Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Бекітемін:

Пәні: География

Өткізілетін күні:6.12

Сынып: 6

Сабақтың типі: кіріктірілген

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Жаңашаруа қазақ орта мектебі

География пәнінің мұғалімі, жоғары-санатты: Қабдол Гүлшарида Аманғалиқызы

Тақырыбы: Құрлықтағы таулар, олардың жіктелуі

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың «таулар», «тау жотасы», «тау аңғары», «таулы өлке», «тау торабы» ұғымдарын қалыптастыру. Таулрдың биіктік бойынша және пайда болуына қарай бөлінуін меңгерту. Таулардың пайда болуы және ескі,жас таулар жайында түсінік беру.

Міндеттері: картадан таулардың түрлерін көрсету арқылы икемділіктері мен дағдыларын дамыту.

Нәтижесі:Оқушылар таулар туралы мәлімет ала алды.

- Картамен жұмыс істей алады.

- Өздері қорытынды жасай алады.

- Шығармашылық қабілеті артады.

Сабақтың кезеңдері:

І кезең-а)ұйымдастыру; б)Ертегі желісі бойынша үй тапсырмасын тексеріптақтадағы ашық журналға белгілеу; " Миға шабуыл".

В)"Жадыңда сақта".(Жанартаулардың құрылысы).

Г) "Кім жылдам?"

ІІ кезең-а)оқушылардың топта өз бетімен жұмыс дәптерінде берілген жетелеуші тапсырмаларға оқулықпен жауап іздеуі.

Б)мұғалімнің көмегімен дискуссия жүргізу;

В)тақтамен, оқулықпен жеке жұмыс.

ІІІ кезең-дұрыс орындалған деңгейлік тапсырмаларды мұғалімнің тексеруінен кейін оқушылардың өзіне тақтадағы "ашық журналға" белгілетіп отыру, жиған алғашқы ұпайларын қорыту.

Көрнекіліктер: Дүниежүзінің физикалық картасы. Теңге суреті бар карточкалар, суреттер жинағы, атлас, кескін карта.Электронды оқулық. Интербелсенді тақта.

Кіріспе: ұйымдастыру, сыныпты топқа бөлу

Тәуеліздіктің 25 ж эмбемасы арқылы топтарға бөлінеді

"Жанартау", "Таулар".

2 мин.

І кезең

Кезең

Бер: уақыт

(40 мин.) Сабақтың өту барысы

Оқушы әрекеті

Үй тапсырмасын тексеру

2-мин

«Ертеде бір алып болыпты.Ол ұсталық өнерді кәсіп қылыпты.Төстің үсіне қойып ауыр балғамен темір соққанды,көрікпен от үрлегенді жақсы көріпті. Өзіне заңғар таудың ішінен ұста дүкенін салып алады. Қолына балғасын алып, жұмысқа кіріскенде тау солқылдап,гүрілдеген,күрсілдеген дыбыстар алысқа кетеді екен.Таудың ұшар басындағы тесіктен құлақты жара күркіреген от пен күл, қызған тастар аспанға атқылағанда,зәресі ұшқан адамдар үйлері өртеніп,егістіктері мен бау-бақшалары күлдің астында қалмас үшін олар таудан аулаққа қашады. Содан бастап адамдар от бүркетін тауларды «Жанартаулар» деп атайтын болған. »

Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың не білгені туралы сұрайды.

1. Жанартау және олардың құрылысы қандай бөліктерден тұрады?

2.Жер бетіне шыққанда ұшпа заттарынан айырылған магма қалай аталады?

3.Кратер сөзінің мағынасы?

4.Камчатка түбегіндегі жанартаулар қандай жанартаулар деп аталады?

5.Газ қысымы үлкен болған жағдайда су мен газ мезгіл-мезгіл шапшып атылады. Ол қалай аталады?

6.Гейзер сөзінінің мағынасы қандай?

7. Ұдайы атқылап жататын жанартаулар қалай аталады?

8.Жанартау атқылаған кезде қандай процестер болады?

9.Жанартау әрекеттерінін маңызы қандай?

10.Магма ошағынан жоғарыға қарай өңеші қалай аталады?

1. Ошақ,көмей,кратер,лава.

2. Лава

3.Тостаған

4.Сөнбеген

5.Гейзер

6.Лақ ете түсу

7.Сөнбеген

8. Жер астынан гүріл естіледі.Кратерден газ бен бу бұрқырап шыға бастайды

9. Пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу.

10.Көмей

Қайталау.

"Жадыңда сақта", "Кім жылдам?"

(оқушылар үйде жанартаулардың құрылысын орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді).

2-мин

а)------------------------

ә)-----------------------

б)----------------------

в)----------------------

Координаталар бойынша жанартауларды анықта:

· 1° о.е; 78° б.б.----------------------

· 4° с.е; 9° ш.б.----------------------

· 37° с.е; 13° ш.б.---------------------

(оқушылар анықтап қарап жанартаудың бөліктерін жазады.)

(оқушы жауабы талданады)

а)--- Кратер

ә)---Көмей

б)--Бүйірлік кратер

в)-Магма ошағы

1° о.е; 78° б.б.-Котопахи жанартауы

4° с.е; 9°ш.б

Камерун жанартауы

37° с.е; 13° ш.б.Этна жанартауы

ІІ.Кезең:

Теориясы:

"Білу" (Кім?, Не?,Нені?,Қашан?, Қандай?, Қалай?.Не істеді?)

6-мин

Оқушылар мұғалім мен пікірлесіп қызықты мағлұмат алады. Біздерде таулар жайлы мәлеметтер аз екен,олай болса оқулығымызды алып мәтінмен танысайык.

Топпен ақылдасып тірек-сызбалар арқылы постер қорғау

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Теориясы:

"Түсіну" (Неге?, Неліктен?, Себебі?, Не үшін?)

5-мин

"Орамал тастау".

Оқушыларға сұрақ беріп орамал тастаймын. Олар қай тауға тән екенін ретімен орналастыруы керек.

1."Аспан таулары" мағынасын білдіретін тау атауы А) Орал

2.Әлемдегі ең биік таулар Ә) Тянь-Шань

3.Азия мен Еуропаны бөліп тұрған тау В) Гималай

4.Ең ұзын тау жүйесі Г)Анд

Оқушы тәптеріне сәйкестендіреді.

Жауабы:

1-ә

2-в

3-а

4-г

ІІІ. Кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, ұпай жинау.

Практикасы:

"Қолдану" 8-мин

Оқулықпен жұмыс.

І-топқа:

Тауларды биіктігіне қарай қалай ажыратуға болатынын сызбаға қарап жазыңдар.

Тау дегеніміз не?

Аласа, орташа, биік тауларды ата?

ІІ-топқа:

Суреттегі қатпарлы, қатпарлы-жақпарлы тауларды ажыратып, қасына жаз.

Қатпарлы тау дегеніміз не?

Қатпарлы-жақпарлы тау дегеніміз не?

Оқушы тақтадағы сызбаны толтырып, таулардың әрқайсысына түсінік береді.

Берілген қатпарлы, қатпарлы-жақпарлы тауларды ажыратып түсінік береді.

Теориясы:

"Талдау"

8-мин.

"Теңге ілу".

Оқушылар сыртында теңге суреті бар карточкаларда сұрақтар мен тапсырмалар берілген, соған жауап беру керек. (Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 10 мыңдық сувенирлік банкнот 2016 жылдың 1 желтоқсанынан қолданысқа шығарылды)

Бірнеше тау атаулары беріледі, материкке қатысты тауларды атаулары тиіс "Сиқырлы сандық"

Маңғыстау таулары Атлас таулары

Мұғалжар таулары Кордильер

Сарыарқа Алпі

Анд Алтай

Тянь-Шань Айдақар

Сергіту сәті. 1-мин

Теориясы:

"Жинақтау"

5-мин.

Ой-толғаныс.«Тақырыптық түйінді сөздер» стратегиясы.

Картамен жұмыс. Құрлықтардың ең биік шыңдарын жаз. Олардың координаталарын анықта:

Оқушылар топтарымен бірлесе отырып, картадан тауып толтырады.

Практикасы:

"Бағалау"

3-мин

Оқушылар өзін-өзі бағалайды (фигураларды таңдау арқылы: бесбұрыш, төртбұрыш және үшбұрыш)

Кері байланыс.Көңіл-күй парағындағы суретті таңдап және ол суретті неліктен таңдағанына түсініктеме беру арқылы көңілдерін білдіреді.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ