог құрау керек.
1 мәтін:
Мен ауылда тұрамын.
Менің ағам Алматыда тұрады. Ол- құрылысшы.Менің Дәулет деген жолдасым бар.
Жазда Дәулеттің үйі Астанаға көшіп кетті.Дәулеттің атасы мен әжесі
Семейде.Менің атам мен әжем бар. Олар ауылда тұрады. Ол ауылдың аты – Жаңажол.
2 мәтін:
Желтоқсан жұлдызы. Қар көптеп жауып, нағыз қыс болды.Күн
әбден қысқарған.Күннің көзі көрінсе де, жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап,
жұрт үстімен жүре бастады.Қалың қардан шөптің басы көрінбейді.Қыс күні аяз
күшті болып,үскірік боран да аз емес.
3 мәтін:
Айдын хайуанаттар бағына барды.Бақты аралап,алуан түрлі
аңдарды көрді.Оған маймылдар,аюлар,түлкілер,барыстар ұнады.Ол аңдардың тор
ішіндегі қимыл-қозғалыстарын қызықтап ұзақ қарады.
4 мәтін:
Жолбарыс – жыртқыш аң. Ол негізінен Азияны
мекендейді.Оның көп аулайтын аңдары – бұғы, жабайы шошқа және киік.
Жолбарыс тордағы
тіршілікке де оңай үйренеді.Бұл жыртқышты көптеген хайуанаттар бағынан көруге
болады. Ол үй мысығына ұқсас.
5 мәтін:
Қазақстанда шөл далалар көп Бетпақдала, Мойынқұм, Қарақұм, Қызылқұм секілді шөлді, құмды
жерлерде тіршілік ету қиын.
Шөлде жел үңгіген
тас қуыстар, үңгірлер бар. Мұнда табиғи қалалар, табиғи сарайлар кездеседі.
Құмды шөлдің тағы
бір тамашасы – құмның судыры.Құмның бетінде желдің салған неше түрлі өрнегі
бар.
4.Рөлдік тапсырма. Бұл тапсырмада « Көктем сәні» деген ертегі кейіпкерлерге
бөлініп рөл ойнайды. «Көктем сәні»
гүлшоғырын толтырады.
5.Суреттен диалог құру. Әр балаға сурет
беріледі. Диалог құрады.
6. Рефлексия. Таңдаған смайликтерге өз
пікірлерін жасады: осы сабақтан не түсіндің, нені білгім келеді, не түсініксіз.
Сонымен балалар
біз бүгін қандай жұмыс атқардық?
-
Бір- бірімізбен
пікір алмастық.
-
Диалог арқылы
сөйлестік.
-
Диалог құруды
үйрендік.
Назар салып тыңдағандарыңызға көп ра
Сараптама
Тақырыбы: « Қазақ тілінде сөйлеу тілін дамытудағы диалогтық
және сұрақ қою арқылы
оқутыдың ықпалы».
Мақсаты: диалогтық және сұрақ қою арқылы оқытудың қызығушылығын арттыру. Білім
деңгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Өту түрі: ашық сабақ.
Өту күні:16.02.2016
Көрнекілігі:суреттер, смайликтер, стикер,
диалог сызба-нұсқасы.
Сабақ барысы:
1. Ұымдастыру кезеңі. (2мин)
2. Психологиялық тренинг.
3. Диалог дегеніміз не?
4. Сұрақ- жауап әдісі.
5. Рольдік ойын.
6. Жұптық жұмыс.
7. Диалогтық мәтін оқу.
8. Сурет бойынша диалог құру.
9. Рефлексия.
Ашық сабақта топ балалары барлығы қатысты. Диалог құрған кезде белсенділік
танытты. Диалог құрастыруда бес әдісі
қолданды.
Әр тапсырманың өзіндік ерекшеліктері болды.
Балалар белсене қатысып, сөйлеу
мәдениеті таза балаларды атап кеткім келеді Важнина К, Кирьянов М, Гирш Д, Стафурова Е. Осы әдістерді әрі қарай сабақты дайындық
кезінде қолдануға ұсынар едім.